Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Ұжымды басқарудың психологиялық негіздері.

Читайте также:
  1. B) тапсырмаларды анағұрлым дұрысырақ орындауы үшін психологиялық мобилизациялау мүмкіндігін береді
  2. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі
  3. Басқарудың дәстүрлі емес жүйесіне
  4. Дәріс. Музей қызметін жоспарлау.
  5. Дәріс. Музей жарнамасының маркетингтік құрылымы.
  6. Дәріс. Музей ісі және музей интеграциясын басқару жүйесі.
  7. Дәріс. Музей маркетингінің маңызы мен құрылымы.
  8. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.
  9. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.

Мақсаты: еңбек ұйымының негізгі принциптары (қағидалары) туралы түсінік беру.

Кілт сөздер: топ, басшы (топбасшы, жетекші), мотивация, мақсат, көшбасшылық, стимул (ынталандыру).

Жетекші немесе басшы күнделікті топпен бірге жұмыс жасап отыруы керек. Жоғарғы дәрежедегі кәсібилік, топ мүшелерінің жауапкершілігі, қызметтегі ауызбіршілік пен өзара қолдау (көмек) – жетістікке жетер басты жол (жетістікке жетудің басты кепілі). Ал, керісінше, топ мүшелерін іріктеу жұмысына душар болса, ол кез-келген мықты жетекшінің өзін тығырыққа тіреуі мүмкін. Егер қабілетсіз қызметкердің кесірінен бұйрықтар уақытысында орындалмай, құжаттар (хаттар) жоғалып, кездесулер кейінге қалдырылып не мүлде жүзеге асырылмай жатса, онда мұндай фирмадан (компаниядан) нәтижелі жұмыс күту мүмкін емес.
Топ құру – кез-келген жетекші үшін жауапты жұмыс (әр жетекшінің басты әрі маңызды жұмысы болып табылады). Бір сөзбен айтқанда, топ оның жұмыс барысындағы басты құралы десе де болады. Сол себепті, кейде, жетекші қызметін (қызмет/ жұмыс орнын) ауыстырғанда өз тобын қоса алып жүруі де тегін емес. Сонымен қатар топта топ мүшелерінің психологиялық тұрғыдан уйлесімділігі де маңызды болып келеді (үйлесімді болуы үлкен маңызға ие). Топта «кездейсоқ адамның» болмағаны дұрыс. Онда болатын түрлі ұрыс-керістер мен түсініспеушіліктер ұйымның (топтың) дәрежесіне нұқсан келтіріп, жұмысқа кері әсерін тигізеді. Сондықтан ұрыс-керіске себепшілерді (арандатушыларды) өзісінің кәсіби шебері болса да жұмыстан босатқан (шығарған) дұрыс.
Жетекші (топбасшысы) топ мүшелерінеқамқорлықтанытып, түрліжағдайларда (ситуацияларда) құлұшын (көмек) беріп, топқа қатысты кез-келген ұтымды мотивацияларды ескере отырып, моральді және материалды тұрғыдағы ынталандыруларды ұтымды пайдалануы қажет. Сонымен қатар ұжымның ауызбіршіліг імықты және өзара тығыз байланыста болуы керек. Алайды, топ мүшелері арасындағы белігілі-бір қатынастар (жеке бастың мәселелері) жұмыс барысына кедергі келтірмес үшін қажетті дәрежеде арақашықтықты сақтаған (да) пайдалы (дұрыс). Міне, сондықтан көп жерлерде топ құрамына туған-туыстар мен жақын достарды алуды (қосуды) құп көрмейді. Себебі, олардың арасында іскерлік пен басқа қатынастарды ажырату (бөліп қарау) қиынға соғады.
Жетекші ұйымды өзінің нұсқаулары мен бұйрықтары арқылы басқарады. Ал, сол нұсқаулар мен бұйрықтарды ұжымның барлық жұмысшыларына (бағынушыларына/қызметкерлеріне) жеткізіп, оның орындалуын, жүзеге асуын қадағалауда жетекшіге тобы көмек көрсетеді. Бұйрықтар мен тапсырмалар ауызша, жазбаша нұсқада болып, компьютер мен электронды почтаның көмегімен алушыға дейін жіберілуі (жеткізілуі) мүмкін. Ол құжаттар міндетті түрде орындаушының атынан қабылданып, түсінікті, анық және мүмкіндігінше қысқа болғаны жөн. Кейде осы бұйрықтың қажеттілігін түсіндіретін кіріспе бөлім қажет.
Маңызды, әсіресе күрделі мәселелерге байланысты құжаттар жазбаша нұсқада дайындалуы керек. Ол әр тараптың әңгімені (сұхбатты) өзінше түсінуімен (қабылдауымен, есте сақтауымен) байланысты. Өйткені, әдетте әр тараптың (сұхбаттасушының) есінде өзі үшін тиімді ұсыныстар ғана қалатыны мәлім. Бұйрықтар есеп жүргізуде (іс жүргізуде) қабылданған заңдар (ережелер) бойына рәсімделеді. Есте ұстарлық бір жайт, бұйрықтың кейбір түрлеріне шағым жасалып, сотта қаралуы мүмкін. Ол көбіне кадрлар (қызметкерлер) құрамы мәселесіне байланысты бұйрықтарға (іс-қағаздарға) байланысты.
Көптеген жетекшілердің қызметтік міндетіне басшылық пен іскерлік жұмыстар қатар кіреді. Мысалы, химиялық зауыттың бас инженері, ол басшы ғанае мес, сонымен қатар инженер де. Ал аурухананың бас дәрігері басшылықпен (жетекшілікпен) ғана айналыспай, науқастарды емдеп те білуі қажет. Мұндай топқа (типке) жататын басшылар уақыт өте келе іскерлік салада да өз мүмкіншіліктерін, қабілеті мен білімін көрсетіп тұруы керек.

Керісінше жағдайда, жетекшінің өз бағынушылары (тобының) алдында дәрежесі төмендеуі мүмкін.
Бірақ, басшылық қызметі кәсіби жұмысынан ажыратылған жетекшілер де бар. Көп жағдайда адам (жетекші, басшы) өз ұйымы қамтитын бар саланы қамтуға құзыреттілігі (қауқары) жетпей жатады. Себебі қарапайым - "нельзя объять необъятное". Сондықтан университет ректоры да, ғылыми зерттеу институтының директоры да, ең бірінші өзінің қызметкерлерін жұмылдырып біріктіретін және де озінің басшылығындағы қызметкерлердін атқаратын жұмыстарын білу керек. Осыған қоса менеджердің жұмысын қоса орындап, жеке бір бөлімін профессионалды түрде атқарады. Сонымен, адам өзі танымайтын қызмет түрімен басқара алама деген сұраққа біз ия деп жауап бере аламыз. Бірақ басшы өзіне қызметке мықты мамандарды алуы тиіс. Басшы қызметкерлерін айыптамай, маңызды шешімдерді қызметкерлерімен ақылдаса отырып қабылдауы тиіс.

90 жылдардағы биліктегі өзгерістерден кейін, музейлермен басқару билігі директорлармен жоғарғы билік өкілдеріне тапсырылды. Бұл жағдай үлкен қиындықтар туғызды, себебі бұрынғы орталық билік бәсеңдеп азайды, ақшалай қаражат бәсеңдеді, қоғамда мәдениетке деген қызығушылық азайды.

Бақылау сұрақтары:

Басқарудың ерекше күрделі аспектісі нені түсіндіреді?

Адамның ішкі әлем туралы идеялар қалыптастыру психоаналитической теориясы рөлі.

Оқыту теориясының негізгі мазмұны.

Тұлғааралық қарым-қатынас пен жеке тұлғалардың психологиялық түрлерін есепке алудың маңыздылығы.

Әдебиеттер: Размустова Т. Требуется личность... (Музейный лидер - острая проблема дальнейшего развития отечественных музеев) // Советский музей. 1991. № 3; Майлз Р. Как музеи научились мобилизовать внутренние ресурсы. Десятилетие перемен в музейном секторе Великобритании // Музеи в период перемен. – СПб.: Контрфорс, 1997; Абрамова Г.С. Практическая психология, М., 2001




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав