Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика жағдайында оның дамуын мемлекеттік реттеу

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  6. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  7. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  8. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  9. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  10. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница

8.2.1 Әлеуметтік инфрақұрылымның құрамы. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру

8.2.2 Әлеуметтік саладағы жағдайды жалпы бағалау

8.2.3 Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары

1-сұрақ. Әлеуметтік инфрақұрылым нені білдіретінін есімізге түсірейік. Әлеуметтік инфрақұрылым сапалы жұмыс күшінің үздіксіз ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін салаларды (денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамактандыру, демалысты ұйымдастыру, спорт, туризм және т.б.) біріктіреді.

Әлеуметтік саясат жөнінде жұмыссыздар мен кедейлерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралғанда «Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және еңбек нарығы» тақырыбында сөз қозғалған. Алайда, әлеуметтік саясат - бұл халықты әлеуметтік қорғау ғана емес, оған өндіріс саласының көптеген аспектілері де (жұмыс күнінің ұзақтығын, ең төмен еңбекақыны, еңбекті қорғауды белгілеу және т.б.) кіреді.

Әлеуметтік қамтамасыз етуге көмектің қандай түрлері жатады? Ең алдымен, оған халықтың жеке кірісі мен күнкөріс көзі жоқ не олардың мөлшері шектелген, жеткіліксіз жекелеген көбінесе еңбекке жарамсыз топтары мен санаттарына көрсетілетін материалдық қолдаудың, ақшалай көмектің сан алуан түрлері енеді.

Бақытсыздыққа тап болған, табиғи және әлеуметтік апаттардан, зілзалалардан зардап шеккен адамдарға жәрдем көрсету әлеуметтік экономиканың ерекше саласын құрайды.

Қоршаған ортаның адамдардың тіршілік ету қабілеті мен өмір сүру сапасына әсер етуін сипаттайтын экологиялық экономика да әлеуметтік экономикаға жатқызылуға тиіс.

Қызметі бірінші кезекте адамның, отбасының қажетін қанағатгандыруға бағытталған және әлеуметтік сұраныстарды көздейтін экономика әлеуметтік бағдарланған деп аталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (1-бап): Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп айтылады.

Мемлекет, егер ол әлеуметтік болып табылса, әлеуметтік саясатты жүргізуге тиіс.

Әлеуметтік саясаттың мәніне және оның негізгі бағыттарына анықтама берейік.

Ең алдымен, әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының
әлеуметтік және ұлтаралық саясат кіретін бағыттарының бірі
болып табылады. Әлеуметтік саясаттың мақсаты қоғам мүшелерінің қажетін бұдан да толық қанағаттандыру, олардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Әлеуметтік саясат - мемлекеттің халықтың өмір сүру деңгейін өзгертуге, қоғамдағы әділдікті қолдауға, нарықтық экономиканың жағымсыз салдарын бейтараптандыруға; халықты әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталған іс-шараларының жиынтығы.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты азаматтардың барлық дерлік қажетін емес, олардың өздері объективтік жағдайлар салдарынан қамтамасыз ете алмайтындарын ғана қамтамасыз етуді көздейтініне назар аудару қажет.

Әлеуметтік саясаттың маңызы адамдардың өз проблемаларын өздері шешу үшін ғана оларға жағдай жасауға негізделеді.

Дені сау және еңбекке жарамды адамдардың негізгі көпшілігі өздерінің негізгі тіршілік ету қажеттерін өздері қамтамасыз етуге тиіс. Қоғам, мемлекет және оның институттары тарапынан осы адамдардың бөлігіне жұмысқа орналасу, олардың еңбек және конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғауда көмек көрсетілуі мүмкін.

Осылайша, әлеуметтік саясат тек еңбекке жарамды азаматтардың өзін-өзі қамтамасыз ету және сонымен қатар еңбек жасына жетпеген немесе еңбекке жарамсыз жасқа жеткен және қоғам мен мемлекеттің қамқорлығын қажет ететіндерді нысаналы қамтамасыз етудің тиісті үдерісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Мемлекеттің мақсаттары жөнінде мәселе қаралатын теориялардың ішінен біздің мемлекеттік құрылымның тәжірибесі мен қоғам менталитетіне толық шамада жауап беретін әлеуметтік мемлекет теориясы баса назар аудартады. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және құқық бұзу оқиғаларын қоспағанда, («мемлекет - түнгі күзетші» теориясы) мемлекет қоғамдық өмірге араласпауы тиіс деп айтылатын бұрын болған тұжырымдамаға қарама-қарсы болып табылады.

Әлеуметтік мемлекет теориясының мәні мемлекет таптан тыс болады, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіреді, олардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы теорияға сәйкес қазіргі заманғы құқықтық мемлекет мемлекеттіліктің дамуының жаңа кезеңі болып табылады. «Классикалық либерализм» дәуірінің құқықтық мемлекеті жеке адамның мүдделерін қоғам мүдделерінен жоғары, экономикаға араласпау идеологиясына негізделген және құқықтық тәртіпті қорғау қызметін ғана атқарған. Мемлекетті бірте-бірте әлеуметтендіру адамның лайықты өмір сүруі мен еркін дамуын қамтамасыз етуді элеуеттік мемлекеттің бағдарламалық мақсаты деп таныған жаңа тұжырымдаманың бекітілуіне арқау болды.

2-сұрақ. 2007 жылға дейінгі (2005-2007 жж.) әлеуметтік реформалар бағдарламаларын іске асырудың негізгі бағыттарын қарастырайық.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп ұсынған бағдарламаның мақсаты жауапкершіліктің мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің арасында бөлінуі, қаржылық жағынан тұрақты, экономикалық тиімді, сонымен бірге әлеуметтік жағынан әділетті әлеуметтік қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін құру болды. Реформалау жоспарын сараптауды БҰҰ ДБ-ның, ДДҰ-ның және Әлемдік банктің өкілдері жүргізді.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру әлеуметтік саясат жүргізудегі жаңа тәсіл деп танылады.

Бірінші деңгейге негізгі әлеуметтік төлемдер (қарттыққа байланысты мемлекеттік зейнетақы төлемдері; мүгедектерге немесе асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақылар; жерлеуге төленетін мемлекеттік жәрдемақылар) жатады. Бұл төлемдер әлеуметтік қолдаудың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етеді және еңбек өтілі мен еңбекақыға қарамастан төленетін болады.

Екінші деңгей 2005 жылы міндетті әлеуметтік сақтандырудың (МӘС) енгізілуімен байланысты. МӘС жүйесіне қатысушылар негізгі әлеуметтік қауіп-қатерлер (еңбек ету қабілетінен, асыраушыдан, жұмыстан айрылу) туындағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алатын болады.

Үшінші деңгейде жұмыс беруші мен қызметкердің жауапкершілігі қарастырылады. Ең төменгі есептік көрсеткіш келмеске кетті. Енді негізгі әлеуметтік индикатор ретінде күнкөрістің ең төмен деңгейі қабылданды. Ол нені білдіреді?

Күнкөрістің ең төмен деңгейі - бұл бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс, ол ең темен түлынушы қоржынының қү_нына тең.

Қазіргі уақытта тұтынушы жиынтығының сұрыпталымы 20-дан 43 атауға дейін кеңейтілді. Сондай-ақ «өнім — қызметтер» арақатынасы да өзгерді. Алғашқылардың үлесі 60%-ға дейін төмендеді, енді басқа тауарлар мен қызметтердің үлесі 30-дан 40%-ға дейінді құрайды.

Соңғы жылдары халықтың кірісі өсті, бұл тұтынушылар шығынының мөлшері мен құрылымының да өзгеруіне әкеп соқтырды. Қоржын ет, өсімдік және сүт тағамдары, сондай-ақ көкөніс және жеміс сияқты түрлі пайдалы өнімдермен толықгы.

Халықтың жан басына шаққанда азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тұтынудың арақатынасы орташа 50%-ға 50%-ды, ал табысы аз үй шаруашылықтарында - 60%-ды 40%-ға құрайды. Бұл күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшерін анықтау әдістемесін қайта қарау үшін негіз болды. Азық-түлік емес бөлік 1617-ден 2680 теңгеге дейін едәуір артты (2004 жылдың қыркүйегінің бағалары бойынша). 2005 жылы жаңа әдістеме бойынша күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері 7000 теңгеден асты, ал 2006 жылы -7,5 мыңды (немесе7525, дағдарысқа түзету қосылады) құрады.

2006 жылдан бастап негізгі зейнетақы енгізілді. Ол адамның еңбек етуіне және еңбек етпеуіне қарамастан төленеді. Осы шешім кез келген мемлекеттің өркендеп дамуы мен тұрақтылығы жасы келгеннен кейін немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істей алмайтын және өз бетімен кіріс ала алмайтындарға қамқорлық жасау қабілетін білдіруіне байланысты қажет болды.

2007 жылы қарттыққа байланысты негізгі зейнетақы 3000 теңгені құрады. Сонымен бірге зейнетақы жинақтау жүйесіне толық көшкен 1998 жылға дейін қажетті еңбек өтілі бар азаматтарға ынтымақты (үлестірмелі) зейнетақы төлеу сақталады.

Келешекте үлестірмелі жүйедегі зейнетақыларды арттыру саясатын жалғастыру жоспарлануда.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің екінші деңгейі - зейнетақы жинақтаушы қорлардан төлем төлеу, ал үшіншісі ерікті және кәсіби зейнетақы сүлбаларының дамуымен байланысты.

2007 жылы негізгі әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері 8861 теңгені; зейнетақының ен төменгі мөлшері - 7236 теңгені; еңбекақының ең төмен мөлшері - 9752 теңгені қү_рады. 2007 жылдың ақпанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 45699 теңгені құрады және өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 25,3%-ға, іс жүзінде 16,1%-ға өсті. Атаулы еңбекақының өсуі экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы 49,9%-ға, білім беруде - 27,8%-ға, өнеркәсіпте - 24,7%-ға, ауыл шаруашылығында -23,9%-ға, құрылыста - 22%-ға, мемлекеттік басқаруда - 18,7%-ға өсті. Бала туу жөніндегі біржолғы жәрдемақыдан басқа (15АЕК) тұрмысы нашар отбасындағы 18 жасқа дейнгі балаларға ай сайын жәрдемақы төлеу енгізілді, отбасының кірісіне қарамастан 1 жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі ай сайынғы төлемдер енгізілуде.

Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне ықпал ететін өмір сапасының ұлттық стандартын қамтамасыз ету болып табылады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес (2008 жылғы ақпан) зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай және сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны (2010-2012 жылдары) 2,5 есеге арттыру қамтамасыз етілуге тиіс.

Жүктілік пен бала туу жөнінде міндетті сақтандыру енгізіліп, әйелдер сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін декреттік демалыста болатын кезеңде олардың зейнетақы жинақтауларына қосылады. 2010 жылдан бастап төрт және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері өсірілетін болады, тұрғын үй мәселесін шешуге жәрдем көрсетіледі.

3-сұрақ. Әлеуметтік саясатты іске асыру үшін мемлекеттік реттеудің түрлі әдістері қолданылады.

Құқықтық реттеу - мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын құқықтық кесімдер мен нормативтік

құжаттар, олардың қолданылуы меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға таратылады.

Қаржылық - кредиттік реттеу — қаржы ағындарын басқару жөніндегі тұтқаларды пайдалану.

Осы әдісті іске асырудың негізгі нысаны мемлекеттік бюджетте солардың есебінен бюджеттік салалар - әлеуметтік орта салалары қаржыландырылатын баптарды бөлу. Қаржылық реттеудің басқа нысаны - солардың есебінен әлеуметтік саланың тиісті салалары қаржыландырылатын бюджеттен тыс әлеуметтік: зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларын құру.

Жекешелендіру, яғни әлеуметтік сала кәсіпорындарын жеке меншікке беру, эдетте шектелген.

Мақсатты бағдарламалар - «Қант диабеті», «Мигрант», «Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес» сияқты ең өткір әлеуметтік проблемалар бойынша әлеуметтік бағытталған бағдарламалар. Олар да мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Әлеуметтік саясат құралдары - әлеуметтік кепілдіктер, стандарттар, тұтыну бюджеттері, еңбекақының ең төмен мөлшері және табалдырықтық әлеуметтік шектеулер.

Әлеуметтік кепілдіктерде мемлекеттің азаматтардың алдындағы да, азаматтардың мемлекеттің алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі де бекітілген: мысалы, мемлекеттік бюджеттен отбасы мен балаларды қолдау бағдарламасын іске асыруға, білім беру мен мәдениет кызметтерін дамытуға қаржы басымдық тәртіппен бөлінеді.

Әлеуметтік стандарттар - Конституцияда тегін берілуге кепілдік берілген әлеуметтік қызметтердің нысандары мен мөлшерлерін әзірлеу. Әлеуметтік стандартгар қаржы нормативтерін белгілеу үшін қажет, мысалы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулысымен халық басына шаққанда күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері белгіленеді.

Ең төменгі тұтыну бюджеті - әлеуметтік саясаттың маңызды элементі. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, кірістер реттеледі, ол әлеуметтік төлемдерде есептеледі.

 

Қайталау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саладағы пайда болған жалпы жағдайды сипаттау.

2. Әлеуметтік қайшылықтардың өткірлеуінің себебін түсіндір.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 55 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі | Білім алушының білімін тексеруге арналған сұрақтар | Экономикалық дамудың турпаттары | Білім алушының білімін тексеруге арналған сұрақтар | Ел экономикасын бюджеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері | Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі | Тақырып. Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикаылқ іс-әрекеттерін реттеу | Сыртқы экономикалық іс – әрекетті мемлекеттік реттеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав