Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

И.Кант және космологиялық антиномиялар. Философиялық талдау.

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. Quot;Критическая" философия И.Канта
  9. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  10. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау

Күн жүйесінің пайда болуы туралы теорияларды ұсынушылар – неміс философы И.Кант және француз математигі П.С.Лаплас. Олардың біріккен теорияларын Кант. Лаплас гипотезасы деп атады.

Алғашқы космогониялық болжамдардың қатарында, немістің атақты философ-ғалымы И. Кант өзінің “Аспан әлемінің теориясы және жалпы табиғат тарихы” туралы еңбегінде бүкіл аспан әлемінің, оның ішінде Күн жүйесіне қарайтын планеталардың, со-лардың қатарында Жер планетасының жаратылысы туралы өз идеясын ұсынды. Канттың болжамы бойынша: Бүкіл әлем — өте ұсақ бөлшектерден құралған ең алғашқы материядан тұрады; жұлдыздардың, Күннің және т. б. ғарыштық денелердің құралуы — дүниежүзілік тартылыс заңы бойынша, суық күйдегі алғашқы ұсақ бөлшектердің ретсіз (хаостық) қозғалысы жағдайында, жеке бөлшектердің бір-біріне тартылып, ірі денелер түрінде бірігуімен байланысты; ірілі-ұсақты ғарыштық денелер бір-бірімен әр түрлі жылдамдықпен соқтығысып, соның нәтижесінде олар кейінірек біртіндеп белгілі бір жүйе бойынша орталық денені айнала қозғалатыу болады. Қырық бір жылдан кейін француз ғалымы — математик С. Лаплас (1796 ж.) Күн жүйесіне карасты планеталардын, жаратылысын өзінше түсіндіреді: ыстық күйдегі алғашқы газ-тозаңды тұмандықтар бүкіл дүниежүзілік тартылыс заңы бойынша белгілі бір орталық денені айнала қозғалуларының нәтижесінде біртіндеп тығыздала келе әр түрлі денелерге жіктеледі. Ондай тұмандықтың орталық бөлігінде ядролық дене қалыптасады. Олардың әрбір нүктесіне әсер ететін күш екіге бөлінеді: 1) центрге бағытталған — центрге тартқыш күш; 2) центрден сыртқа қарай бағытталған — центрден тепкіш күш. Тұмандыктың белгілі бір орталық денені айналуы барысында центрден сыртқа қарай бағытталған центрден тепкіш күштің шамасы — центрге қарай бағытталған (центрге тартқыш күш) күштің шамасынан артық болған жағдайда, оның шеткі перифериялық (жиектік) бөліктері жекеленген сақина түрінде бөлініп шығып, өзінше жеке планетаның ядросы болып қалыптасады.

Сонымен, Кант — Лапластың болжамы бойынша, жоғарыда айтылғандай алғашқы ыстық балқыған күйдегі Жер біртіндеп суына келе кішірейе бастайды. Соның нәтижесінде пайда болған алғашқы жер қыртысы деформацияға ұшырайды. Бұл болжам өз уақытында үлкен прогрессивтік роль атқарды. Дегенмен, уақыт өткен сайын астрономиялық жаңа ғылыми деректердің көбеюіне байланысты небулярлық (пеһиіа — тұмандық) болжамның кейбір қайшылықтары ашыла бастады

XX ғасырдың басьшда, Кант — Лаплас болжамының орнына көптеген жаңа космогониялық болжамдар ұсынылады. Солардьщ ішінде совет ғалымы, геофизик О. Ю. Шмидтің болжамы сол кездегі көптеген ғалымдардың назарын өзіне аударады. Бұл болжам бойынша планеталар жүйесі Күнді қоршаған суық күйдегі алғашқы газ-тозаңды тұмандықтар мен метеориттік заттардың Күнге қарай тартылып Күнмен бірге галактиканы айналу барысында пайда болады. Осындай жолмен пайда болған суық күйдегі алғашқы Жер және т. б. планеталар радиоактивтік элементтердің ыдырауы кезінде бөлініп шығатын орасан зор энергияның, гравитациялық және т. б. әрекеттердің әсері нәтижесінде қызуға ұшырап, балқи бастайды. Кейінірек бұл әрекеттердің әлсіреуіне байланысты, олар біртіндеп суынады. О. Ю. Шмидтің болжамында планеталар жүйесінін, қалыптасу механизмінің кейбір ерекшеліктері дұрыс түсіндірілгенімен, Күннің және жалпы жұлдыздардың жаратылысы жөніндегі проблеманың көптеген мәселелері шешілмеген күйінде қалды.

Совет ғалымы, астроном В. Г. Фесенков (1950 ж.) планеталар жүйесінін. қалыптасу мәселесін Күннің жаратылысымен бірге қарастырады. Бұл болжам бойынша Күн және Күн жүйесіне кіретін басқа планеталар аспан әлемін құрайтын алғашқы ортақ материядан, газ-тозаңды заттардың біртіндеп қоюланып тығыздалуына байланысты пайда болады. Бұл процестердің нәтижесінде алдымен Күн, кейінірек Қүннің айналу жылдамдығына байланысты оның перифериялық бөліктерінен бөлініп қазіргі кездегі белгілі планеталар құралады.

Сонымен, қорыта айтқанда, қазіргі кездегі көзқарас бойынша, Күн және Күн жүйесіне енетін планеталар суық күйдегі алғашқы ғарыштық материядан, газ-тозаңды тұмандықтар мөн метеориттік заттардың қоюлана және тығыздала келе протопланеталық заттарға айналуымен байланысты пайда болған.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 145 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав