Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азіргі ғылымдағы антроптық принціптің философиялық интерпретациялары.

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. Адам, қоғам және мәдениет ұғымдарына философиялық сараптама
  3. Азіргі ғылымдағы өзара-әрекеттерді біріктіру мәселесін философиялық талдау.
  4. Азіргі заманғы медициналық иммунология
  5. Артериалық гипертензия. Қауіп факторлары. Жіктемесі. Диагностикасы. Қазіргі кездегі қолданылатын гипотензивті препараттар.
  6. Биологияның философиялық мәселелеріне көзқарас
  7. Гейзенбергтің анықсыздық принципінің философиялық интерпретацияларын талдаңыз
  8. Жанжалдың қазіргі таңдағы бағыттарын атаңыз және талдау жасаңыз
  9. Жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелерінің ерекшелілігіне сипаттама беріңіз.

Әнет Бабаның «өзіңді өзің таны» формуласы қазіргі ғылым-білім дамыған ғасырымыздың ең іргелі мәселелерінің бірі ретінде қарастырылып отырған антроптық принципке сәйкес келеді. Әлемге әйгілі В.И.Вернадский, А.Л.Чижевский, Г.Идлис пен Б.Картер сияқты ғалымдардың есімімен байланыстырылатын «антроптық қағида» бойынша әлемді танып, білу үшін әуелі адамды тану қажет. XX ғасырдағы кванттық физиканың даму бағытын анықтап кеткен ұлы неміс ғалымы Макс Планк: «Жаратылыс сырының басты құпиясын ғылым аша алмайды. Себебі біз өзіміз сол құпияның бір бөлігіміз» деген ой тастаған. Альберт Эйнштейннің «Ғаламның ең үлкен жұмбағы – оны танып-білуге болатындығы» деп қайран қалған сөзі де осымен үндес. Қазіргі заманның ғылымы бұл жұмбақты ғылымның ең іргелі мәселесі ретінде қарастырып отыр. Мысалы А.Госвами деген Американың кванттық физика маманы: «Егер біз өзімізді өзіміз түсінсек, өз санамызды түсінсек, біз бүкіл Ғаламды түсінеміз, сонда барлық нәрсенің бөлінбес бүтіндігі анық болады» дейді.

Ал қазіргі жаратылыстану негіздерін түсіндіретін университет оқулығында антроптық принцип былай түсіндіріледі. «Адам өмірінің пайда болуын кездейсоқ деп санайтын кез-келген физикалық теорияда, әлбетте, қателік бар. Бүкіләлемдік константалардың соңғы нәтижеге жету мақсатымен дәл таңдап алынуы Ғаламның структуралық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан, бір қарағанда абстрактілі болып көрінетін бүкіләлемдік тұрақтылар дүниетанымдық тұрғыдан глобалды мәнге ие болады. Мұндағы «соңғы нәтиже» деп отырғаны – әлемде саналы тіршілік иесі – адамның пайда болуы. Яғни бүкіл материалдық дүниенің барша заңдылықтары адамның санасына бағындырылады.

1993 жылы әлемдік ғылымды дүр сілкіндірген атақты «Уақыттың қысқаша тарихы» еңбегінің авторы, «XX ғасырдың Эйнштейні» атанған профессор Стивен Хокинг былай деп мәлімдеді. «Тегінде теорияның бастапқы шарттары да, тұрақты параметрлері де ешқандай кездейсоқ емес, өте мұқият, дәл таңдап алынған деген ойға қаласың. Мысалы, егер протон мен нейтрон массаларындағы айырма екі электрон массасына жуық болмаса, элементтер түзеп, химия мен биология негізін құрайтын екі жүздей орнықты ядролар пайда болмас еді. Сол секілді, егер протонның гравитациялық массасы сәл өзгеше болса, осы ядролар түзілетін жұлдыздар жоқ болар еді. Ал егер Әлемнің бастапқы кеңдігі сәл үлкен, я сәл кіші болса, онда осы жұлдыздардың эволюциясы болмай тұрып, Әлем қайтадан кішірейіп, жойылып кетер еді немесе жедел кеңейе бастап, гравитациялық қоюланудан ешқандай жұлдыздар түзілмес еді». Антроптық принцип бойынша осының барлығы адам үшін жасалған. Ғаламның фундаменталдық тұрақтылары мен барлық қасиеттері Әлемде міндетті түрде саналы тіршілік иесі пайда болатындай етіп, дәл өлшеніп алынған. Кванттық деңгейдегі микро-әлемнен бастап, шетсіз-шексіз макро-космосқа дейінгі ғалам құрылысының сан жетпес пернелері соншалықты нәзік үйлесіммен бұралған. Ғаламдық қозғалыстың барлық заңдары онда тіршілік пен сананың пайда болуына қызмет етеді. Осылайша антроптық принцип Әлемде саналы адамның пайда болуын кездейсоқ факт емес, түбегейлі, маңызы аса зор мәселеге айналдырды.

Осылайша, 21-ғасырдың кванттық физикасынан туындаған антроптық принцип «Әлемді түсіну үшін адамды түсіну керек» деп, Сократ пен Әнет Бабадан қалған ежелгі қағиданың ғылыми шындығын көрсетіп отыр.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 330 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав