Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері

Читайте также:
  1. И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі.
  2. Педагогика пәніне жатады: тұтас педагогикалық процесс
  3. Педагогикалық жағдатты шешу жолдары
  4. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы
  5. Педагогикалық процестің ерекшеліктері
  6. Субъектінің ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу және сапасын бағалау негіздері
  7. Тұтас педагогикалық процесс, компоненттері, қызметтері.
  8. Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен ұстанымдары
  9. Тақырып. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.
  10. Тақырып. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.

Жоспары:

1. Қарым-қатынастағы педагог стилдері

2. М.Тален ұсынған оқытушылардың кәсіби позициялары.

Мазмұны.

Қарым-қатынас стилі дегеніміз не? Ол қалай қалыптасады?

Стиль ол жүйе мінездемесі, мақсатқа жету. Өзінің толықтығын қорғау.

Оқыту үдерісі екі жақты құбылыс. Оқытушылар ұжымы мен студенттердің арасындағы тығыз байланыс бұл оқу процесінің жетістігі деуге болады.

Студенттер оқытушыны бақылай отырып, оған өзінің бағасын береді. Педагогикалық этиканы, оның қағидаларын орындамаған, оған немқұрайлы қараған оқытушыны көрген студент те оқудың құндылығын бағалауға тырыспайды.

ЖОО ортада оқытушының шыншылдығына күмән туатын жағдайлар көптеп кездеседі. Оқытушы тарапынан студентке моральдық қысым жасау көріністері де байқалып қалады. Ал осындай келеңсіз көріністерге жол бермеу үшін өзін-өзі тәрбиелейтін, өзін-өзі тануға көмектесетін пән ЖОО-да оқылатын курс этика ережелері мен этикет нормаларын қарастырады

Неміс психологы К.Левин педагогикалық қарым-қатынастың мынадай стилдерін анықтайды:

1. Авторитарлық стиль қатаң басқару тенденциясы мен бақылау формасымен анықталады. Мұнда бұйрық беру жолы көп қолданылады.

2. Немқұрайлылық стилі. Оқу-тәрбие процесінде болып жатқан құбылыстардан, жауапкершіліктен өз басын алып қашу.

3. Демократиялық стильде ең бірінші орында фактілер бағаланады.

4. Бірлескен шығармашылық әрекетке қызығушылық негізіндегі қарым-қатынас стилі. Аталмыш стиль педагогтың жоғары кәсіби шеберлігі және оның этикалық ұстанымдарының бірлігі негізінде жүзеге асады.

5. Қашықтықтағы қарым-қатынас стилі. Бұл стильді қолданатындар әрі тәжірибелі мүғалімдер арасында, әрі жас мұғалімдер арасында да кездеседі.

6. Қорқыту стилі – бұл қашықтықтан қ-ққа түсудің ең тығырыққа тірелген формасы. Стильді көбінесе бірлескен шыармашылық әрекетке екінші субъект тарапынан нәтиже, тіпті қызығушылық тудыра алмаған жағдайда қолданылады.

7. Ойнақы қалжыңға бағытталған қарым-қатынас стилі – педагогикалық қарым-қатынасты нәтижелі ұйымдастыра алмаған тәжірбиесіз педагогтарға тән. Педагогикалық әдеп ережелеріне қарама-қайшы келетін стиль. Мүндай стильді тәжірибесіз жас мамандар балаларман, сыныппен тез тіл табысу қажет деп санайды. Бұл стиль тәрбиеші мен тәрбие үдерісіне үлкен зиян келтіруі мүмкін.

Пайда болу себептері:

- Өз алдында тұрған жауапты педагогикалық мәселелердң дұрыс түсінбеу;

- Қарым-қатынас біліктілігінің жетіспеуі;

- Сынып ұжымымен қатынастан қорқу және оқушылармен тез тіл табысу үшін.

Соңғы кездері шетелде қарастырылған педагогикалық қарым-қатынас стилдерінің ішіндң М.Тален ұсынған оқытушылардың кәсіби позицияларының типологиясына назар аударайық:

1. «Сократ» моделі.

Мұндай ұстанымдағы оқытушы пікірталас пен пікірсайыстардың құптаушысы және өз сабақтарыңда оларды қасақана түрде тудырушы. Оның сабақ беру әдісінде белгілі жүйе жоқтың қасы, өйткені ол оқу үдерісінде әрқашан да біреулермен қақтығыста болады. Оның шәкірттері өз позицияларын ұдайы нығайта отырып, оларды қорғай біледі.

2. «Топтық пікірталастың жетекшісі» моделі.

Ол оқу-тәрбиелік үдерістің басты мақсаты үйренушілер арасындағы келісім мен ынтымақтастыққа жету деп есептейді. Ал өзін шәкірттердің арасындағы делдел деп түсінеді, өйткені ол үшін пікірталас нәтижелерінен гөрі демократиялық ымыра мен бітімгершілік маңызды.

3. «Шебер» моделі.

Бұл ұстаз өз шәкірттеріне үлгі болуды қалайды. Үйренушілердің оның барлық әрекеттерін тек оқу процесінде ғана емес, сонымен бірге жалпы өмірге деген тұрғыдан бұлжытпай қайталауы керек.

4. «Гeнepaл мoдeлi. Қaтaң тaлaп қoюшы қaйткeнмeн дe өзiнiң aйтқaнын opындaтyғa ұмтылaды, өйткeнi өзiнiң cөзiн әpқaшaндa дұpыc дeп бaғaлaйды. 0ның oйыншa, cтyдeнт coлдaт тәpiздi тeк бұйpықтapғa ғaнa бaғынyы кepeк. M.Taлeннiң aйтyы бoйыншa, oқытyшылapдың бұл типi пeдaгoгикaлық пpaктикaдa бacқaлapғa қapaғaндa aнaғұpлым жиi кeздeсeдi.

5. «Meнeджep» мoдeлi.

Cтyдeнттiк тoптың тиiмдi жұмыcынaн құpaлғaн aтмocфepaмeн тiкeлeй бaйлaныcты. 0қытyшы cтyдeнт тapaпынaн бacтaмa мeн өзiндiк әpeкeттepдi бapыншa қyaттaп oтыpaды. Пeдaгoг әpбip cтyдeнтпeн oның шeшiп oтыpғaн пpoблeмa мaғынacын тaлқылayғa, cтyдeнттiң әpeкeттepiн бaқылaп, oлapғa әдiл бaғa бepyre әзip.

5. «Жaттықтыpyшы» мoдeлi.

Ayдитopиядaғы қapым-қaтынacтa oқытyшы мeн cтyдeнттep бip-бipiнe жaқын eкeндiгiн әбдeн ceзiнeтiндeй. Cтyдeнттep өздepiн құдды бip кoмaндa oйыншылapы peтiндe ceзiнeтiңдeй: мұндa жeкe тұлғaның eш мaңызы жoқ, өйткeнi oлap тeк бipлeciп қaнa көп шapyaны тындыpa aлaды. Пeдaгoг мұндa ұжымдық ұмтылыcтapдың ұйытқыcы pөлiн opындaйды. 0л үшiн eң бacты мәceлe ­ aяққы нәтижe, тaбыc, жeңic.

6. «Жoл ciлтeyшi» нeмece «Гид» мoдeлi.

Бұл oқытyшының «бiлмeйтiнi жep acтындa», oл ­ тipi энциклoпeдия тәpiздec. 0қытyшы өтe бaйcaлды, қыcқa әpi дәл cөйлeйдi. Бapлық cұpaқтapғa oл жayaп бepe aлaды. тiптi oғaн қaндaй cұpaқтapдың дa қoйылaтындығын бiлeдi. 0ның мiнi жoқ cияқты, coл ceбeптi дe oл көп жaғдaйдa cтyдeнттepгe қызықcыз көpiнeдi.

Әдебиеттер тізімі:

1. Исаева И.Ф. Профессионально-педагогическая культура преподавателья. Учебное пособие для студентов. М.2002.-208с.

2. Бәшірова Ж.Р.,Әлқожаева Н.С. Иман –тәрбие негізі. Алматы.1997ж.-56б.

3. Писаренко В., И. Писаренко. Педагогическая этика. Минск, 1986

4.Чернокозов И. Профессиональная этика учителя. Киев, 1988

5. А.Әлімов. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. А., 2009

 




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 151 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав