Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Математика негізіндегі антиномияларға философиялық талдау.

Читайте также:
  1. Адам, қоғам және мәдениет ұғымдарына философиялық сараптама
  2. Азіргі ғылымдағы өзара-әрекеттерді біріктіру мәселесін философиялық талдау.
  3. Азіргі ғылымдағы антроптық принціптің философиялық интерпретациялары.
  4. Античная математика. Метод дедукции. Теоремы и аксиомы.
  5. Астрономия и математика
  6. Биологияның философиялық мәселелеріне көзқарас
  7. Гейзенбергтің анықсыздық принципінің философиялық интерпретацияларын талдаңыз
  8. Древнегреческая наука (I): математика
  9. Естествознание и знаковые системы. Математика
  10. Жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелерінің ерекшелілігіне сипаттама беріңіз.

Антиномия - пікір алмасу кезінде кездесетін бір-біріне карама карсы, сонымен бірге бірдей негізделген пайымдаулар

Жаңа заман философиясында, әсіресе, оның таным теориясында пайым мен Зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған И.Кант (1724 – 1804) болды. Канттың айтуынша, Зерде дегеніміз ол да пайым. Бірақ ол – пайымның жоғары формасы. Зерде таным процесінде категориялар арқылы емес, принциптер арқылы көрініс береді. Канттың тілімен айтқанда, адамның “зердесі дегеніміздің өзі принциптерді тудыру қабілеті”. Кант өзінің философиясында Зерденің идеяны тудыратын ерекшелігін айқындап берді. Кант өз заманының саяси-әлеуметтік тар өрісті жағдайына байланысты қайшылықтардың мәнін түсіне алмады. Сондықтан ол Зердені айыптауға, сынауға көшті. Канттың ойынша, Зерденің даму тарихының үш кезеңі бар. Алғашқы кезеңде Зерде бүкіл әлемге, барлық ойлау процесіне әсерін тигізіп тұрған құдіретті күшке ие болады. Оның қағидалары ешбір өзгермейтін, мәңгі жасайтындай көрінеді. Сөйтіп, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды. Кант бұл жерде Зерденің тарихы арқылы философияның бір кезде, яғни жаңа дәуірде барлық ғылымдар үшін шешуші рөл атқарғанын көрсетіп отыр. Шынында да, сол бір кезде философия ғылымдарының атасы болғаны сөзсіз Екінші кезең Зерденің идеялары мен принциптеріне деген сенімсіздіктің, күмәннің бірте-бірте пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде Зерденің қағидалары әрі жалпы, әрі абсолюттік рөл атқарудан қала бастады. Сондықтан оның негізгі идеялары мен принциптері жаңа заман ағымына ілесе алмай, өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Дәл осы кезде ағылшынның атақты ойшылы Давид Юмөзінің скептицизмі мен агностицизмі арқылы Зерденің бүкіл дүниені, әлемді тануға болады деген қағидасына алғаш рет күмән келтірді. Зерденің дамуының үшінші кезеңі, Канттың ойынша, сыншылдық дәуір деп аталады. Бұл кезең Канттың өз философиясынан басталады. Канттың бұл ойын кейбір зерттеушілер түсінбей, “Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялады” деп айыптады. Ал, шындығында, бұл дұрыс емес еді. Өйткені, ол дәл осы кезде өзінің “Дін зерденің шектелуінде” атты атақты шығармасын жазған болатын. Ұлы философ бұл еңбегінде Зерденің дінге шек қойып, оның аумағын тарылта беретінен айқын көрсетті. Жалпы Зерде мен пайым ұғымдарын тек философия тарихы үшін маңызды “ескерген категориялар” ретінде қарастыруға болмайды. Қазіргі заманғы философиядағы дүниені рационалды және иррационалды қабылдау пішіндерін зерттеу ойлаудың Зерде мен пайым түріндегі пішімдерінің мәнін терең зерделеумен тығыз байланысты. Зерде категориясы, сондай-ақ, қазіргі заманғы психология, педагогика ғылымдарының болашақ даму бағдарларын анықтауда да маңызды рөл атқарады




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 61 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав