Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Коммерциялық банктерде лизинг мәні, оның субъектілері мен объектілері және түрлері

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  6. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  7. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  8. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  9. Ан топтарын және резус-факторды анықтау
  10. Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы — жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде кала беруінен көруге болады. 1. Шұғыл лизинг — бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.2. Каржы лизингі — бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.Осы лизингердің отандың және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:Ішкі лизинг — бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.Халықаралық лизинг — бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.Сыртқы лизинг экспорттың және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттың лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны косымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85 %-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80 %-дай мөлшерінде бір немесе бірнешенесиеберушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады. 1 — банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісім-шарт жасалып, несие беріледі; 2 — лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін шыға төлейді; 3 — жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 — лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісім-шарт жасалады; 5 — жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 — лизингті алушы кэсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 — лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептеледі:

ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС,

мұндағы:

ЛТ — лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА — ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ — лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ — лизингтік келісім-шарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ — көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС — лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құпға салынатын салық.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 48 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | <== 7 ==> | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав