Читайте также:
|
|
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты.
Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды, себебі философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды. Педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастардан қалыптасты.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
– басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
– бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;
– психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
– адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
Жекеленген əдістемелер – оқудың жалпы заңдылықтарын жəне пəндерді оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пəн дидактикасы.
Педагогика тарихы – əрқилы тарихи дəуірлердегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру тəжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы, салыстырмалы педагогика, əлеуметтік педагогика ж.т.б.
Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары)
Педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына дамыту, білім беру, оқыту, тәрбиелеу жатады.
Даму - бұл адамдарда жүріп жататын сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен нәтижесі. Даму үдерісі тұрақты да үздіксіз өзгерістермен, бір жағдайдан екінші жағдайға өту, қарапайымнан күрделіге, төменгіден жоғары деңгейге ауысулармен байланысты келеді.
Адамды дамыту деп – ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи факторлар ықпалымен оның тұлғасының бірте-бірте қалыптасуының барысын айтамыз. Адам тұлғасының психикалық, күш-қуаттық және жалпы дамуын бөліп қарау керек.
Психикалық деп – тұлғасының зиялығының, көңіл-күй сезімдерінің, еркінің қажеттіліктерін, қабілеттерінің дамуы деп түсінеміз.
Тұлға дамуы -шынайы болмыстағы аса күрделі үдеріс. Бұл үдерісті тереңдей зерттеу үшін казіргі заман ғылымы дамуды құрайтын бірліктерді жіктеу жолына түсті, яғни дамуға байланысты дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және басқада сапа-қасиеттер дараланып, өз алдына қарастырылуда.
Тәрбие – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.
Арнайы педагогикалық мағынада тәрбиелеу – қоғамда тұлғаның, оның қатынастарының, өзіне тән белгілерінің, сапаларының, көзқарастарының, сенімдерінің, тәртіп-тәсілдерінің дамуы мақсатына бағытталған ықпал барысы және нәтижесі.
Кең мағынада тәрбиелеу – мақсатқа бағытталған оқытудың және тәрбиелеудің әсерімен адам тұлғасы дамуының барысы және нәтижесі. Тұлғаны қалыптастыру – орта, тұқым қуалау және тәрбиенің ықпалы мен адам тұлғасының даму барысы және нәтижесі.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз бойында өзі қалаған, өзіне ұнаған қасиеттер мен қабілеттерді, мінез-құлықтарды, әдет пен әдепті, дағдыларды қалыптастыру мақсатында саналы, мақсатты, белсенді жұмыс істеуі.
Қайта тәрбиелеу – осыған дейін қолданылған тәрбие әдістері мен тәсілдері, формалары нәтиже берген жағдайда, тәрбие әдістер мен тәсілдерін, формаларын түбегейлі өзгерту.
Қалыптасу – ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық факторлардың ықпалымен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде дамып жетілуі.
Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер, танымдық біліктер мен дағдылар жүйесін меңгеруінің, осылардың негізінде дүниеге көзқарасының, құлқының және адам тұлғасының басқа да саналарының қалыптасуының, жасампаз күштері мен қабілеттерінің барысы және нәтижесі.
Білім беру – ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т.б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.
Өздігінен білім алу – адамның өзін қызықтырған сала бойынша білімдерді іздестіруі мен меңгеруіне өз бетінше мақсатты түрде, белсенді жұмыс істеуі. Білім беруді жүзеге асырудағы жетекші күш – жүйелі оқыту.
Оқыту – адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің барысы.
Оқыту - оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Ол көзделген мақсатқа орай нәтижелі білім, ептілік, дағдыларды игеру, дүниетаным қалыптастыру, ақыл-парасат, дарынымен шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуы болған арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарылымды мұғаліммен оқушы арасындағы өзара байланысты ықпал әрекеттер жүйесі.
Оқу - білім, ептілік, дағдылардан құралады. Білім - бұл әрбір адамның шынайы болмысты ғылыми деректер,түсініктер және заңдар формасында бейнелеуі. Ептіліктер дегеніміз - адамның өзі игерген білімдері, өмірлік тәжірибесі, қабылданған дағдылары арқасында тәжірибелік, теориялық іс-әрекеттерге саналы және өзбетінше бара алуы.
Дағдылар -көп қайталау, жаттығу жолымен жоғары деңгейге жетіліп, қажетті әрекеттерді автоматтанған күйде орындай алу мүмкіндіктерінен көрінетін тәжірибелік қызмет бірлігі.
Білім-оқу нәтижесі.Тікелей мағынада, білім жақсы оқыған, тәрбиелі, зиялы адам бейнесін байқатады. Білім-бұл оқушының тәлім алу үдерісінде игеріп жинақтаған білім, ептілік, дағды, ойлау тәсілдерінің жүйелі тобы. Жүйелі білім алған оқушы дербес ойлауға, өз білім қорының олқылықтарын ой толғастыру жәрдемімен жетілдіру қабілетіне ие. Ас есте ұстайтын жәйт, білім-бұл өздігінен өзі келетін зат емес, оны әр адам өз күшімен, дербес қолға түсіру қажет. Өз заманында А. Дистервег: «Даму мен білім ешбір адамға сырттан хабарланып немесе берілген емес. Оған қол жеткізем деген әркім өз күші және ерік-қайратын қосу қажет» -деп жазған еді. Қабылданған білімнің көлеміне, дербес ойлауда жеткізген деңгейіне байланысты білім бастауыш, орта, және жоғары болып бөлінеді. Игерілген білімнің сипатына және мазмұнына орай жалпы, кәсіби орта және кәсіби жоғары білімдер болып ажыратылады.
Негізгі педагогикалық ұғымдар қатарына біз жоғарыда қарастырып өткен ұғымдардан басқада жалпы мағынадағы ұғымдар қатарына: «Өзіндік тәрбие», «Өзіндік даму», «педагогикалық үдеріс», «педагогикалық ықпалдастық», «педагогикалық қызмет», «педагогикалық технология», «оқу-тәрбие инновациялары» сынды ұғымдары кіреді. Сонымен, басты педагогикалық ұғымдар қатарына қолданылатын түсінік сөздер: тәрбие, оқу, білім, даму, және қалыптасу. Олар бір-бірімен өзара байланысты келеді.
Педагогиканың категориялары:
Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 251 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |