Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарихи мәдени шаруашылық түрлері

Читайте также:
  1. E) сауда түрлері, сұраныс
  2. Lt;question> Шиыршықты (завитковый) өрнектердің түрлері қандай болады
  3. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  4. Адам, қоғам және мәдениет ұғымдарына философиялық сараптама
  5. Азақ халқының материалдық мәдениеті» пәні
  6. Анурия түрлері.Анурияға алып келетін жағдай.
  7. Дәсүрлі мәдениет және оның қызметтері
  8. Дизурия түрлері.
  9. Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері
  10. Зейнетақы түсінігі және түрлері

азақ мәдениетін қарастырғанда туатын маңызды мәселе шаруашылық-мәдени типтердің (ШМТ) өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен байланысты. Шаруашылық-мәдени тип ұғымы соңғы кезге дейін этнографиялық және тарихи зерттеулерде көбірек қолданылып келді. Шаруашылық-мәдени типтердің нақтылы мысалдары: арктикалық аңшылар, тропиктегі аңшылар мен терімшілер, өзен аңғарларындағы егіншілер, оазистік дихандар, еуроазиялық көшпелілер ж.т.б. Өзінің мағынасы жағынан ШМТ ұғымы мәдениеттанудағы хронотоп ұғымына жақын. Алайда хронотоп негізінен көркем әдебиеттен алынып, рухани мәдениеттің кеңістіктік және уақыттық бітімдерін білдірсе, шаруашылық-мәдени тип материалдық мәдениеттің көрінісін айқындайды. Әрине, ШМТ-тің руханилықпен байланысы жоқ деп сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт-дәстүрлер, сенім-нышандар, фольклор, дүниетаным шаруашылық әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді.

Шаруашылық-мәдени тип ұғымының тым абстрактылы алынған түрі ретінде қоғамдық-экономикалық формацияны да көрсетуге болады. Бірақ бұл ұғым тым дерексіздендірілген және әмбебаптық сипаты жеткіліксіз. Мысалы, еуроазиялық номадаларды осы бес формацияның ешқайсысына тіркеп қоюдың негізі жоқ. Оларды «азиялық өндіріс тәсілінің» өкілдері деудің де реті аз. Бұл жерде Азия құрылығындағы әртүрлі шаруашылық типтерінің арасындағы айырмашылық жоғалып кетеді. «Дала феодализмі» сияқты атаудың ойдан құрастырылғаны тікелей көрініп түр. Батыстық мәдениеттануда «мәдени ареал(аймақ) ұғымы да жиі қолданылады. Бұл ұғымның шаруашылық-мәдени тип ұғымымен жақындығы бар. Бірақ мәдени аймақ негізінен белгілі бір этномәдениеттің жағрафиялық детерминанттық факторларына басты назар аударады. Біртұтас мәдени ареалда әртүрлі ШМТ-дің болуы мүмкін. Тікелей мағынасын алғанда, шаруашылық-мәдени тип ұғымы әлеуметтік-экономикалық дамудың бір деңгейінде тұрған топтастықтардың ұқсас табиғи ортадағы тарихи қалыптасқан біртектес шаруашылық пен мәдениет жүйесін бейнелейді. ШМТ этномәдениет өрісімен шектелмейді. Мысалы, афроазиялық көшпелілерге семиттік, берберлік, туарегтік, ирандық, түріктік этностардың мәдениеттері жатады. Ал еуразиялық номадалар (ШМТ) түріктерден, моңғолдардан, угорлардан ж.т.б. (этномәдениеттерден) тұрады. Яғни, арасын мындаған шақырымдар және дүниетанымдық жүйелер бөліп жатқан ареалда материалдық мәдениеттің ұқсас үлгілері пайда болуы мүмкін.

Шаруашылық-мәдени типтер уақыт пен кеңістіктің әрекет ету және даму заңдылықтарына тәуелді. Бұл процесті шаруашылық-мәдени конвергенция (тұтастану, жүйелену) деп атауға болады. Шаруашылық-мәдени типтің құрылымы неғұрлым күрделі болса, онда оның климат пен ландшафтан тәуелділігі соғұрлым аз болады. Мысалы, малшылар мен егіншілер ертедегі терімшілер мен аңшыларға қарағанда, кеңістікте еркінірек әрекет еткен. Тағы бір ескере кететін жайт: уақыт ағынына байланысты ШМТ-тердің оқшаулық аймағы азайып, олардағы қарымқатынастық белгілер көбейе түседі. Жалпы алғанда, Шығыстағы аграрлық өркениеттерді өндіріс тәсілдері бойынша номадалық және ирригациялық құрылыстарды пайдаланатын суармалы егіншілік мәдени ареалдарына белуге негіз бар. Ал олардың аралық аймақтарын маргиналдық ареал деп қарастыруға болады. XX ғасырдың басына дейін көшпелілік өмір салты қазақ халқында негізгі этноқұрастырушы белгі ретінде түсінілген. Яғни, «көшпелі» — «көшпелі емес» оппозициясы өте жақын түрік халықтарын бір-бірінен айырып тұрған және маргиналдық аймақтарда этностардың алмасуына себепкер болған. Мысалы, Ташкент облысындағы құрамалар осындай этноөзгерістерді бастарынан өткізген. Бұл процестің өзі Орталық Азиядағы екі ШМТ-дің бір-біріне ауыса алатындығын көрсетеді.

Тарихи деректерге сүйене отырып, еуроазиялық далада екі түрлі шаруашылық-мәдени типтер қалыптасты деген қорытындыға келуге болады. Оларға қуаң дала көшпелілері және оазистер дихандары мен қала тұрғындарын, тұтас көшпелілік мәдени ареалдағы отырықшылық ошақтарының баламасы ретінде қолданып отырмыз. Бұл негізгі екі ШМТ-дің тарихи даму барысындағы арақатынасынсыз қазіргі қазақ мәдениетінің менталитетін түсіну қиынға соғады. Біркелкілік пен бірыңғайлықтан қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның көпдеңгейлігі мәдениет үшін қолайлы. Егер оқшауланған қуаң дала шеңберімен шектелсек, онда түрік халықтарының тарихтағы ұлы жетістіктерін түсіндіре алмас едік. Шаруашылық-мәдени типтің жиынтық, қосынды ұғым емес екендігін, оның жүйе түрінде әрекет ететіндігін аңғару қойылған мәселе үшін маңызды. Жүйе деп философияда өзара байланысты құрылымдық элементтердің тұтастығын айтады. Сондықтан ғылыми зерттеудің келесі сатысы құрылымдық типологияны анықтаумен қатысты. Осы тұрғыдан алғанда Кіндік Азияның көшпелілік шаруашылық-мәдени типінің құрылымдық бітімдерін айқындау маңызды мәдениеттанулық мәселе болып табылады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 214 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав