Читайте также: |
|
• LessonStudy – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Studyді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және оқуды талдауын көздейді;
Жалпы мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестер мен қалай
ынтымақтастық орнатуға болатынын;
• Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді;
мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы
ойлануға мүмкіндік алады;
• Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
• Негізгі идеясы: - Lesson Study – сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.
- Lesson Study- мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі.
-Lesson Study-оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл. Материалдар және құрал-жабдықтар Флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырмаларды орындау үшін қағаздар, видеоролик.
Эвальвация - это оценка, определение цены, стоимости количества, качества, пригодности и т.п.
МЕКТЕПТАНУ
1. Мектептану – педагогиканың бір бөлімі, мақсаты – еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесінің ерекшелігін анықтау. Мектептану тәрбие максатына сай дамиды.
Мектептанудың зерттейтіні:
• халыққа білім беру;
• лауазымды адамдардың іс-әрекеті;
• оқу-тәрбие процесіне басшылық ету;
• оның формалары, әдістері.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмысына байланысты. Мектептанудың методологиясының негізі - тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.
Мектептану сүйенетін дерек көздері:
• басқару туралы заң;
• Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы;
• шетелдердегі білім беру ісін басқару тәжірибесі. Мектептану мектепті басқару тәжірибесіне сүйеніп, озат тәжірибені насихаттап тәжірибеге енгізеді.
Мектептану үшін маңызды дерек көзі белгілі педагогтардың мектепті басқару жөнінде берген құнды ұсынбалары. Бірақ оны сын көзбен оқыған дұрыс.
Мектептану мазмұны: мектепті басқарудың негізгі принциптері; білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны; әдістері, т.б. Мектептанудың зерттейтін саласы дидактика мен тәрбие саласынан өзге, оларды қайталамайды.
Педагогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді.
Мектептану ғылымның басқару тұрысы жетістіктерін, субъекті ғылыми ұйымдастыруды толық қолданады. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі, озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.
Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.
Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.
Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.
Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін
Мұғалім үшін:
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
-көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы
- іс-әрекет рефлексиясы
Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 194 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |