Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зерттеу жолы.

Читайте также:
  1. A) теоретикалық зерттеудің инструменті
  2. PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
  3. Ай философияда мәдениет алғаш рет философиялық зерттеудің пәні болып қалыптасқан?
  4. Белгілерді зерттеудің әр түрлілігі
  5. Дебиеттер жинау және жиналған мәліметтерді зерттеу.
  6. Зерттеу барысында мүмкін болатын жүйелік қателерді бағалау
  7. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу
  8. Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
  9. Тақырыбы: Педогогикалық зерттеу методологиясы

1. Әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді, монографиялар мен құжаттарды, педагогика, психология классиктерінің еңбектерін оқып үйрену, талдау.

а) Библиография

ә) Аннотация жасау, конспектілеу, қажетті мәліметтерді, цитаталарды жазып алу.

2. Педагогикалық процестің қарама қайшылықтарын көрсетететін жалпы және озат тәжірибені, оның қиындықтарын оқып үйрену.

А) бақылау, байқау

Объектіні бөліп алып педагогикалық ықпалдарын әсерімен қабылдау объектілерінде болып жатқан қандай да болсын құбылыстарды, өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін азды көпті ұзақ уақыт қабылдау. Байқау іс жүзіндегі материалды, тәжірибе деректерін жинау мақсатында байқалатын объектілерді бөліп алып, жоспарлы түрде, деректер мен белгілерді, мәліметтерді тіркеу, жинау үшін пайдаланылады.

3. Әңгімелесу әдісі. Әңгіме әдісі алдын ала белгіленген жоспар бойынша, зерттеу мақсатына сай еркін түрде жүргізіледі. Әңгіменің барысы, оның мазмұны, қойылатын сұрақтар толық баяндалады, хаттандырылады, қорытындысы шығарылады.

4. Интервью алу әдісі. Интервью педагогикаға социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әңгіме әдісінен айырмашылығы интерьвю алушы, зерттеуші, алдын ала берілген, әзірленген сұрақтарды белгілі бір тәртіппен, бір ізді дәйектілікке бере отырып, интервью берушінің жауаптары жазылып алынады.

5. Сауал – сұрақ, анкета, сұрақтар тізімі – вербальдық қарым қатынас негізінде көпшілікте жазбаша түрде алғашқы әлеуметтік – психологиялық, педагогикалық мәліметтер, хабарлар алу үшін қолданылатын әдістемелік құрал. Сауал-сұрақ – әрқайсысы негізгі зерттеу мақсаты мен логикалық тығыз байланысты сұрақтар тізімі, жиынтығы.

 

 

БАҒАЛАУ. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс - әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.

Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

-Бақылау;

-Алынған мәліметтердің интерпретациясы;

-Бұдан арғы іс - әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 135 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | <== 12 ==> | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав