Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі.

Читайте также:
  1. Дәріс. Музейдің жұмысының эконономикалық қызметі.
  2. Жалпы құрылымы және қызметі.
  3. Педагогика пәніне жатады: тұтас педагогикалық процесс
  4. Педагогикалық жағдатты шешу жолдары
  5. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы
  6. Педагогикалық процестің ерекшеліктері
  7. Субъектінің ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу және сапасын бағалау негіздері
  8. Тұтас педагогикалық процесс, компоненттері, қызметтері.
  9. Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен ұстанымдары

Швейцария – Песталоццидің отаны – ХҮІІІ ғасыр ортасында әлі де артта қалған феодалдық ел болды. Бірте-бірте швейцария деревнясына ене бастаған капитализм шаруаларды жіктей және жағдайы нашарлата бастады. Генрих Песталоцци Цюрих қаласында дәрігердің жанұясында 1746 жылы дүниеге келді. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Баланы анасы және жанұяға шын берілген қызметші әйел тәрбиеледі. Жанұяның материалдық жағдайы өте ауыр болды.

Балалық шағынан бастап, швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын байқап, Песталоцци дворяндар – памещиктер және мануфактура иелері оларды қалай қатты қанағанын көріп өсті.

Песталоцци алғашында білімді неміс бастауыш мектебінде, одан кейін латын орта мектебінде алды. Бұл мектептің оқу бағдарламасының нашарлығы және дайындығы жеткіліксіз оқытушылары жас Песталоццидің есінде берік қалды. Песталоцци Песталоцци жоғарғы оқу орнына түсіп, онда коллегиум, филология және философия бөлімдерінде оқыды. Песталоцци оқытқан жоғары мектептің кейбір профессорлары жастарды жан-жақты әртүрлі философиялық және саяси әдебиетпен таныстырды. 17 жастың өзінде Песталоцци Жан-Жак Руссоның “Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбегін оқып шықты. Руссоның “Қоғамдық шарт” еңбегінің жарық көруі Песталоцциге үлкен әсер етті. Цюрихтің жастары, оның ішінде Песталоцциде бар, жартылай жасырын үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірменің жиналысында тарих, саясат, мораль, Руссоның рухында жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Көп кешікпей қала әкімшілігі үйірмені жауып тастады, ал басқалармен бірге жас Песталоцииді қамауға алды.

Песталоцци оған қарамастан, бұрынғыша халқына, шаруаларға көмектесуге жұмыстанды. Шаруалардың өмірі оған өте ауыр көрінде. Шаруаларға көмектесу үшін Песталоции ауыл шаруашылығын зерттейді.

1769 жылы ол өзінің әлеуметтік экспериментін бастайды. Өзінің қарызға алған қаражатына “Негоф” (Жаңа аула) деп аталатын жер сатып алады, онда шаруаларды өз шаруашылығын дұрыс ұйымдастыруға үйрету мақсатында үлгілі форма ұйымдастырғысы келді.

1774 жылы ол Нейгофте “Жарлы және панасыз балалар үшін” мекеме ашады, онда 50 тарта жетім және панасыз балаларды жинайды. Оның ойы бойынша, мекемені балалардың өздерінің тапқан қаражатына ұстау қажет болды (жазда - егіс даласында, қыста – тігін станокторында).

Песталоцци балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретті, олардың тәрбиесімен айналысты.

Песталоцци өз мекемесінде оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру мәселесін іске асыруға жұмыстанды. Қаражаттың болмауына байланысты 1780 жылы бұл сәтсіздік халқына көмектесу мақсатында қалаған жолынан таймай, әрі қарай жалғастырды.

Келесі он сегіз жылын Песталоцци өзінің тәжірибесін және әдеби қызметін жинақтауға арнады.

1781 жылы Песталоцци өзінің “Лингард және Гертруда” атты белгілі әлеуметтік-педагогикалық романын аяқтай, баспадан жарық көреді. Бұл роман үлкен жетістіктерге жетеді, онда автор жаңа негізде қалай шаруаларын өмірін қайта құруға болатындығын көрсеткісі келді.

Бұл романда сол кезеңдегі Швейцариядағы ауыл өмірі бейнеленеді.

Песталоцци өз романында шаруалардың негізгі үш түрін көрсетеді: байыған шаруалар; қосымша табыс табу мақсатында мануфактураларда жұмыс істейтін орта шаруалар; күйзеліске ұшыраған, күн көрістің қамымен мануфактураға түгелдей жолдамалы істеуге көшкен шаруалар.

Романның басты қаһарманы, ақылды, шаруа әйелі Гертруда шаруашылық жүйесін тиімді жүргізудің үлгісін көрсете білді және өз балаларын оқытуды олардың еңбегімен ұштастыруды іске асырды. Мұғалім мектепте оқытуды Гертруданың үлгісімен жүргізді. Сонымен, “Лингард және Гертруда” романында Песталоцци шаруаларға көмектесудің жолын белгіледі және сонымен қатар әрбір ана балаларын оқыта білуі қажет екендігін көрсете білді.

Роман үлкен жетістіктерге жетті. Ол бірнеше тілдерге аударылды. “Лингард және Гертруда” романынан кейін Песталоццидің есімі кеңінен белгілі бола бастады. Еңбекшілердің өмірін жақсарту мүмкіндігі туралы қиялдар сол кездегі барлық алдыңғы қатарлы буржуазиялық зиялылардың ақыл-ойын толғандырды.

Француз республикасының заңдылық жиналысы 1792 жылы Песталоцциді “Лингард және Гертруда” романы үшін және оның аса дарынды педагогикалық қызметі үшін “француз азаматы” атағымен марапаттады.

Швейцарияда буржуазиялық революция болған кезде (1798), Песталоцци жас өкіметтің келісімен Станцаға барып, панасыз балалар үшін мекеме ашты, оған 80 тарта 5-10 жас аралығындағы балаларды қабылдады. Балалардың жағдайы дене және моральдық жағынан нашар болды. Песталоцци панасыз балалар үйін жанұя түрінде құруды, балаларды қайта тәрбиелеу, онда өндірістік еңбекпен ұштасқан оқытуды енгізуді жоспарлады. Бірақ Песталоццидің Станцадағы қызметі сегіз айға ғана жалғасты. Әскери әрекеттерге байланысты балалар мекемесі жабылып қалды. Бұл Песталоцциге қатты соққы болды.

Көп кешікпей Песталоцци Бургдорфте мұғалім қызметіне орналасады, ал кейіннен өзінің қызметкерлерімен Бургдорфте өз институтын ашады. Онда ол Станцада басталған тәжірибені одан әрі жалғастырады.

ХІХ ғ.басында Песталоццидің бірнеше еңбектері жарық көрді. “Қалай Гертруда өз балаларын үйретеді”, “Аналар үшін кітап”, “Бақылау әліппесі”, “Сан туралы көрнекі ілім”.

Бургдорфта орта мектеп интернатымен және жаңаша мұғалім даярлайтын бөлім ашылды. Институттың бастығы болып Песталоцци тағайындалды.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 211 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав