Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ян Амос Каменский

 

1. Ян Амос Коменский - (1592- 1670) - чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты. Коменский — неміс феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында қалыптасқан діни протестанттық секта - "Моравиялық бауырлар" топтарының бірінің басшысы. Дүниетаным мәселелерінде пантеизмге жақындады. Оның сенсуалистік таным теориясы мен дидактикасында едәуір материалистік тенденциялар бар. Коменский бойынша, таным — ақыл-парасаттың оқып-үйренумен тығыз байланыста болатын белсенді процесі. "Танып-білуге, білім алуға, - деді ол, барлық адамдар қабілетті, сондықтан қарапайым халық білімге тартылуы керек". Педагогика тарихында Коменский тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика жүйесін жасады. Оның дидактикалық припциптері (көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, жаттығу) табиғат заңдарын ой елегінен өткізуді, таным мен білімді ұғымды түрде ұштастырып, баянды етуді көздеді. Коменскийдің салиқалы көзқарастары педагогиканың кейінгі дамуына игі ықпал жасады.

Негізгі еңбектері:

1958 жылғы КСРО пошталық маркасы.«Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі», «Ұлы дидактика», «Адамзат істерін түзету туралы жалпы кеңес», «Суреттердегі сезіммен қабылданатын заттардың әлемі», «Аналық мектеп», «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары».

Алғашқы болып ана тілінде оқыту идеясын калыптастырды, балаларды сословиялық, жыныстық, т.б. белгілеріне бөлмей, барлығын бірдей қабылдайтын мектеп құру қажеттілігін біркелкі мектеп құру қажеттігін айтты. Жас ерекшелігіне Петербургтік педагог И.В.Иванов дәстүрлі мектептер мен мектептен тыс мекемелердің жұмыс жағдайына ыңғайлады. Ұйымдастырылғанда тәрбиешінің ұсынған идеясын балалар ұжымы өздерінікіндей қабылдайтындай; балалар ісі өздерінің не ұжымның мүддесіне қызмет ететіндей, ізгіліктік және альтруистік мақсатта ұйымдастырылады; ұжымның барлық мүшелері өз еріктерімен, қызығушылықтарымен, шын жүректерімен істі жүзеге асыруға кірісіп, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін аша алатындай етіп ұйымдастырылады. Кезеңдері: идеяны қабылдау, істі орындауға қатысты кеңесті анықтау, шығармашылық ұжымдық түрде орындау, ұжымдық анализ жасау және бағалау, жаңа іс идеясын қабылдау.

Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский "Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі "Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.

"Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы – дмдактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т.б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.

1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы "Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы "Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.

1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 169 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав