Читайте также:
|
|
Паразитологиянны зерттеу әдістеріне микроскоппен қарап зерттеу әдістері жатады. Микроскоппен зерттеу арқылы –гельменттердің жұмыртқаларын және личинкаларын табуға болады. Талдау жүргізу үшін науқастың нәжісін ала саысымен ертерек зертханаға жеткізу керек. Нативті жағынды. Заттық әйнекше бетіндегі 50 пайыздық глицерин ерітіндісінің тамшысына нәжістің кішкентай бөлшегін таяқшамен қосып, жағынды мөлдірлеу болғанша араластырады. Бір әйнекше бетіне екі жағынды дайындап нәжіс құрамындағы жұмыртқаларды анықтайды. Мысалы: амеба, кокцидия, балантидиоз т.б. Келесі әдіс целлофанмен жасалатын қалың жағынды (Като әдісі) әдістің негізгі мақсаты: глицеринментүссіздендірілген және малахитті жасыл бояумен шамалы боялған нәжістің қалың жағындысында гельминттердің жұмыртқаларын табу. Като әдісі нативті жағындыға қарағанда нәжістің көбірек көлемін және едәуір тиімділікпен зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен аскарида, қылбас, таспа құрт, терматода және тениттердің жұмыртқаларын зерттеуге болады. Байыту әдәсі. Мұндай әдістер жұмыртқалар мен қолданылатын тұзды ерітінділердің меншікті салмағының айырмашылығына негізделген, соның нәтижесінде, олардың аз санын анықтауға болады. Егерде жұмыртқаның меншікті салмағы сұйықтың меншікті салмағынан жоғары болса, жұмыртқалар тұнбаға шоғырланады, одан жағынды дайындап микроскопта зертейді. Науқастан алынған басқа заттарды зерттеу әдістері арқылы зерттейді. Қанды филлярийдозға диагноз қою кезінде микрофилярийлерді табу үшін зерттейді. Кейде қан құрамында миграциялық сатыдағы бамсқанематодтар анықталады. Қаннан жағынды жасау және «қалың тамшы» әдісі филярийдоздарға диагноз қою үшін қолданылады. өЙТКЕНІ микрофилярийлер көбінесе қанда шоғырланады. Саусақтан асептикалық ережені сақтай отырып қан алады. Жағынды дайындау үшін әйнекше бетіне науқастан алынған қанды тамызады да, шеті жұмырланған әйнекшемен жағып шығады. Жағынды метил спиртімен фиксацияланып РОмановский –Гимзе әдісімен бояйды. Микроскопта көк түске боялған жіңішке, ирек жіпшелер тәріздес микрофилярилер табылады.
Бұлшық ет және дәнекерлік тіндер. Трихиниллез, цистицеркоз, ценуроз, эхиноккокоз, шистосомоз, гетерофиоз, және басқа гельминтоздарға диагноз қою кезінде зақымданған мүшелер мен тіндерден биопсиялық әдіспеналынған бөлшектері зерттеледі. Трихиниллез және филяриатоздарға диагноз қою үшін арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Дуоденальдық сұйықтықты өт және ұйқы безі түтікшелерінде, өт қуығында, ұлтабарда паразиттік тіршілік ететін гельминттердің личинкалары мен жұмыртқаларын табу мақсатында зерттейді. Құсық заттарда аскаридалар, зхиноккоктардың фрагменттері табылуы мүмкін. Қақырықты парагонимдер, шистосомалар жұмыртқаларын, нематодтардың миграцияланатын личинкаларын, эхиноккоктардың фрагменттерін табу үшін зерттейді. Науқастан алынған қақырықты түгелдей көзбен немесе лупамен қарап шығады. Тін бөлшектерін, тотық түсті жиынтықтарды іріктеп алып, микроскопта зерттейді.Тер. Теріден биоптат алып, ларваскопиялық зерттеу жүргізіп онхоцеркозга, терілік дипеталонематозға диагноз қоюда және де нематодтардың, шистосомалардың т.б. миграцияланушы личинкалары қоздырған жолақты дерматит типті тері зақымдануы кезінде қолданыладвы. Сыртқы орта объектілері де су, топырақ көкөніс, жеміс жидектер, ет, балық, шыбындар, зерттеуге алынған.
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 359 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |