Читайте также:
|
|
Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.
Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады.
Жабық сынық кезінде зардап шегушінің киімін шешпей – таңғыш таяқты оның сыртынан салуға болады.
Жарақаттанған жерге ауырғанды төмендету үшін «суық» (мұз, қар салынған суық су құйылған резеңке қапшықты, суық таңғышты) басады.
12.Науқастарды тасымалдау кезінднгі қарым қатынас
13. Күйіктер кезіндегі алғашқы көмек көрсету.
Мұз салынған пакеттерді тікелей күйген жерге қоюға болмайды, өйткені бұл терінің одан бетер өлуіне әкеліп соғады. Күйген жерді абайлап кемінде 15 минут салқындату керек.Салқынды күйіктің алғашқы минутында жергілікті қолдану күйіктің тереңдігін азайтуға мүмкіндік береді. Дененің күйген бөлігіне қолмен тиісуге, денеге жабысқан киім қалдықтарын жұлып алуға болмайды (олардың жиектерін абайлап қайшымен қиюға болады). Дененің күйген бөлігіне зарарсыздандырған дәке басып, зардап шегушіге көбірек сұйықтық ішкізу қажет, оны жылы орап, жедел ауруханаға жеткізу қажет.
Күйік кезінде мыналарға тиым салынады:
- күлбіреулерді жаруға (өйткені бұл жарақаттың инфекциялануына алып келуі мүмкін)
- жақпа майларды қолдануға болмайды(өйткені олар жарақаттану көлемі мен тереңдігін үлкейтеді және микробтардың өсіп өнуіне қолайлы орта болып табылады);
- бояғыш заттарды (марганцовканың сулы ерітіндісі, метиленді көк) пайдалануға; өйткені олар дәрігер қараған кезде күю тереңдігін анықтауда қиындық туғызады;
- сондай-ақ күю тереңдігін анықтауда қиындық туғызатын йод, бриллиант көгі спирттік ерітіндісін қолдануға;
- жарақатқа ұнтақ (сода,крахмал), сондай-ақ сабын, шикі жұмыртқа тигізуге; өйткені олар күйген жерде қиын түсетін қабық пайда болуына және микроорганизмдердің өсіп өнуіне қолайлы орта болып табылады.
Егер мүмкіндік болса күйік алған зардап шегушіге тыныштандыратын және ауырсынуды басатын дәрі беру қажет.
14. Үсу кезіндегі Алғашқы медициналық көмек кезінде зардап шегушіні, әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерлерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру қажет.Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде мұны ұзақ уақыт жасауға тура келеді. Ысқылауды дененің үсіген бөлшегінде сезімталдық, қызару және жылыну пайда болған кезде тоқтатады. Дененің үсіген бөлігін қармен ысқылау қазіргі уақытта теориялық тұрғыдан негізсіз және практикалық тұрғыдан - қауіпті ретінде теріске шығарылады, өйткені суықты күшейтеді, алмұздақ теріні жаралап, үсінген бөлікті асқындырады.Жылытуды жылы ваннаның көмегімен жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40 градусқа дейін біртіндеп арттырған жөн. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған жерді сүртіп, таза таңғышпен орап, жылы ұстаған дұрыс.Сырқатқа жылы шай, кофе, сүт, жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді. Қан айналымын жақсарту шаралары, буындардың қозғалысы бақыланады. Үльтракүлгін сәуле және т. б. физиотерапиялық емдер қолданылады. Науқасқа ауруды сездірмеу үшін промедол, омнопон дәрілер беріледі, сіреспеге қарсы егіледі.Үсікті емдеу кезіндегі негізгі міндет, ылғалды гангренаның дамуын ескерту болып табылады, ал ол пайда болған кезде ылғалды гангренаның құрғақ гангренаға ауысуы үшін барлық шараны жасау қажет.
15. Қан кету кезіндегі алғашқы көмек.
Қан кету кезінде ең алдымен қандай қан тамырлары – күре тамыр, артерия, капиляр зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі.Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды.Артерия қаны жүректен периферияға түсетіндіктен,қан ағуын зақымданған жерден жоғары жердегі тамырды басу қажет.Артерияны сүйекке қатты қысу арқылы қысуға болады.Егер қан кету иықтың,иық маңының ж\е қолдың орташа ж\е төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан болса,иық артериясын басу қажет,егер қан кету иық буындары,қолтық асты бұғана аймағындағы жарадан кетсе,онда бұғана аймағындағы жарадан кетсе,онда бұғана н\е ұйқы артериясын басу керек.Егер аяқ жақтан кетсе.онда артериясын басады.
Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 536 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |