Читайте также:
|
|
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Дәріс №1
Тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас – өзара әрекеттесу формасы ретінде
жоспары:
1. Қарым-қатынас ұғымы туралы жалпы түсінік.
2. Педагогикалық қарым-қатынас – өзара әрекеттесу формасы ретінде
3. Педагогикалық қарым-қатынасты оқу үдерісінде іске асыру кезеңдері.
Мазмұны:
1.1. Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім-тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатуының ерекше жолы. «Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психология ғылымына алғаш А. Ф. Лазурский енгізген. Қарым-қатынас - тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. Психолог-педагогтар А. Н. Леонтьев, И. Ф. Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В. Н. Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестіреді. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен, (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлер бар.
Қарым-қатынас психологиясын зерттеген атақты маман В.А. Кан-Калик қарым-қатынастың 6 моделін көрсетеді:
1. Біріккен әрекет негізіндегі қатынас
2. Достық негіздегі қатынас
3. Диалогтік қатынас
4. Қорқыныш қатынас
5. Арақашықтық қатынас
6. Ойын қатынас.
Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге қол жеткізу мен қатынасты жақсарту мақсатындағы олардың күшін біріктіруге және келісімге келуге бағытталған екі немесе одан да көп адамдардың өзара әрекеттесуі.
1.2. Қарым-қатынас – педагогикалық үрдістегі өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейтесті мәселелердің құрамдас бөлшегі. Кәсіптік психопедагогикалық қарым-қатынастың ұйымдастырылуы – педагогтардың білім дәрежесінің сапасы мен шеберлігіне байланысты. Ал, педагогтарға мұндай қажетті қасиеттерді А. С. Макаренко «Өнер» деп бағалаған. Сондай-ақ қарым-қатынастың қалыптасуына В. С. Библер ерекше мән берді. Оның пікірінше «қарым-қатынас адамдардың мәдениеті мен өмірінің жандану жолы деп көрсетті. Арнаулы оқу орындарында немесе колледждерде алғаш келген жас педагогтар білімгерлермен қарым-қатынас жасаудың өте қиын екендігін айтады. Педагогикалық қызметте мынадай сұрақтарды жиі естуге болады: «Білімгерлермен қалай сөйлесу керек?», «Әзіл айтуға бола ды ма?» т.б. Осы сұрақтардың барлығы педагогикалық қарым-қатынасты меңгере білмеудің нәтижесінен туындап отыр. Педагогикалық қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, білімгерлер арасындағы байланыстың дамуын орнататын көп жоспарлы үрдіс..
А.С.Макаренко «Педагогикалық поэма» деген еңбегінде былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің тәжірибемде, сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке тұрмайтындар»; қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай отырып, қалай дауыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпейді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және де осы болуы тиіс», - деген.
1.3. Қарым-қатынастың бірінші кезеңі – қарым-қатынасты моделдеу деп аталады. Бұл кезең алдағы сабақтың мазмұнымен және әдістемелік компоненттермен тығыз байланысты болады. Әрбір топта қарым-қатынас үрдісінің өзгешелігі болады, демек, сол топтағы сабақтың да өтілуіне қарым-қатынас әсер етеді. Сабаққа әзірленудің белгілі үлгісі мынадай; бағдарламамен танысу, материалды сұрыптау, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу, бұған қоса алдағы уақыттағы қарым-қатынасты ұйымдастыруды болжау. Оның үстіне мұның соңғы айтылған аспектісі қалған барлығына, соның ішінде оқыту тәсілдеріне де ықпал етуі мүмкін.
ә) Топпен бастапқы байланыс жасау кезеңі – тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру деп аталады.
б) Үшінші кезең – қарым-қатынасты меңгеру.
Л. Н. Толстой былай деген екен: «Адам математикалық бөлшек сияқты. Оның бөлімінде – адамның өзі жөніндегі пікірі, алымында – адамның бағалылығы тұрады. Бөлімі өскен сайын бөлшектің мәні азая береді». Бұдан оқытушының өзі туралы өзіндік пікірі, өзіндік бағасы әділ болуы керектігі туындайды. Өзімшіл, өркөкірек оқытушы қарым-қатынаста демократияшыл стиль ұстанымдарына өзін-өзі бағындыра алмайды.
«Айтушы ақылды болса – тыңдаушы дана болады», «Мұғалімге қатаң болған жақсы. Мейірімді болған оданда жақсы», - дейді халық даналығы. А.П.Чехов те «Баланы мейіріммен меңгере алмаған адам қаталдықпен де бағындыра алмайды», -деп дәлелді тұжырымдаған. Осының бәрі оқытушы мен білімгер арасындағы арықатынастың демократиялық стилін жақтайды.
Қорыта келгенде, педагог білімгерлерге адамгершілік және рухани мәдениетті оның тамаша үлгілерін кәсіптік қарым-қатынас негізінде бере алады.
Әдебиеттер тізімі:
1.Сағытаев Т. С. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқу құралы. Қарағанды; ҚарМУ,
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Оқу құралы. –А., 2004, 65-бет.
4. Педагогика және психологиялық түсіндірме сөздігі. –А., «Мектеп», 2002, 248-бет.
5. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 223 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |