Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Іс-әрекеттің әлеуметтік психологиясы, оның статусы мен құрылымы.

Читайте также:
  1. Аржылық бақылаудың мәні мен маңызы, оның әдістері.
  2. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері, қағидалары
  3. Дәріс. Музей жарнамасының маркетингтік құрылымы.
  4. Дәріс. Музей маркетингінің маңызы мен құрылымы.
  5. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.
  6. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.
  7. Діснама және әлеуметтік педагогика әдіснамасы ұғымдары
  8. ДОСТИГАЕМЫЕ СТАТУСЫ И РОЛИ. РОЛЕВОЕ ПОВЕДЕНИЕ
  9. Инвестициялық жобаның құрылымы : оның талдауы және өмірлік циклы

СӨЖ

 

 

Тақырып: Психоэмоционалдық зорлану жағдайын диагностикалау әдістемесі

 

 

Орындаған: Зарипова И

Группа: СПиС-21

Қабылдаған: Асылбекова М.П

Астана-2015

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

 

СӨЖ

 

 

Тақырып: Іс-әрекеттің әлеуметтік психологиясы, оның статусы мен құрылымы. (Баяндама)

 

 

Орындаған: Зарипова И

Группа: СПиС-21

Қабылдаған: Асылбекова М.П

Астана-2015

 

Іс-әрекеттің әлеуметтік психологиясы, оның статусы мен құрылымы.

Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде болашақ және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін созылады. Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр бойынша, адамзаттың болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам дамуына тәуелді болып табылады.Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады:

1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді.

2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді.

3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады.

4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады. Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді. Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысады. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді. Осындай жаңартулардың кысқаша мәнін іс-әрекет жүйесіндегі дамушы индуктивті көрсетуде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею үрдісі айқындалады. Осы мәселе тұрғысындағы зерттеулерде мақсатты білім алу үрдісім қарастыру негізгі сауалдарды құрайды. Өкінішке орай, оның әлеуметтік-психологиялық аспектісі жағынан зерттеу мәліметтері аз. Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та оның іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту, ұлғайту жағынап қарастырады. Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның басқалармен байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету ретінде монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни қарым-қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі қарастыралады. Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындағылары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен-бейнесін» түрліше қабылдайды. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді. Тұлғаның «Мен - концепциясы адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған. Американ психологы У.Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У.Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен» Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді.

1 Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі.

2 Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен - Концепциясы» оның маңайында қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады.

3 «Мен Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі болып, және де, әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдар жиынтығы болып табылады.

4 «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез - құлық оған толығымен бағына бастайды.

5 «Мен - Концепциясы» уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның прогностикалық құндылығы болып табылады.

6 Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалай тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады.

7 Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен - Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаныс стратегиялары қолданылады.

8 Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен - Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау. «Мен - Концепциясы» ары қарайғы дамуы «Мен - Концепциясын» бейнелеу үшін концептаулды - терминологиялық құрамын унификациялау бағытында жүрді және өлшеулер үшін сенімді эмпирикалық референттерді іздеуге бағытталған, соның негізінде, ол бірлік немесе индивидтің өзіне деген бағдарлар құрылымы ретінде қарала бастаған. Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды «Мен» (индивидтің дәл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы) - әлеуметтік «Мен» (индивидтің ойынша қоршағандары қалай қабылдайтындығы жайлы) - идеалды «Мен» (индивидтің болғысы келетін бейнесі».




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 150 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав