Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жобалаудың негізгі объектілері

Читайте также:
  1. Lt;question> Оқиға болған жерді қарау нәтижелерін бекітетін негізгі құжатты атаңыз
  2. Lt;variant>негізгі кедендік ресімдеу
  3. Алкоголизмнің 3*сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  4. Балалар сүт өнімдерінің технологиясы негізгі технологиялық операциялар
  5. Дамуының негізгі кезеңдері
  6. зербайжан ауыл шаруашылығының негізгі саласы:Өсімдік
  7. Ірі ошақты миокард инфарктындағы (некроздың) негізгі ЭКГ белгісі қандай?
  8. Кесте 4- Ақша қаражаттарының есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы
  9. Мемлекет – қоғамның негізгі институты

 


Білім беру жүйесі және Білім беру үдерісі Құраушы компоненттері. педагогикалық іс

Педагогика

лық әрекет.

48. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны

Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады. Өткен ғасырдың басында – ақ С.Т.Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В.А.Герд практикалық жұмыстағы жобалау әдістерін, А.П.Пинкевич жаратылыс тану ғылымындағы сынақ –тәжірибелік жұмысында, Б.Е.Райков зерттеу жұмыстарында, К.П.Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. Оған осы кезде орыс тіліне аударылған Килпатрик еңбегінің ықпалы мол болды, соның негізінде оқу және әлеуметтік –педагогикалық жобалау педагогикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды.

1931 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, өйткені, «оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін игеруге мүмкіндік бермейді», деп көрсетілді. Соған орай, кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, т.б. көптеген елдер жобалау әдістері ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады.

Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени құбылыстардың қалыптасу логикасы бойынша – жай репродукциядан – зерттеуге, зерттеуден –мақсатты қайта құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық түзілім: танымға қызығушылық – таным әдістері – білім құрылымы негізінде өзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың жобалық амалы, жолдары қалыптасты.

49.Сыныптан тыс жобалар. Білім беру мазмұны логикасында қарайтын болсақ, жобалауды толыққанды орындау мүмкіндігі сыныптан тыс жұмыстарда мол болады. (Мысалы, әлеуметтік мәнді жобалар, тәжірибелік жобалар, т.б.)

Бұл жерде көңіл аударарлық нәрсе – ондай жобалардың білім беру міндеттерін орындауға қаншалықты қатысты екені. Тереңге бармай, бір қарағанда сыныптан тыс жобалар білім беруге құрылмайды, олардың алатын өнімдері өзгешелеу. Атап айтқанда, оқушылар жоба барысында коммуникативтік қатынас, топпен бірге жұмыс істеу, әлеуметтік проблемаларды шешуге араласу дағдылары қалыптасады. Мектеп газетін құрастыру, спектакль қою, мектеп ауласының дизайнын жасау, т.б. жобалау өнімдерді де жасауға болады. Осыларға қарап, сыныптан тыс, мектептен тыс жобалау оңайырақ және жобалау талаптарына көбірек сай келеді деген пікір тууы да мүмкін.

Алайда, жобалауды тек тәрбие жұмысына ғана қатысты қарастыру оқушыларды білім беру мазмұнына қатысты жобаларға қарсы қоймау тиіс. Оқушының пәндік білімін қолдануға мүмкіндік берілмесе, онда оқушының білім алуға қызығушылығы төмендейді, оның өз білімін дамыту мүмкіндігі шектеліп, адамның даму потенциалы азаяды.

50.Жобалау және рефлекция. Джон Дьюидің еңбектерінде жобалау әдісінің негізі қаланып, оның «тәжірибе» ұғымы арқылы таратылғаны белгілі. Адамның Дьюи түсіндірген «тәжірибесі» біздің барлық іс - әрекеттерінен пайда болады деуге болмайды, сонымен қатар, адамның бір нәрсемен танысу, тоқталу, талдау барысында қалыптасады. Бұл жердегі маңыздысы – тоқталу, назарын бөлу, жағдайды талдау әрекеттері.

Жобалау әрекеті оқушылардың практикалық жұмыстары сияқты өзіндік тәжірибе алуына негіз болады. Жоба өзінен өзі тәжірибеге айналмайды. Жобалау тәжірибе алуға кепілдік бермейді, өйткені ол рефлексия бола ма жоқ па, жобаға қатысушылар жобалық іс - әрекеттердің мән – маңызын жете түсініп те қамтамасыз ететіні белгісіз. Тәжірибе ретінде қалыптаспаған жоба өмірде болған оқиғаға ғана айналады.

«Тәжірибе алу» үшін – рефлексия деп аталатын тоқталу, қайта қарау, оқиғаны, құбылысты түсіну әрекеттерінің жүйесі қажет. Рефлексия – тек ойлану әрекетіне қарағанда күрделірек.

Сондықтан, жобалау әрекеттеріне қосымша ретінде арнайы ұйымдастырылатын рефлексиялық сессия – жоба алдындағы, жоба барысындағы толқулар, т.б. жұмыстарды қажет етеді.

«Рефлексия» ұғымы педагогикалық әрекеттерде соңғы жылдары қолданыла бастады. Бірақ олардың көбінде «ойлану, еске түсіру» ұғымдары ретінде түсіндіріледі. Рефлексия - әрекеттердің, оқиғаның болған ретін еске түсіру ғана емес, олай болу себебі мен мағынасын анықтау әрекеті.

 

Мақсат қою   Жоба кезеңдері   Нәтиже, өнім

 

13- сурет

Жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктері

 

Рефлексияның мәні - жобаны қорыту емес. Ол, біріншіден, жобалау барысын түгел талдайды; екіншіден, жобаның тәжірибеге айналуына ықпал етеді, жобаны бағалауға негіз болады.

Рефлексия бақылау арқылы жасалады. Жобаның бақылау барысында негізге алынатын дайын үлгісі болмайтындықтан, рефлексияның іске кірісетін жері – проблеманың пайда болуы. Бұл педагогтың жұмысы, өйткені, оқушылар проблеманы байқамайды, не қиынсынып басқа оңай іске ауысып кетуі мүмкін. Педагог осы жағдайларды қадағалай отырып, рефлексия пайда болатын жерлерді белгілейді.

52.Оқыту үрдісіндегі жобалау әрекетін ұйымдастыру біздің педагогикалық қауым үшін жаңа, үйренбеген жұмыс, өйткені ол оқыту үрдісінің құрылымын түгелдей жаңаша құруға бағытталған. Жобалау әрекеті білім беру кеңістігі - әрекет субьектілерінің қарым – қатынасы, әрекеттері, әрекетке қатысушылар құралы мен әрекет ұйымдастырылатын бөлмені де құрайды.

Дәстүрлі білім беру жағдайында кеңістік мұғалімнің оқушыға тікелей білім беру мақсатына қызмет етеді, соған ыңғайластырады. Онда білім беруші, білім алушы ролдері өте нақты болғандықтан оның техникасы мен әдістемесі бір жақты болады.

Класс кеңістігінің ұйымдастырылу принципі педагогты басты тұлға ретінде ала отырып, оның көмекші құралдары тақта, демонстрациялық стол, соған қарама – қарсы отыратын оқушылар да мұғалімге ыңғайлы болуы үшін құрылады.

Оқушылардың қатар – қатар отыруы сабақ барысында бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік бермейді, бұл кеңістік оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынаста ғана қолайлы. Бұндай құрылымдық кеңістік дәстүрлі оқытудың міндеттеріне сай құрылған және онда оқушы сабақты түсіндіруші, балалар жазып алушы, орындаушы.

53. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.

Оқытудың құрылымдық кеңістігінің тағы бір бөлігі – уақыт. Білім беруде уақыт өте нақты белгіленгені белгілі, мысалы, сабақтың класта, немесе үйде орындалу уақыты бар, мектепте және мектептен тыс орындалатын шаралар да уақыты, сабаққа даярлану уақыты, сондай – ақ жеке өзіне арналған уақыттары белгіленген. Тиімді ұйымдастырылған жобалау қызметінде қатысушылардың уақытты тиімді пайдалану жоспарланады. Өйткені, жобаға қызығу деңгейі жоғары болған жағдайда оқушылар беріле кірісіп, өз уақыттарының көбін оған арнауы мүмкін. Осы жағдайда оқушыларға уақытты пайдалану, өзге де маңызды істерді уақытында орындалуы қадағаланады.

Сондықтан, педагогтар жобаны орындаудағы компоненттері – жұмысты ыңғайлы кестемен орындау, уақытын, көлемін, ұзақтығын ескеруі қажет. Одан басқа, ресурс ретінде оның әрекеттері мен жобалау әрекеттерінің бірін – бірі толықтырып отыратын ерекшелігін пайдалануға болады.

Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары негізінен жоспарлау және бақылауды орындауда қойылады. Мысалы, белгілі бір әрекеттерді орындауда жүргізілетін мониторинг кейбір жұмыстардың өз мерзімінде аяқталмайтынын, кейбір әрекеттердің бірін – бірі қайталауға әкелетіні, ал кейбірін орындауға аз уақыт қажет болатыны, яғни тәжірибеде тиімсіз деп табылған істерді өзгерту керектігі анықталады.Одан кейін тиімділікпен ұйымдастыру қарастырылып, жаңа нұсқамен жұмыс істеуге болады.

54.Оқу жобасының құрылымы мен түрлері

Жасөспірімдердің негізгі әрекеттері жобалаушылық тұрғысынан жасалады. Мектеп жағдайында жобалау әрекеттерін ұйымдастыру сол мектептің дәстүрімен, тарихымен, қалыптасқан үрдістерімен ерекшеленеді. Жобалаудың басты белгісінің өзі қалыптасқан жағдайды нақты сол кезең бойынша талдау арқылы оның күтілетін өзгерістерін анықтайды, жобаланады, жүзеге асырылады. Оқушылардың жобалау әрекеттерін жобалау теориясы айтылатын тәжірибелік мәдениеттің ең дамыған түріне толықтай жатады деп айтуға болмайды. Жобалау, жоғарыда айтылғандай қалыптасқан жағдайды қайта құруға бағытталады. Ол белгілі бір жүйені сапалық тұрғыдан өзгертуді қамтамасыз ететін әрекеттерден тұрады. Ал оқушылар жобалары қалыптасқан жағдайды өзгерту, немесе жүйенің сапасын жаңару міндеттерін көздемейді. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың жобалау әрекеттері мен оқудағы жобаларды жобалық-ойындық әрекеттер деп атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың «квазижобалар» деп атауды ұсынатындары да сондықтан. Мектеп тәжірибесінде жобалау екі түрлі жоспарланады: білім беру жобалары немесе педагогикалық жобалар, оның субъектісі педагог немесе педагогикалық ұжым болады, екіншісі мектеп оқушылары жобасы, оның субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен байланыстылығы сондай, кейде оларды ажырату да қиын.

Жалпы жобалау теориясында берілетін көрсеткіштердің дәл орындалуы оқушылар жобасының өз ерекшеліктеріне байланысты нақты болмауы мүмкін екенін ескерсек, онда мектептегі жобалардың ерекшеліктерін анықтап алу қажет.

55.Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы

Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы:

1. Жағдайды талдау,түпкі идея мақсатты анықтау

- жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа өнім алуға қажеттіліктің пайда болуы)

- проблеманы нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру)

- проблеманы шешудің болжамын жасау,проблемадан шығатын міндеттерді анықтау;

2. Жобаны орындау(жүзеге асыру);

- жобаны орындаудың кезеңдерін жоспарлау;

- міндеттерді орындау жолдарын талдау; проблеманы шешу жолын таңдау,

- зерттеу жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау (статистикалық, эксперименттік, бақылау т.б;)

- жобаны орындау;

3. Қорытынды өнімді даярлау:

- қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау (презентация,жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б)

- алынған нәтижелерді жинақтау,жүйелеу,талдау,қорыту;

- қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында қорғау,

- презентациялау;

- қорытынды түйіндеу,зерттеу жобаларының жаңа проблемаларын ұсыну.

Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша сипаттамаларыда бар,оны оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыруды ескеру қажет.

Оқушылар жобасының сипаттамалары:

- оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны;

- күтілетін нәтижелердің алдын-ала эскиз, сұлба ретінде белгіленуі, белгілі

- бір деңгейде нақтылануы және детальдары анықталады;

- орындалу мезгілі нақтылануы;

- нәтижені алуға бағытталған іс - әрекеттердің алдын – ала жоспарлануы;

- бағдарламасы жасалуы – жобаның жалпы өнімін алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы; жоспарлануы;

- жобалау әрекеттерін орындау барысында оның кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер жүргізіліп отыруы;

- жобалаудың қорытынды өнімін ала отырып, оны жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай жоспарлау;

56.Оқушылар жобасының сипаттамалары

Оқушылар жобаларының түрлері сан алуан идеялардан туындайды, пайда болады. Оған жаңа жағдайлар, жаңадан алынған ақпарат, жаңадан алынған құралдар да негіз бола алады.

Біздің тәжірибеміздегі жобалау оқушылардың «кітап шығару» идеясынан туындаған түрін қарастырып көрейін. Ойша елестетуден (идеядан) пайда болған болашақ кітаптың (өнімнің) бейнесі оқушылардың осы жұмысты бастап кетуіне түрткі болды. Бұл жағдайды бақылау барысында балалардың тек қана кітап үшін мәтіндер даярлаумен ғана емес, кітапты тұтастай елестете отырып, онда болуы тиіс суреттер, фотолар, т.б кітаптың мазмұнына қарай құрастыруға тырысқаны байқалды.

Сондай – ақ, жобалау әрекетін бастау үшін белгілі бір тарихи оқиғамен танысу да себеп бола алады. Оның мысалы ретінде, біз бақылаған оқушылардың қаладағы «жұмбақ» үйдің тарихы туралы алынған аз мағлұмат қызықтырғандығын бір сынып үшін үлкен жобаны бастауға негіз болғанын айта кетуге болады.

Оқушыларды өз әрекеттерін бақылауға үйрету, жобаның идеясын қайта құру, дамыту арқылы бастамасындағы жоба мүлдем өзгеріп те кетуі мүмкін. Оны да біздің тәжірибеміздегі балалардың, ең әуелі, өз күштеріне сеніп бастаған «компьютерлік ойындар құрастыру» идеясының өзгеріп кеткені туралы мысалмен түсіндіруге болады. Атап айтқанда, «компьютерлік ойын бағдарламасын» жасау барысында графикалық элементтер құру қажет болды. Оның бірнеше нұсқаларының сәтті жасалуы оқушылардың жаңа өнім жасау шешім қабылдап, «компьютерлік ойындар құру» идеясы «графикалық өнімдер» жасап, тәжірибеге ұсынумен ауыстырылды. Міне, осылайша жобалаудың өте күрделі түрі таңдалатын болса, оған қызығу бірте – бірте азайып, басқа жобаға ауысып кету, не жобаны аяқтамау сияқты жағдайлар да болуы мүмкін.

57. Жобалау типтері

Білім беру құралдары ретінде қолданылатын жобаларды бірнеше типке бөле аламыз. Мысалы, оқу пәндеріне сай типке бөлу, тәрбиелік, немесе әдістемелік т.б. жобалар.

Жалпы алғанда жобалар моножоба (бір пән аумағында), полижоба (пәндер аралық), пәннен тыс (сабақтан тыс) жобалар т.б. Осы бағытта қарастырсақ білім беру жобалары, тәрбие жобалары деп те бөлінеді.

Жобаның басты белгісі – оның ұзақтығы. Жобалар қысқа мерзімге (мысалы, бір аптаға дейін), орта мерзімді (бір айға дейін), ұзақ мерзімдік (1 тоқсаннан бастап – жарты жылға дейін). Одан ұзаққа созылатын жобаларды да жоққа шығаруға болмайды. Ұзақ мерзімді жобалар бірнеше кезеңге бөлініп, әр кезең өз алдына бөлек жоба бола алады.

Жобаның қатысушыларына қарап та оны типтерге бөлуге болады: топтық, жеке, ішкі топтар, кіші топтармен орындалатын жобалар.Жобалауға қатысушылар соны 12 – ден асса, олар кіші топтарға бөлуге болады. Сондай – ақ, топтар туралы өзгеріп отыратын немесе құрамы өзгермей отыратын деп те бөлінеді. Өзгермелі құрамды топтар арнайы да ұйымдастырылады, оның құрамы белгілі бір кезеңдер үшін ғана құрылуы мүмкін.

Басқару түріне байланысты жобалар педагогтың тікелей басқарумен орындалатын, немесе педагог кеңес берушілік қызмет қана атқаратын жобалар болып та бөлінеді.

Жобаларды дифференциялаудың тағы бір түрі – жобалау әрекетінің түрлері. Мысалы, жобалар зерттеушілік немесе қолданбалы да болып бөлінеді. Сондай – ақ, шығармашылық, тәжірибелік болып та бөлуге болады.

Жобалауды типтерге бөлу неліктен қажет? Әрине, тұрақты типтік түрлері болмаған соң оларды типке бөлмесе де болар еді. Жобалау әрекеті ұйымдастыруда да, орындауда да типтерге бөле аламыз. Мысалы, жоспарлау арқылы жобаның соңғы кезеңінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттері артатынын ескере отырып, оқушының жобалаудың барлық кезеңдерінен өтуін қадағалауға болады.Сондай – ақ, жобалау типтеріне сүйене отырып, педагогтың тікелей жетекшілік ететін жобаларынан – кеңес берушілік роліне өтуге, сол арқылы қатысушылардың субъектілігін арттыру амалдарын жүзеге асыруға болады.

1) Оқушылардың өз бетіндік жұмысын жеке жұппен, топпен орындалуы;

2) Жобаның мазмұндық құрылымы, аралық нәтижелері мен кезеңдері болуы;

3) Әрбір кезеңнің бірізділігіне негізделген төмендегі зерттеушілік әдістердің қолданылуы:

4) проблеманы анықтау және одан туындайтын міндеттерді белгілеу (оның барысында «ойға шабуыл», «дөңгелек үстел» әдістері қолданылады);

5) міндеттерді орындаудың болжамы жасалады;

6) зерттеу әдістері (статистикалық бақылау, диагностикалау, тәжірибе жасау, т.б.) талқыланып, белгіленеді;

7) алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау жасалады;

8) соңғы нәтижені рәсімдеу тәсілі анықталады (презентация, жоба қорғау, шығ. есеп, қойылым т.б.)

9) қорытындылау, нәтижені рәсімдеу, презентациялау;

10) қорытынды жасау, жаңа зерттеу проблемаларын анықтау.

58. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

5) өндірістік, немесе жасампаздық;

6) тұтынушылық;

7) интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

8) жоба–жаттығулар.

Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К.Роджерс, Э.Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.

Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың өзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп өмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен өнімді әрекеті түріне айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым–қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады.

59. Әлеуметтік жобалау және модельдеу

• Әлеуметтік–педагогикалық жобалау: Әлеуметтік ортаны педагогикалық тәсілдермен өзгеруі Әлеуметтік проблемаларды педагогикалық құралдармен шешуМодельдеу шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; Модельдердің бірнеше түрлерін бар: 1 танымдық эвристикалық 2 болашақ моделі 3 қажет болатын модель Модельдеу түрлі функциялар атқарады:

• эвристикалық,

• прогностикалық

• прагматикалық..

60. Жобалау мерзімі

Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде «жоба», «жобалау» ұғымдарынан тарайтын түрлі сөз тіркестері мен терминологиялық түсініктер көбеюде. Олар бір қарағанда мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, сондықтан жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет етеді. Оларды төмендегі сипаттары бойыша ажырата аламыз:

− «жобалық» – бұл сипат белгілі бір нәрсенің жоба аясында қолданылатынын түсіндіретін, жоба категориясына жататынын білдіретін ұғым, мысалы, жобалық шешім, жобалақ құжаттар, жобалық тұрғы, жобалық мәдениет, т.б.

− «жобалай алушылық» – бұл сипат адамның ой түріндегі объект бейнесінің тәжірибеде іске асырылу моделін көре алатын қабілеті. Ол белгілі бір әдістер мен процедуралар негізінде іске қосылатын тұлғалық сапасы ретінде көрінеді, мысалы, жобалай алатын ой-сана, жобалай алу әдістемесі, жобалай алуды тексеру, т.б.

− «жобалаушылық» – бұл сипат ерекше әрекет ретіндегі жобалауға жататын ұғымдарды білдіреді, мысалы «жобалаушылық кезең» деп белгілі бір үрдістегі жобалау әрекетін пайдалануға мүмкіндік бар кезеңді, «жобалаушылық біліктілік» –жобалау қызметін іске асыру мүмкіндігін білдіреді. «жобалау әдісі» – оқушыны бірте - бірте күрделене түсетін практикалқ тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі» деп түсіндіріледі. Енді «жоба» ұғымына келсек, қазақ тілінде оны «жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге тиісті нысандардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады».

61. Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін

Жобалау әдісін педагогикалық технология ретінде қарастыратын болсақ, бұл зерттеушілік, ізденістік, шығармашылық, проблемалық әдістердің жиынтығы ретінде білімнің өзін интеграциялауды ғана емес, оларды қолдануда интеграциялау және ол арқылы жаңа білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін технология. Ресей ғалымы Б.С.Полаттың айтуынша, «жоба әдісін пайдалана білу – мұғалімнің жоғары кәсібилігінің көрсеткіші, өйткені бұл әдіс – оқушыларды оқыту мен дамытудың алдыңғы қатарлы озық әдісі. Жобалау – XXI ғасырдың бірден бір технологиясы, ол, ең алдымен адамның постиндустриялық қоғамның үдемелі өзгермелі жағдайларына бейімделе білуін көздейді».Сондай – ақ, жобалау әдісін оқытуда пайдалану ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Біріншіден, белгілі бір проблеманы тек жалаң алгоритмге негіздеп, автоматты түрде жоба арқылы шешуге бағыттау оқушылардың шығармашылығын дамытуға, оқу мотивациясын арттыруға, өз бетімен білім алуға, өзін өзі дамытуға ықпал етпейді; Екіншіден, жобалау әдісі – оқушыларды дамытуға бағытталған бірден бір әдіс деген догматизм де дұрыс емес, өйткені, әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жекелеген тұрғыдан қарастыру бұл әдісті пайдалануда міндетті түрде қажет болады. Сондықтан, жобалау әдісінің нәтижелілігін, тиімділігін арттыру үшін мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан алдын – ал даярлаудың маңызы зор. Үшіншіден, жобалау әдіс пәнаралық байланысқа негізделгендіктен бір пәнді ғана тар шеңберді қарастыру дұрыс емес, сондықтан, басқа пәндерді интеграциялауды қамтитын түрде ұйымдастыру қажет.

62.Зерттеушілік жобалар белгілері

Жобалау әдісін зерттеушлікте пайдалануда төмендегі талаптар орындалуы тиіс.Зерттеушілік пен шығармашылық ізденісті қажет ететін маңызды проблеманың немесе міндеттің қойылуы. Мысалы, әлемнің түрлі елдеріндегі білім алу (сауаттылық деңгейін, оған ықпал ететін факторларды зерттеу, әр елдің балалар өмірінен репортаж жасау), топпен бірлесіп газ не мұнай мұнарасы орналасқан ауылдардың суы мен өсімдіктерін бақылау, зерттеу, талдау жасау.Алынған зерттеу нәтижелерінің практикалық, теориялық, танымдық нәтижелерінің маңызын түсіндіру (мысалы, әр елдегі балалардың сауаттылық деңгейімен салыстыра отырып, өз аймақтары туралы, өз мектептері туралы баяндама жасау, шешу жолдарын ұсыну; жасаған репортаждарынан журнал не газет шығару; мұнайлы, газды ауылдардың табиғатын қорғаудың жоспарын жасау, т.б.) Зерттеушілік жобалар белгілері:

1) Оқушылардың өз бетіндік жұмысын жеке жұппен, топпен орындалуы;

2) Жобаның мазмұндық құрылымы, аралық нәтижелері мен кезеңдері болуы;

3) Әрбір кезеңнің бірізділігіне негізделген төмендегі зерттеушілік әдістердің қолданылуы:

4) проблеманы анықтау және одан туындайтын міндеттерді белгілеу (оның барысында «ойға шабуыл», «дөңгелек үстел» әдістері қолданылады);

5) міндеттерді орындаудың болжамы жасалады;

6) зерттеу әдістері (статистикалық бақылау, диагностикалау, тәжірибе жасау, т.б.) талқыланып, белгіленеді;

7) алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау жасалады;

8) соңғы нәтижені рәсімдеу тәсілі анықталады (презентация, жоба қорғау, шығ. есеп, қойылым т.б.)

9) қорытындылау, нәтижені рәсімдеу, презентациялау;

10) қорытынды жасау, жаңа зерттеу проблемаларын анықтау.

Осылайша, жобалау әрекетінің алғашқы қадамы – проблеманы немесе тақырыпты анықтау. Жоба тақырыптары оның мақсатына сай түрліше болып келеді. Бір жағдайларда мұғалімдер нақты пәнге қатысты проблеманы алып, оны оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай анықтайды.

63.Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру

Жобалау тобының құрамында креативті адамдар (жобаны ойлап табатындар оның орындалуының ерекше түрлерін, жаңа әдістерін жасайтындар; орындаушылар, рәсімдейтін адамдар мен презентациясын жасайтындар, жобаны тұтас басқарушылар, т.б). Жобаны басқару – оның өмір сүруін, тарап кетпеуін қадағалай отырып, топ мүшелерінің жобаны тұтас байланыстырып отыратын қызмет. Басқару қажет пе, әлде өздігінен еркін жұмыс жасау қажет пе?Бақылау барысында кіші жастағы оқушылардың еркін ойнау әрекеттерін бақылау барысында олардың бірнеше топтарға бөлініп алып бірнеше ойындар ойлап тауып, оны жүзеге асыруға тырысқандығы байқалды. Олар белгілі бір уақыт ішінде бірнеше жобаны бастап, біреуін де аяғына дейін жеткізе алмады. 10 – 12 жастардағы қыздардың үй тұрмысы ойындары да сол сияқты, ойын кеңістігі бар, құралдары бар, бірақ ойын әрекеттері одан әрі дамымайды, өйткені қыздар уақытын бір – бірімен сөйлесуге жібереді; әрекеттерін, олар одан әрі не істейтіндерін әңгімелеумен болады. Ойын кеңістігі құрылып, өздері ойлап шығарған оқиғаларын жалғастыруға болар еді; бірақ бөлек – бөлек үзінді ойындар ретіндегі әрекеттер сюжеттерін тұтас жалғастыруға мүмкіндік бермейді.Жасөспірімдердің де қарым – қатынастарының мазмұны да осыған ұқсас келеді. Олар айналысатын сан түрлі сюжеттердің барлығына ортақ белгі – талқылаудың көп болуы: олар жоспарларын әңгімелейді, орындалған істеріне талдау жасайды, бір – бірінің қылықтары мен іс - әрекеттегі тәртібіне көңіл бөле талқылайды.

Осы аталған ситуациялардың идеясын анықтауда барлығына тән жалпы сипаттамалары бар екені байқалады.

Біріншіден, балалардың ұсынатын идеялары бұрын болмаған немесе болған, бірақ оны жаңаша құру, өздеріне өте қажет өнім жасау ұсыныстары болуы;

Екіншіден, идеяның ұжымдық болуы, яғни, ол бірнеше баланың қатыстыратын, біріктіретін іс болуы (бірақ жеке балаға да тән болуы мүмкін);

Үшіншіден, қатысушылардың өзара қарым – қатынасы идеяның, түпкі ойды жүзеге асыру әрекеттерінің айналасында шоғырланып, олар жаңа өнім алу, не қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін әр адамның міндеттерін анықтап, бөлісіп алады;

Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды жүзеге асыруға арналған арнайы әрекеттер жасалмаса, идеядан айырылып қалуы да мүмкін. Кейбір жағдайда бір идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған көшіп кетуі де ғажап емес.

Идеяның жүзеге асырылмауы – оқушылардың түпкі ойды ұзақ уақыт ұстап тұруға шамасы келмейтіні болуынан дей аламыз. Мысалы, идеяны іске асыру барысында кездесетін техникалық қиындықтар оқушылардың ынтасын басуы, сонымен қатар, сол істен көңілдерін қалдыруы да мүмкін.

Әсіресе мектепке дейінгі жастағы, кіші мектеп жасындағы оқушылар жобасы орындалмаса оның ешкімге қажеті жоқ іспен айналысқандық немесе уақыт жоғалтқандық деп түсінбейді. Олардың пайымдауынша, ойласқан идеяның жүзеге асырылмауы мүмкін емес, тіпті олар өз қолдарынан келмейтін іс болмайды деп санайды. Әрине, кіші мектеп жасындағылардың көптеген жобалары орындаусыз қалып та жатады, бірақ біз үшін олардың орындалуына үлкендер күш салуы қажет.

64.Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау

Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау -өте маңызды нәрсе және осы сапаны жобалау әрекетінің мәндік негізі деп санауға болады. Оның бірнеше себептері бар. Мысалы алғанда, жобаның идеясы мен оны жүзеге асыруда бірлікте қалау жобаның ерекше өзіндік белгісі: жобаны жүзеге асыру барысында екеуінің біреуін ғана өзгертуге болмайды. Олардың өзгерістері бірдей болуы тиіс. Тіпті, бастапқы идея мен оның жүзеге асырылуының өзара тығыз байланысы субьектінің жобалау әрекеті субьектісінің одан әрі дамуы басталатын нүктені құрайды. Идеяны орындау қаржы мен құралдарды топтық жұмысты, уақытты басқаруды қажет етеді. Жоба барысында алынған өнім қиялдан туған, орындалмас арман ретінде емес, белгілі бір ойлау деңгейін талап етеді.

Мысалы, егер өнім компьютерлік бағдарлама құрастыру көздесе, ол бағдарлама аяғында шынайы жұмыс ретінде белгілі бір уақытта орындалуы тиіс, немесе мерекеге арналған сценарий де, химиялық тәжірибе де, ландшафт картасы да белгіленген тәртіппен, белгілі бір уақыт ішінде даяр болып, іске асыруға тиімді болуы тиіс.

Жобалау тобында креативті адам да, орындаушылар да, басқарушылар да болуы мүмкін. Жобаның сәттілігі оның идеясы мен мазмұны сәйкес ұйымдастырылуына байланысты. Жобаның ортақ болуына байланысты ондағы орындалу әрекеттері де ортақ болуы тиіс. Жоба мен топ организм ретінде болғандықтан олардың мазмұны бірге асырылғаны жөн, бұл жағдайда адамдар өзі үшін жауапкершілік алуы тиіс.

Жоба және жобалаушылар, бірлігі және «идея – оны орындау» бірлігі жүзеге асырылғанда ғана жобалау әрекетінің тиімділігі артады. Осы бірлікті қатаң сақтау арқылы жауапкершілік қалыптасады.

Егер жобалауды өз бетімен жіберіп, оқушылар әрекеттері ересектер тарапынан қадағаланбаса, балалар қиялдау мен шынайылықтың арасын айыра алмай қалуы, тек қиялға беріліп кетуі мүмкін. Бұл төменгі класс оқушыларына тән құбылыс. Өйткені балалардың өз алдына белгілі бір мақсат қойып, орындауға күш жұмсауы, психологтардың айтуынша, негізінен 15 – 16 жастан ғана басталады.

Осылайша, «Жобаның идеясы мен орындалуының бірлігін» түсіне отырып, соған сүйеніп жұмыс істеуді оқушылар жобалау әрекетінің басталуы бөлігінде қолдарынан келмеуі мүмкін. Педагогтың міндеті – оларды орындалмайтын қиялдаудан, тек орындаушылық қана әрекеттерден сақтандырып отыру. Оны белгілі бір пән шеңберіндегі жобалау (өйткені пән мұғалімі өз пәнінің қыр – сырын жақсы біледі) немесе сабақтан тыс жұмыстарды жобалау арқылы қалыптастыруға мүмкіндік көптеу болады. Бұған керісінше, пәнаралық жобалауды ұйымдастыру қиынырақ дей аламыз, оның себебі, ондай жобаларда бірнеше педагогтардың бірлескен әрекеттерінен тұрады, соған орай жобаның нәтижелі болуы қатысушы педагогтардың өзара тіл табыса алуына да байланысты.

Жобаның екі жағын құрайтын жобалау идеясы мен жоба өнімін байланыстыратын тағы бір жері – іс - әрекет туралы шешім қабылдау барысы. Жобалау мәдениетін қалыптастырудың және қатысушылардың қабілеттерін дамытудың басты шараларының бірі – іс - әрекет жасау үшін шешім қабылдау фактілері. Адамның жобалау туралы шешім қабылдауының өзі оның өзіне жауапкершілік алуы, оның болуы мүмкін қиындықтары мен проблемаларын біле отырып, оны өз мойнына алуы адамның белсенділігін көрсетеді және ол жобалау барысында қалыптасатын жаңа сапаларына негіз болады.

Мектеп оқушыларының жобалау әрекетін алатын болсақ, білім беру үрдісінде жүзеге асырылатын жобалардың қиындық туғызбаушылығы алдын ала ойластырылып, жобалауды ұйымдастыруда оқушылар үшін барлық жағдайлар жасалады. Сондықтан оқушылар үшін «шешім қабылдау» процесі арнайы ұйымдастырылады. Оны оқушылардың өз таңдауына салып, оларға «шешім қабылдаушылық» немесе «педагогтың айтқанын орындаушылық» рольдерінің бірін таңдауларын ұсынуға да болады. Қалай болғанда да оқушылар мұғалімдердің бағалауына, қолдауына, сыныптастарының алдындағы беделіне немқұрайлы қарай алмайды.

65.Жобалау әрекетінің өнімі.

Жобаның өнімі – жалпы жобалаудың маңызды сипаттамаларының бірі. Осы жерде жобаның практикалық әрекетті ұйымдастырудың білім берудегі жобадан айырмашылығы айқын көрінеді.

Кез – келген жобалау әрекетінің мақсаты – белгілі бір деңгейде қалыптасқан жағдайды жаңарту, жаңғырту, өзгерту. Ал қалыптасқан жағдайды өзгерту, қайта құру үшін әуелі ол талданады, мән – мағынасы ажыратылады, ондағы «даму нүктелері» анықталып, кейбір жобалық іс - әрекеттер жасалады, сөйтіп, қалыптасқан жағдайға өзгерістер енгізіледі.

Осыған орай, стратегия таңдау – жобаның маңызды көлігі. Ал жоба орындалғаннан кейін, бұрынғы қалыптасқан жағдайдың қаншалықты өзгергенін тексеруге болады. Мысалы, жолдың кептелісін болдырмаудың амалы ретінде қосымша жол салуға да, көшедегі көлік қозғалысын азайтуға да, көлік иелеріне де айыппұл салуға т.б болады. Бірақ ол үшін қолданған іс - әрекеттердің тиімділігін көрсететін қосымша жолда, көлік санын азайтуда емес, жолдың кептелісінің азаюы болар еді. Яғни, жобалаудың бұл жердегі өнімі көрсетілген жолдағы жағдайдың жақсаруы.

Оқушыларды ұйымдастыру көбіне бұдан басқаша болып келеді. Онда қоғамдағы белгілі бір жағдайды өзгерту қаралмайды, өйткені, мектептегі жобалар шартты түрде, ойын түрінде, оқу түрінде ұйымдастырылады.

Осыған байланысты мектепте жобаларды зерттеушілік деп, эскизді презантациялау деп, рефераттық жұмыс деп немесе мектептен тыс қоғамдық жұмыс ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жобалау өнімі ретінде материалдық деуге келмейтін өнім – оқушының бойындағы –өзгерістерді, оның белгілі бір деңгейдегі авторға айналуы болып табылады.

Жасөспірім шақта оқушыларда тән «өзін ұқсастыру» (иденттену, иденттілікті ұғыну) қалыптаса бастайды. Бұл – бұрынырақ кезеңде, кішірек жастарда оқушыларға көптеген сұрақтарына жауап беруге, өзінің кім екенін тануға рухани әңгімелеуге құштарлық болса, өсе келе бала өзінің «кім екендігін» зерттей бастайды. Ұқсастықты қалыптастыру – адамның өзін өзі тану үрдісі.

Ұқсастыру, теңестіру екі түрлі жағдайда орын алады – уақыттың өлшемде және рольдік ситуацияларда. Біріншісі, уақыттың өлшемдегі теңестіруді уақыт кеңістігіндегі сабақтастық өткенді, қазіргі кезеңді және болашақтың байланыстылығы қамтамасыз етсе, екіншісі, рольдік ситуациядағы теңестіруді адамның өз өміріндегі түрлі жағдайда әрекет етсе де өзіндік бейнесін жоғалтпай ұстай алады.

Жобалау әрекетіне қатысты алатын болсақ, оған қатыса отырып, әрбір жасөспірім өз мүмкіндіктерін дамыта алады. Олар үйрене келе жобалауды өз қабілеттеріне сай ұйымдастырып, өзін анықтау, өмірдегі өз жолын табуға да мүмкіндік алады. Ал өздері қол жеткізген өкімді өз қабілеттерімен, өздерінің жаңа сапасымен теңестіре білу – оқушылардың шын мәнінде дамудың келесі деңгейіне өте алғанын көрсетеді. Бұл жерде жасалған жоба – оқушыларды дамыту құралына айналды.

Шығармашылық ізденістері арқылы оқушылар өзінің жаңа сапаларын аша алуын да жобалау арқылы алынған өнім, жоба өнімі болып табылады.

Осылайша жобаның шынайы нәтижесі оқушылардың пән бойынша, кластан тыс, т.б жасалған зерттеулері, модельдері, құрылымдары ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, олардың жаңа тұлға ретінде игерген жаңа құзіреттіліктері мен қабілеттері, адами құндылықтары болып табылады.

Шынына келгенде, жобалау әрекеттерін ұйымдастырудың басты мақсаты – адамның жаңа сапасын, адами ресурстарды дамыту екенін педагогтар ұмытпауы тиіс.

Өйткені, белгілі бір бағыттар жобалау әрекетінің соңғы, қорытынды кезеңінде, немесе жобалау сайыстарының қорытындыларын шығару кезеңінде басты назар аяқталып, ұсынылып отырған өнімнің өзіне аударылады, өнім бағаланады, орын беріледі. Осы кезең жобаның аяқталу кезеңіндегі басты оқиға – жобалауға қатысушының өз нәтижесімен бетпе – бет келуі, өз жобасын өзі тамашалауы.

Әдетте, педагогтар тарапынан жобалық өнімді бағаланып, оқушылардың жобалау әрекеті барысындағы өзіндік және тұлғалық жетістіктеріне көбіне көңіл бөлінбей жүр. Сондықтан жобаның аяқталуы өнімді бағалаумен ғана емес, оқушылардың қол жеткізген табыстары, өз бойында қалыптастыра, дамыта алған өзіндік сапалары мен құзіреттіліктерін бағалаудың көрсеткіштері мен өлшемдері алдын ала ұсынылып, сәйкестендірілуі үлкен роль атқарады.

Бұл жерде ескеретін нәрсе бағалау өлшемдегі екі деңгейде – жобаны бағалау өлшемдері мен оқушылар сапаларын бағалау өлшемдері екі бөлек жасалып, бір – бірінен елеулі айырмашылықтары болатыны ескеріледі.

66.Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру

«Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 - 2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру деп белгіленіп отыр. Сондай - ақ құзыреттілікке бағытталған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету» деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі» және «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамитыны» атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпараттық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады делінген.

Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Жобалау арқылы қарым – қатынас белсенділігін арттыруға болатыны сөзсіз. Бірақ жобалаудың мәнін тек қана коммуникативтік қатынастардан құралады деп есептеу оның шеңберін тарылтып, оны оқушылардың әңгімелесе білу диалогын ұйымдастыру немесе жазбаша қарым – қатынасын дамытумен шектейтін болады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың өз ойларын еркін білдіруге жағдай туғызылуы төмен деңгейде, олардың беретін жауаптары мен күтілетін жауаптарының мазмұны әдетте белгілі болып келеді. Оқушы сол өзінен күтілетін жауапқа ғана даярланады. Оның бір жағынан тиімділігі – оқушының сөйлеу әрекетін құру жүйеленеді, белгілі бір нормаға жауап береді және оны бақылауға және бағалауға болатыны – болса, екінші жағынан, кемшілігі – оқушыға өз ойларын жеткізу мүмкіндігі шектеулі, еркін ойлау мен пікір білдіруге жағдай туғызылмайды.Оқушылар білім берудің әрбір кезеңінде өз бетімен ауызша және жазбаша өз ойын білдіре білу дағдыларын меңгеруі қажет және әрбір білім беру ұйымы оны міндетіне алуы тиіс. Бұл – коммуникативтік құзіреттілік деп аталады.Жасөспірімдер үшін ақпараттық құзіреттіліктері (жалпы білімдік қабілеттері) маңызды роль атқарады және ол мектепте ғана емес қоршаған ортада орнын табу құралы болып табылады. Жобалау әрекеті оқушылардың аталған құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Құзіреттілік тұрғысынан алғанда әлеуметтік қарым – қатынас құзіреттілігін дамытудың маңызы зор. Олар оқушылардың төмендегі қабілеттерін қалыптастырады:оқу – тәжірибелік проблемаларды шешу барысында бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілікті, топпен жұмыс істеу қабілеттілігін; қорытынды өнімді құрастыру қабілеті, оның аудиториядағы адамдарға жеткізе білу қабілеті; Жобалаудың түсініктік кеңістігіндегі маңызды қабілет – проблеманы шешудің жолдарын және шешім қабылдау барысын талдай білу. Проблеманы шешу – ақпараттық - әрекеттік модель бойынша түпкілікті нәтиже деп есептеледі және ол төмендегі тәртіп бойынша орындалады:проблема қою (не істеу қажеттігін айқындау); проблеманың құрамын анықтау (ақпараттар іздеу, таңдау, нақты міндеттерді белгілеу және оны орындау кезеңдерін айқындау; проблеманы ойша қайта құру арқылы жан – жақты талдау); шешудің бірнеше жолдарын қарастыру, мақсатты орындаудың тиімді жолдарын іздеу; проблеманың шешілуі;

Енді соңғы күндері пайда болған шешім қабылдау теориясына тоқталамыз. Шешім қабылдау – бірнеше нұсқаларды қарастыру үшін көптеген ақпараттарды іздеу және сұрыптаудан тұратын күрделі процесс.

73 Жүзеге асыру кезеңі

Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету.

Бұл кезеңнің мазмұны:

3) Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;

4) Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д.Колб әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;

Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми - әдістемелік жұмыстарды төмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға қатысу, талдау сияқты дәстүрлі әдістемелік қызметтер; сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топ; оқу зертханаларында тәжірибелік жұмыстарды шыңдау;

Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық өзгерістері: сыныпішілік, сыныптаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; білім беру жобаларымен қатар, тәрбиелік, әлеуметтік мәнді жобалар жасалуы; білім алушылар мен педагогтар және ата- аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда болуына жағдайлар туғызу;

Басқару құрылымының өзгеруі, матрицалық құрылымдар пайда болуы, педагогтар ұжымының, білім алушылардың, ата – аналардың түрлі тақырыптадағы инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.

жетістіктерінің көрсеткіштері негізінде дәледеніп, оын ұйым тәжірибесіне ендіру аяқталған соң, шығармашылық топ таратылды.

Жобалауды ұйымдастыру барысында педагогикалық жүйені басқару матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық түрде ұйымдастырылуы, көптеген шығармашалық және зертханалық топтар мен филиалдардың көлденең басқарылуы қажет болды. Сөйтіп, аталған түрлі қызметтер уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілді. Оның басты ерекшелігі – басқарудағы дәстүрлі және жүйелік элементтер мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіре отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттерді ұйымдастыруы.

Жобалау технологиясын жүзеге асыру жоба жетекшілері ретіндегі басқарушылардың үйреншікті іс - әрекеттері мен қажеттіктеріне өзгерістер ендіреді. Басқарушылардың арнайы дайындықтан өтуі кез келген деңгейдегі семинарлар мен тренингтерде берілген жобалау технологиясын пайдалана отырып, проблемаларды анықтауда, шешімін табуда ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыра алуына мүмкіндік береді.

Өйткені, олар енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау, бағалау ғана емес, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар мен тренингтер жүргізіледі. Семинарларда жобалау тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба барысында пайда болған проблемаларды талдау, шешім қабылдау, жобалардың жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады.

Бұл өзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең» байланыстардың болуына негізделеді.

Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің негізгі ерекшелігі –оларды басқарушы ғана талдап, қорытынды жасамайды, талдау мен шешім қабылдау ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады. Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық іскер ойындар арқылы да жүзеге асырылады.

Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың іске асырылуы жариялылық пен белсенділік жағдайында орындалып, олар өз кезегінде ұжым мүшелерінің нәтижелі қызмет атқаруға, ортақ мүддені іске асыруға қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз.

74. Бақылау - бағалау кезеңі

Мақсаты: Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау.

Мазмұны:

1.Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудың қорытындыларын бағалау көрсеткіштері:

– Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;

– Жаңалықтарды меңгеруге даярлығы;

– Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;

– Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;

– Өзара қарым қатынастарының деңгейі.

2. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудан күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктердің себептерін анықтау

3. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытуды одан әрі жалғастыру бағдарламасын жасау.

Берілген параметрлер мен өлшемдер бойынша педагогикалық ұжымның жобалау қызметі нәтижесіндегі көрсеткіштерді салыстыру арқылы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтауға болады. Ол үшін педагогикалық ұжымда жүргізілген сауалнамалар мен құрастырылған жобалардың нәтижелері жинақталады. Сонымен қатар, олардың өлшемдері түрліше болғанымен, нәтижесін есептеудің коэфициенті зерттеу қорытындыларын жүйелеу үшін өзара сәйкестендірілді.

Нәтижелік көрсеткіштер төмендегі бағалар бойынша анықталады: Мысалы, толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес – 2 балл, сәйкес емес – 1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф: Км. Аталған нәтижелерді бағалауда төмендегі коэфициенттік көрсеткіштер пайдаланылады: өте төмен – К < 0,45; төмен– 0,45 < К < 0,65; жеткілікті– 0,65 < К < 0,85; қажетті – К > 0,85.

Осы коэфициенттердің әр ұжым бойынша мақсаттық бағдарлы жобалардан бұрынғы және одан кейінгі көрсеткіштері тәжірибелік эксперимент барысында эксперименттік және бақылау топтарында анықталып, салыстырылады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 245 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.046 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав