Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

І – дәріс. Әлеуметтану ғылым ретінде

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  4. Lt;question> Криминалистика заң ғылымдарының ішінде қандай ғылыммен барынша тығыз байланысты
  5. Lt;question> Төмендегілердің қайсысын криминалистикалық идентификацияның қорытынды кезеңі ретінде қарастыруға болады
  6. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  7. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  8. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. X – дәріс. Саяси әлеуметтану

 

Әдебиеттер:

1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері, Алматы, 2004

2. Тұрғынбаев А.Х. Әлеуметтану: лекциялар курсы, Алматы: Білім, 2001

3. Гидденс Э.Социология, М: Эдиториал, УРСС, 2010

Жоспар:

1. Әлеуметтанудың объекті, пәні.

2. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).

3. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы мен деңгейлері.

 

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееуметтанушысы Огюст Конт өзінің алты томдық «Позитивті философия курсы» атты еңбегінің үшінші томында енгізді.

Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан.

Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер социологияны әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.

Әлеуметтанудың пәні - қоғамның құрылымы, ондағы әлеуметтік үрдістер, әлеуметтік қатынастар. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - қоғам. Әлеуметтану – жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым.

2. Социологияның қоғам өмірімен байланысының алуан түрлілігі, қоғамдық мақсаты бірінші кезекте оның ерекше әлеуметтік ғылым ретінде атқаратын қызметімен айқындалады. Танымдық функция ең алдымен әлеуметтік даму заңдылықтарын зерттеумен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру тенденциясына байланысты.

Теориялық-танымдық функцияны жүзеге асыру социологияға қоғамның мәні, оның құрылымы, заңдылықтары, негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары, оның қызмет атқаруының және дамуының нысандары мен механизмдері туралы білімді кеңейтуге және нақтылауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелік функция социологияның әртүрлі әлеуметтік процестерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік ұсыныстар жасауға атсалысуымен айқындалады. Социологияның тәжірибелік функциясы танымдық функциясымен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер қоғамның түрлі салаларының даму заңдылықтарын ашып көрсете отырып, әлеуметтік процестерге пәрменді әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті нақты ақпарат береді. Социологияның болжамдық функциясы қоғамның әрбір әлеуметтік бөлімшесінің ғылыми негізделген даму келешегін саналы түрде жасау және жүзеге асыру шарттарын жасауға деген сұранысының көрінісі болып табылады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай?

Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.

3. Социология әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде, атап айтқанда, бүкіл қоғам көлемінде не қоғам өмірінің жеке дәрежесінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зерттеуі мүмкін. Осыған байланысты социология ғылымын төмендегідей құрамдас бөлімдерге бөлуге болады:

Біріншісі – жалпы теориялық социология. Бұл біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы зандылықтарын анықтауға бағытталған макросоциологиялық зерттеу болып табылады. Макроәлеуметтану қызметі- ірі көлемді әлеуметтік жұйелер. Макроәлеуметтану индивидтің әлеуметтік таптағы тәртібін зерттейді.

Екіншісі - әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланысының зандылықтарын зерттеуге бағытталған жалпылылығы орташа социология. Бұған, мәселен, қала социологиясы, экономикалық социология, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т.б. жатады.

Үшіншісі – микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара қарым-қатынасын, мінез-құлқын, жүріс-тұрыстарын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

Социологияның бұл құрамдас бөліктері жалпы, ерекше және жекеше категорияларының байланысын көрсетеді.

Социологиялық зерттеулер нәтижесінде алынатын ғылыми қорытындылардың жалпылық дәрежесіне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмпирика болып екіге бөлінеді. Теориялық зерттеу үшін маңызды мәселе - әлеуметтік өмір саласындағы жиналған нақты материалдарға терең қорытынды жасау. Ал эмпирикалық социология тікелей бақылау, сұрақ қою, құжаттарды талдау, статистикалық мәліметтер негізінде нақты материалдар, фактілер жинаумен шұғылданады. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің біртұтас процесінің бұл екі жағы бір-бірімен тығыз байланысты, бірі-бірін әрдайым толықтырып отырады. Әлеуметтік процестерді зерттеу барысында идеялық принцип қолданылады.

Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндеті пен мақсатына сәйкес социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы (прикладная) болып екіге бөлінеді. Фундаментальды социологиялық зерттеу қоғам жайлы теориялық және методологиялық білімдерді қорытып шығаруға және оларды дамытуға бағытталады, ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді дамытудың практикалық мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес тұжырымдауға бағытталады. Зерттеудің бұл екі бағытының екеуі де теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізе алады.

 

Тест сұрақтары:

 

1. Әлеуметтану-бұл:

А)Жалпы қоғамның ерекше жұмыс iстеуi мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым

В)Саяси құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, заңдылықтары, формалары мен жолдары туралы қоғамдық ғылым

С)Қоғам және қоғамдық қатынастар туралы ғылым

Д)Табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым

Е)Қоғамның құрылымы,ондағы адамдардың мiнез-құлқы туралы ғылым

2. Әлеуметтану ғылымының пайда болуына методологиялық негіз болған ғылым

А)Философия

В)Логика

С)Эргономика

Д)Психология

Е)Саясаттану

3.Әлеуметтануда биологиялық (органикалық) бағыттың негiзiн қалаушы:

А)Г. Спенсер

В)О.Конт

С)Э.Дюркгейм

Д)К.Маркс

Е)Т.Парсонс

4.О.Конт бойынша әлеуметтану зерттейді:

А)Әлеуметтiк статиканы және әлеуметтiк динамиканы

В)Әлеуметтiк жүйенi құратын математикалық функцияларды (механикалық теория)

С)Қоғамның қозғаушысы-тiршiлiк үшiн күрестi (биологиялық теория)

Д)Қоғамды психологиялық қатынастар тұрғысынан зерттеу (психологиялық теория)

Е).Әлеуметтiк өнiм ретiндегi адамның психикасын

5.Әлеуметтанудың пәнi бұл:

А)Әлеуметтiк қатынастар

В)Саяси қатынастар

С)Қоғамдық сананың формалары

Д)Қоғам

Е)Индивидтердiң психологиялық тәртiбi

6. Әлеметтанудың алғашқы арнайы еңбегi қалай аталады?:

А)О.Конттың “Позитивтiк философия курсы”

В)К.Маркстiң “Капиталы”

С)Аристотельдiң “Саясаты”

Д)Н.Макиавеллидiң «Тақсыры» (Государь)

Е)Ф.Энгельстiң “Семьяның, жеке меншiктiң және мемлекеттiң шығуы”

7. Әлеуметтiк статика және әлеуметтiк динамика туралы iлiмдi қалыптастырған:

А)О.Конт

В)К.Маркс

С)М.Вебер

Д)Э.Дюркгейм

Е)Г.Спенсер

8.Әлеуметтану – бұл:

А) қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттейтін ғылым

В) әлеуметтік ұйымдар туралы ғылым

С) әлеуметтік факт туралы ғылым

D) басқару туралы ғылым

Е) ұйымдар туралы ғылым

9.Қоғамның дамуы социологияда қандай ұғыммен түсіндіріледі?

А) әлеуметтік прогресс

В) әлеуметтік қарым-қатынас

С) әлеуметтік стратификация

D) әлеуметтік мобильдік

Е) әлеуметтік регресс

10. Социологияның қызметтерінің қайсысы қоғамның болашағын ашып, әлеуметтік өмірдің түрлі салалары туралы жаңаша білімнің өсуін қамтамасыз етеді?

А) танымдық

В) қолданбалы

С) болжамдық

D) дүниетанымдық

Е) тәрбиелік

11. О.Конт социологияда қай бағыттың негiзiн қалаушы

A) позитивизм

B) социал-дарвинизм

C) психоаналитикалық теория

D) психологиялық бағыт

E) элита теориясы

12. Әлеуметтік-мәдени динамика және әлеуметтiк стратификация теориясының негiзiн

қалаушы

A) П.Сорокин

B) В.Вернадский

C) Н.Гумилев

D) Н.Бердяев

E) Э.Фромм

13.Жеке адамдар, әлеуметтік топтар және қоғамның арақатынасы бұхаралық ақпарат құралдары әлеуметтануының:

А) объекті

В) қызметі

С) пәні

Д) қағидасы

Е) әдісі

14. Әлеуметтанудың құрылымын ата:

А) макро, орта, микро деңгейлері;

В) макро, микро, жеке деңгейлері;

С) жалпы, орта, микро деңгейлері;

Д) макро, топтық, микро деңгейлері;

Е) макро, мета, микро деңгейлері;

15.XX ғасырдың басынан бастап қай елде социология практикалық деңгейде тез қарқынмен дамыды?

А) АҚШ - та

В) Германияда

С) Италияда

D) Францияда

Е) Англияда

 

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 129 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Методология социально-педагогического исследования| Бронзовый век

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав