Читайте также:
|
|
Ғылымның дамуы туралы И.Лакатос ұсынған концепция Т.Кунның позициясына жақын. «Ғылыми – зерттеу бағдарламаның методологиясы» концепциясы. Фальсификацияның үш типі. Лакатостың ойынша ғылым мен зерттеулер бағдарламаларының сайысы, яғни өзара бəсекесі болуы тиіс. Дəл осы идеясы нəзік методологиялық фальсификационизіммен сипатталады, бұл Поппер концепциясының негізі ағымымен дамыған. Лакатос Поппердің ғылым философиясының өткір бұрыштарын жұмсартуға тырысты. Ол Поппер көқарасың үш кезеңге бөлді: 1- догматикалық (натуралистік) фальсификационизм, 2 - наивный (қияли) фальсификационизм, 3 - методологиялық фальсификационизм. Соңғы кезең 50 жылдардан басталады жəне нормативті концепцияның өсу зерттемесімен жəне білімнің дамуын жан- жақты сыншыл негізімен байланысты. Ғылымның бірінші түрі процесс сияқты, құрылымдармен белгіленген.
Догматикалық фальсификационизмге тоқталсақ, бұл концепция бойынша барлық ғылыми теорияларды жоққа шығару, бірақ сонымен бірге жоққа шығаруға болмайтын эмприялық базис бар. Бұл – қатал эмпризизм, бірақ индуктивизімсіз, эмприялық базисті жоққа шығару теорияға ауыспайды. Одан догматикалық фальсификационизмті əлсіз деп атауға болады. Догматикалық фальсификационистер үшін барлық теориялар болжау түрінде бола бермейді. Догматикалық фалсификационизм логикасы бойынша ғылымның өсуі - бұл берік қойылған фактілерге соқтығысқан теориялардың қайталануы дейді. Мысалы, Декарттың тартылу теориясы (дөнгелекпен сферамен қозғалу) жоққа шығарылды, планета эллипстікті орбитамен қозғалады деген фактімен соқтығысты. Методологиялық фальсификационизм догматиктердің қателіктерін түзейді, ғылымның эмприялық базасын жəне ұсынылған болжауларды бақылау көрсетеді. Олар өз шешімдерінің қателіктерін түсініп, мойындайды. Методологиялық фальсификационизм сыншылдық алдынан жаңа белдеулер ашты; көптеген «ғылыми» теориялар болып квалификацияланды. Поппердің «Логика научного открытия» ғылыми білімнің суреттемесі, теориялар мен фактілер арасындағы дуэль сияқты. Теория мен фактілер арасындағы күресте үш қатысушы бар: фактілер жəне екі бəсекелес теориялар. Осыдан түсінуге болады, теория өзіне қарама–қарсы факті пайда болғанда өлмейді, ол өзін теория алдынғыдан жақсы екенін мəлімдегенде. Сонымен, Ньютонның механикасы Эйнштейн теориясы пайда болғаннан соң өткеннің факті болып
қалды. Методологиялық фальсификационизмді жұмсарту үшін И. Лакатос зерттеу бағдарлама концепциясын ұсынды. И. Лакатос назарын теорияға емес, зерттеу бағдарламаларға көңіл бөлді. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы ғылымның құрылымды-динамикалық моделінің бірлігі болып табылады. Ғылыми бағдарламаны іздеуді қалай екенін түсіну үшін, Декарт пен Ньютонның механикасын, Дарвиннің эволюция теориясын еске түсіру қажет. Теориялардың кезектесуі бір ядродан шығады, бағдарлама шеңберінде үздіксіз методологиямен өтеді, өз маңыздылығын, жемістілігін жəне басқа бағдарламалардан қарағанда прогрессивтілігін көрсетеді. Өзінің дамуына теория, қалыптасу мен уақыт мезетінде орнықтылықты қажет етеді. Сонымен, Лакатостың ойынша, ғылым-зерттеу бағдарламаларының бəсекелесуі сияқты болады. Мұндай көзқарасты эпистемология мен ғылымның историография арасындағы байланысты жəне ғылыми эволюциялық ізденістерде бірінші орынға койылады. «Кейбір философтар, өздерінің эпистемологиялық жəне логикалық мəселелердің шешімін іздегенде қатты қамығады, өйткені айқындылық ғылым тарихы өздерін қызықтырған деңгейде бола алмайды. Егер шынымен тарих өз стандартына сəйкес келмесе, онда олар ғылым туралы барлық жұмыстарын тайсалмай қайта бастаулары тиіс», - деп жазады Лакатос. И. Лакатостың ойынша, барлық методологиялық концепция историографиялық тұрғыдан функциялануы тиіс. Оның ең терең бағасы ғылым тарихының рационалды реконструкциясы арқылы беріледі. Бұл позициясы Лакатостың Кун мен Поппердің теорияларынан ерекшеленеді. Лакатос Попперді тарихшыл емес деп сөгеді, оның фальсификациялану принципінде ол тарихты қателестіретін (жоқ қылатын) логикалық екі мағыналылықты көрсетеді.
«Фальсификация жəне ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» (1970) атты жұмысында Лакатос Кунның теориясына келісе отырып, ғылыми революция иррационалды, онда материал тек топтың психологиясына икемді. Лакатостың ҒЗП концепциясы рационалды негізімен теориялық жəне логикалық байланысқан, олар маңызды идеялар мен теория, гипотезалар жиынтығы деген. И. Лакатос Кундік көзқарасқа жақын, бірақ өзінің ғылыми танудың методологиялық концепциясын, яғни ғылыми-зерттеу методологиясының бағдарламасы деп аталатын көзқарасын ұсынды. Ол ғылымның дамуындағы ерекшеліктерінің трактовкасында ғана емес, бірақ ғылыми зерттеулердің əртүрлі логикалық бəсекелесуін бағалауда да қолданады. Лакатостың айтуынша, бір зерттеу бағдарлама екіншісін ығыстырғанда, ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламалардың бəсекесі болып табылады. Ғылыми революцияның мазмұны, мəні, бұл эмпириямен бір ғана жекеленген теорияны ғана емес, бірақ бір-бірімен негізін салатын бірдей принциптермен байланысқан теорияларды ауысатындармен салыстыру.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 224 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |