Читайте также:
|
|
Ғылым (араб.: علم (ілім)— білім, тану; лат. scientia — білім) жүйелік білім мен тәжірибе, ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым дамып, шарықтаған сайын, оның жетістіктеріне көлеңке түсіретін жалған ғылым да, өтірік ілім де қосарлана алға жылжиды. Бүгінде ешқандай дәлелі мен дәйегі, зерттеу тәсілі жоқ болса да, ғылымның терісін жамылған түрлі жалған ғалымдардың қатары көп.
Адамзат ғарышты игеріп, нанотехнологияларды дамытып, гендік инженерияға ден қойып жатқан қазіргі кезеңде гомеопатия, хиромантия, нумерология сынды ілімдер де қалыспай келеді.. Өркениет қанша дамыса да, түрлі тылсым күштермен байланыс орнату немесе алыста тұрып ой алмасу, тіпті көзбен затты орнынан қозғалту, бір ғана дәрімен ондаған ауруды емдеу сынды жалған теориялар жойылмады. Мұндай жалған ілімдерге сенетіндердің қатары да аз емес...
Негізі, жалған ғылым туралы термин тек ХVII ғасырда пайда болса да, олар ерте заманда да, орта ғасырда да дамыған. Оған сол кезеңдегі физиология мен медицинаның тірі ағзалар туралы түрлі қиял-ғажайып тұжырымдарын қосуға болады. Ал орта ғасырларда қатты дамыған алхимия ғылымы жалған ілімнің жақсы мысалы бола алады. Бірақ сол кезеңде адамзат алхимияны жалған ғылым деп қарастырмады. Оның жалған ғылымның қатарына қосылғаны кейін ғана. Алайда алхимияның дамуы нақты ғылымның дамуына жақсы ықпал еткені анық. Сол кезеңде түрлі ғылыми реакцияларды зерттеуі адамзаттың жаратылыстануы үшін қажетті болса да, сынаптан алтын алуға талпыну, қайдағы жоқ философиялық тасты іздеуі тіптен керексіз дүние еді. Бұл ғылымның кейінгі ғасырларда жойылып кеткені тарихтан белгілі. Жалпы, жалған ғылымды өте білімді,түрлі жаңалық ашуға құмар, бірақ өз дегенінен қайтпайтын адамдар жасауы да мүмкін. Мысалы 1980 жылдар Бангладеште орын алған оқиғаны да мысалға келтіруге болады. Сол жылдары Бангладешті жайлаған аштық кезінде кейбір шетелдік фармакологиялық компаниялар билікпен келісе отырып, нарыққа «аштықты емдейтін» арзан дәрі-дәрмекті енгізген. Бұл дәрі-дәрмектер тойып тамақ ішпеген кездегі енжарлық пен әлсіреудің алдын алатын керемет қасиеттерге ие-мыс. Нәтижесінде осындай керемет дәрілерден көптеген адам зиян шеккен. Бұл жерде шетелдік компаниялардың пайда үшін жұртты алдауға барғаны көрініп тұр. Алайда аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігі бұған қалай жол бергендігі түсініксіз. Өйткені тойып тамақ ішпеген адам өзіне қажетті энергияны ешқандай да дәрі-дәрмекпен толтыра алмайтыны анық. Аштықтан емдейтін дәрінің кесірі тигендердің саны белгілі болған кезде, оның саудасына тыйым салынған. Мұндай мысалдар қазірдің өзінде жетерлік. Шыққан тегі белгісіз, белсенділікті арттыратын биологиялық қоспалар, арықтауға арналған дәрі-дәрмектер дүкен сөрелерінде толып тұр. Бұның барлығы жалған ілімнің нәтижелері.
Ал кіші дәретпен емдеуге арналған уринотерапияны қолдаушылар оны көптеген ауруларға ем дегенге сенеді. Зәрді ішке қабылдау арқылы тіпті ауыр қатерлі ісіктен да айығуға болады деп сендіреді. Алайда оның ауруға ем болғаны туралы ғылыми дәлелденген дерек жоқ. Мұндай тәсілмен емделу адам ағзасы үшін қауіпті болуы мүмкін.
Жалған ғылыммен айналысу, оны ары қарай дамыту, оған сенетін адамдарды көптеп тартудың астарында көбіне бақай есеп жатады. «Фен-шуй», хироматия, астрология сынды ілімдерді дамытушылар қаржылай пайда көреді. Өйткені оларға сенетін адамдар құр қол келмесі анық. Кейде жалған ілімдерді адамдарды дұрыс жолдан адастырып, шындықтан алыстату үшін әдейі жасайды дейтіндер де бар. Мәселен, кеңестік кезеңде кеңінен оқытылған марксизм, дарвинизмді мысалға келтіруге болады. Нағыз ғылыммен айналатын ғалымдардың жаңалық ашуға ұмтылысы кезінде жіберген қателіктерінен гөрі, осындай жалған ілімді қолдан жасаушылардан келетін қауіптің қатері күшті болуы мүмкін...
60. Хаос пен реттіліктің диалектикасы. Философиялық талдау Синергетика әлеуметтік өмірдің көптеген үрдістерін модельдеу үшін қызмет етеді – олар демографиялық, геосаясаттық, әлеуметтік-экономикалық және басқалар. Осы ғылыми теория әлеуметтік гуманитарлық және жаратылыс тану ғылымдарының интеграциясы тенденциясын жаңаша бағалауға мүмкіншілік жасайды. Өзіндік ұйымдасу түсінігі табиғаттағы материяның қарапайымнан күрделіге қарай даму принципінен шығып отыр. Өзіндік ұйымдасуды тар мағанада ашық орнықсыз жүйенің қарапайым тәртіптелмеген формадан көбірек тәртіптелген күрделі формаға ауысуы деп қарауға болады. Ө зіндік ұйымдасқан жүйелер келесідей талаптарға сай болуы керек. 1. орнықсыз, яғни термодинамикалық тепе-теңдік күйден алшақ болуы; 2. жүйе ашық, сырттан заттар мен энергия алмасуы болуы керек; 3. флуктацияның болуы; 4. әрекеттесуші элементтердің жеткілікті мөлшерде болуы.
Синергетиканың негізгі идеялары: 1. Әлем дүниесінде эволюция мен деградация, бүліну мен түзілу процестері бірдей деңгейде; Хаос тек блдіруші ғана емес түзуші де. Даму хаос арқылы жүзеге асады. 2. Тәртіптелу процесі жүйе табиғаты мен ерекшелігіне байланыссыз бірдей алгоритмге ие. Яғни табиғатта өзіндік ұйымдасудың әмбебап механизмі бар. 3. Көпшілік күрделі жүйелердің эволюциясы сызықты емес сипатта. Күрделі құрылымдардың түзілуі кездейсоқтық емес, заңды нәрсе. Кездейсоқтық эволюция механизміне кіріктірілген.Жаңа күйге ауысудың мүмкіндігі жоғары нүктесі бифуркация деп аталады.Өзіндік ұйымдасу деп табиғи секірмелі процестерді атаймыз. Олар өзінің дамуында критикалық күйде болатын ашық жүйелердің көбірек күрделі тұрақты күйге ауысуын қамтамасыз етеді.
Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 123 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |