Читайте также:
|
|
Парадокс (гр. рara – қарсы, doxа – пікір) – әдеттен тыс, күтпеген, ойда жоқ ғажайып болып көрінетін оғаш пікір; қарапайым, дәстүрлі пікірмен келіспейтін, күтпеген жағдайдағы, үйреншікті емес талқылау; қабылданған көріністерге сәйкес келмейтін өзгеше құбылыс.
Парадокс термині антикикалық философияда ерекше тың жаңа пікірді сипаттау үшін пайдаланылған. Логикалық ой жүйесі дұрыс, бірақ пайымдауда бірін-бірі теріске шығаратын ой қорытындыларын антиномия деп те атайды. Парадокстың бұл түрі логикикалық негізі түпкі заңдылықтары толық айқындалмаған теорияларда кездеседі. Мұндай Парадокстердің бірқатарын антикалық ойшылдар ашқан.
Парадокстердің кездесуінің екі жағы бар: біріншіден, Парадокстер теория негізінің дұрыстығына күмән келтірсе, екіншіден, антиномиялардың шешімін іздеу теорияны толық жетілдіруге және логика мен математиканың негізін зерттеуде құнды жаңалықтар ашуға бағыттаса. Парадокс адамдардың қарым-қатынастарында, ойлау өмірінде үлкен орын алғанымен, әдетте екі ұшты ой деп қабылданады. Милеттік Эвбулидтің “Өтірікші” деген Парадоксы бойынша: “егер өтірікші өзінің өтірігін мойындаса, онда шындықты айтқаны. Демек, өтірікші өтірікші емес" деген қорытынды шығады.
Қарапайым сау ақылға салып қарағанда, ғылымның дамуы адамның табиғатты игерудегі және өзі мен жаратылысты танудағы мүмкіндігін арттыруға алып келетіні баршаға аян. Мысалы, ғылымдар патшасы - математика ғылымын алайық. Математика ғылымының дамуы барлық басқа ғылымдардың күрт дамуына, олардың өрістерінің кеңейуіне септігін тигізуде.
Техникалық прогрестің үдемелі дамуы тікелей физика ғылымының дамуына байланысты. Физика ғылымының арқасында адамзат бір жағынан атом, ядро, элементар бөлшектердің табиғатын ашып, микро дүниеге тереңдей түссе, екінші жағынан аспан денелері, галактика, метагалактика сырларына үңіліп, шексіз космосты игеруге қадам жасауда. Осы сияқты химия, биология, география, информатика т.б. ғылым нәтижелерін шексіз тізе беруге болады. Ал енді келесі бес ғылымның дамуын сараптайтын болсақ, бір қызығы, керағар нәтижеге келеміз. Ол ғылымдар – педагогика, психология, медицина, юриспруденция және философия.
Медицина ғылымымының дамуындағы парадокс, тіпті таң қалдырады. Фармоцефтиканың дамуымен дүниеге неше түрлі қымбат, әсер қуаты күшті дәрі-дәрмектер келуде. Күрделі электронды технологиялардың көмегімен адам ағзасындағы әрбір клеткаға шейін үңіліп көруге болатын мүмкіндіктер туып отыр. Медициналық жоғарғы оқу орындарын бітіріп жатқан студенттердің саны да жыл сайын артпаса кеміп жатқан жоқ. Қарапайым ақылға салып қарайтын болсақ, логика бойынша елімізде ауруға шалдыққан адамдардың саны күн сайын азайып, дәрігерлер науқас адамдарды іздеп жүріп емдейтін жағдай болуы керек. Ал енді еліміздің медицина саласындағы орын алып отырған жағдайларға қарап, ақ халатты абзал жандардан түңілгеннің үстіне түңіле түсесің.
Философия-пәлсапа ғылымы туралы, тіпті сөз қозғамай-ақ қоюға болады. Коммунистік идеология күйрегеннен кейін босап қалған қоғамдық санадағы бос кеңістікті дұрыс идеологиямен толтыра алмаған пәлсападан не үміт, не қайыр? Бүгінгі елімізде өріп жүрген неше түрлі радикалды діндер мен адасушы ағымдардың арам шөп сияқты қаулап шығып кетуі осы пәлсапа ғылымының дәрменсіздігінен.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 123 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |