Читайте также:
|
|
14.2.1 Мемлекеттің сыртқы саясатының мәні, мазмұны, негізгі әдістемелік принциптері мен құралдары
14.2.2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары
14.2.3 Мемлекеттің интеграциялық халықаралық экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі қызметі
14.2.4 Қазақстанның сыртқы саудасының БСҰ на кірер алдындағы міндеттері
1-сұрақ. Қазақстан егемен мемлекет ретінде өзінің даму бағытын дербес таңдайды, басымдықтарын өзі белгілейді.
Қазақстан сыртқы экономикалық байланыстар мен сыртқы нарыққа шығу жоспарларын өз алдына жасайды.
Алайда, реформалар бағыты бойынша дәйекті әрі әрдайым өзгермей ілгерілеу, ашық экономика саясатын жүргізу, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Оңды жетістіктер қатарына мыналар жатады:
• 1995 жылы ҚР «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы Заңының қабылдануына байланысты сыртқы экономикалық қызмет субъектілері санының едәуір артуы. Заңға сәйкес стратегиялық маңызды ресурстардың экспорты мен импортын қоспағанда барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге сыртқы экономикалық қызметті дербес жүргізуге құқық берілді;
• мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын монополиясыздандыру;
• заңнамада тыйым салынбаған өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау мен квоталаудың алып тасталуы;
• есебі жүргізілетін сипаттағы келісімшарттарды тіркеу жүйесін енгізу;
• импортқа мемлекеттік тапсырыс жүйесінен мемлекеттік көтерме сатып алуға көшу.
Осы шаралардың барлығы сыртқы сауданың дамуына әсер етті, алғашқы рет сауда балансының жағымды балансына қол жеткізуге ықпал етті. Мысалы, ол 1995 жылы 1232,3 млн долларды, 1996 жылы - 1969,1 млн долларды құрады.
Сонымен бірге реформалау барысындағы келеңсіздіктер мен қателіктер нәтижесінде туындаған және сыртқы саясатты әзірлеуге әсер еткен мына кейбір жағымсыз үрдістер де байқалды:
• біріншіден, тэуелсіздіктің алғашқы жылдары заңнамада толық қамтылмауынан құнды шикізаттар экспортқа әлемдіктен төмен бағалармен кетті, мұның өзі бюджетке валюталық қаржының келіп түспеуіне әкеп соқтырды;
екіншіден, мемлекет тарапынан ірі экспорттаушы кәсіпорындардың сыртқы сауда операцияларын жүргізу барысын тиісінше бақылаудың болмауынан шетел фирмаларының жеткізілетін өнім үшін төлемеуінің артуы на ықпал етті, мұның өзі де экономикадағы дағдарыс құбылыстарын одан әрі күшейтті;
• үшіншіден, республикаға сапасыз тауарлардың жаппай әкелінуі көптеген отандық кәсіпорындардың банкроттануына әкеп соқтырды.
Осы жағдайларда мемлекетке сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) реттеу құралдарын белсенді пайдалану қажет.
Квоталау, лщензиялау, валюталъщ реттеу, сондай-ақ салықтар, баждар және т.б. СЭҚ-ті реттеу құралдары болып табылады.
Әкімшілік реттеу құралдары, әсіресе ел экономикалық тұрақсыз, тапшылық және дағдарыс жағдайда болғанда ерекше тиімді. Олар экономиканы қорғау уақытша (импортқа квота) не оны жұмылдыру арқылы қалпына келтіру және ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында уақытша қолданылады.
Экономиканы тұрақтандыру кезеңінде экономикалық реттеу құралдары маңызды орын алады.
Тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен, ақпаратпен халықаралық алмасу саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріндегі сыртқы сауда субъектілердің сыртқы экономикалық байланыстарының аса маңызды нысандарының бірі болып табылады. Оған зияткерлік қызмет нәтижелерімен алмасу, оның ішінде оларға ерекше құқықтар да кіреді.
Экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мен оньщ жүзеге асырылуын бақылау жүйесінің бірлігі.
2. Елдің кеден аумағыньщ біртұтастығы.
3. Экономикалық реттеу шараларының басымдығы.
4. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың теңдігіжәне мемлекеттің олардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғауы
2-сұрақ. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуы көбінесе ол жүзеге асырылатын жағдайларды ырықтандырылуына байланысты. Қазіргі уақытта ол сыртқы саудадағы және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да түрлеріне мемлекеттік монополияның едәуір әлсіреуімен сипатталады.
Меншік нысандары және шаруашылық қызметінің түрлері әр түрлі кәсіпорындар мен үйымдарда сыртқы нарыққа тікелей шыға алады.
Сыртқы сауда қызметіне ықпал ету импорттық және экспорттық кеден баждары, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында экспорттық және импорттық мөлшерлік шектеулер-ді белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Мөлшерлік шектеулер белгіленгенде квота белу мен лицензия беру негізінен конкурс немесе аукцион өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың практикалық қызметінің негізгі басымдықтарын (бағдарларын) атап өтейік.
Импорт саласында: импорт тарифін жетілдіру - оны барынша егжей-тегжейлі нақтылау, мөлшерлемелерді құрылымдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес саралау; техникалық кедергілерді бұдан да кең қолдануын, қорғаныс (өтемақылық және демпингке қарсы баждарды), сондай-ақ әріптестердің заңсыз іс-әрекетіне жауап іс-шараны пайдалану).
Экспорт саласында: дәстүрлі емес отандық өнімді халықаралық ережелер шеңберінде сыртқы нарықтарға жылжытуды экономикалық ынталандыру және қаржылық қолдауды күшейту; еліміздің экспорттық әлеуетін ең алдымен өңдеуші салалар есебінен, алдағы жылдары іске асыруды қамтамасыз ететін құрылымдық саясатты қамтамасыз ететін құралдардың көмегімен кеңейту.
Капитол қозғалысы саласында: Қазақстанда шетел инвестицияларын және шетелде отандық капитал салымдарын жүзеге асыруды тәртіптейтін заңнаманы реттеу және оның республикалық және аймақтық деңгейлерде тиісінше орындалуына кепілдівсті қамтамасыз ету; импорттық және бартерлік операцияларды тиімді кедендік-банктік бақылауды осы арналар бойынша елімізден капиталдың кемуін қысқарту мақсатында жүзеге асыру. Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытындылар жасауға болады:
1. Ішкі жағдайға біршама тэуелді емес сыртқы экономикалық саясат дағдарыс жағдайынан тыс және экономиканың барлық саласында тұрақты өсу байқалатын елдерде ғанажүргізілуі мүмкін екенін біржолата мойындау қажет.
2. Бүгінгі күні республикамызда қалыптасқан ішкі шаруашылық және әлеуметтік жағдайда сыртқы экономикалық саясаттың басты қағидаты - отандық өндірушілерді тиімді қорғауды, сондай-ақ тауарлардың, төлемдердің, кірістердің толыққанды қозғалысын, еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тарифтік саясаттың оралымдылығы болуы тиіс.
3-сұрақ. 2000 жылы құрылған ЕуроАзЭҚ - Еуропалық-Азиялық экономикалық қауымдастық мысалында интеграциялық ынтымақтастықтың бағыттарын қарастырайық.
Естеріңізге сала кетсек, ЕуроАзЭҚ-на Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тэжікстан және Өзбекстан, бақылаушылар ретінде - Армения, Молдова және Украина кіреді
Еуразиялық экономикалық қауымдастығы құрылымында мемлекетаралық банк құрылған, ол оған кіретін елдер іске асыратын жобаларды тиімді инвестициялауға мүмкіндік береді.
Толықтай, Қауымдастық шеңберіндегі интеграциялық процестердің дамуының қарқыны айтарлықтай жоғары. Соңғы уақытта бірқатар көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Мысалы, 2000-2004 жыл-дары ЖІӨ-нің өсуі Беларусьте 6,5%-ды, Қазақстанда - 10,3%-ды, Қырғызстанда - 4,8%-ды, Ресейде - 6,2%-ды, Тэжікстанда - 9,7%-ды құрады.
Жер-жерде өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының өнді-рісі өсті. 2004 жылы ЕуроАзЭҚ шеңберінде тауар айналымының мөлшері 2003 жылға қарағанда 40%-ға артты және 28 млрд долларға жетті.
Түрлі құжаттарды келісу жөнінде көп жұмыс жасалды. Кеден одағын және біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруға бағытталған он халықаралық-құқықтық құжат: Агроөнеркәсіптік саясат тұжырымдамасы, Көлік дәліздерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі келісілген саясат жүргізу жөніндегі келісім, ЕуроАзЭҚ мүше мемлекеттердің кеден аумағында өндірілетін және оған әкелінетін акцизделетін тауарлардың негізгі тізбесі мен ең төменгі мөлшерлемелері қабылданды.
Сонымен қатар басымды бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын талдау 2004 жылға жоспарланған 42-тармақтың бүгінгі күнге тек жартысынан сәл көбірегі ғана орындалғанын көрсетеді, ал олар біртұгас экономикалық кеңіс-тікті қалыптастырумен, экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қалыптастырумен байланысты. Үш мемлекеттің-Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің жалпы кеден тарифінің негізгі тізбесі белгіленген мерзімде қалыптастырылмады, бұл өз кезегінде қауымдастықтың Кеден одағын құруды кідіртті.
Осы уақытқа дейін мемлекетаралық нысаналы бағдарламаларды қаржыландыру тетігі құрылған жоқ. Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің жобасын келісу баяу жүруде. Қауымдастыққа қатысатын елдердің үлттық тасымалдаушыларына ең қысқа бағдарлар бойынша және барынша төмен көлік шығындарымен жүк жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Көлік одағын құру тақырыбы тиісінше дамымауда. Тауарларды Батыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия арасында тасымалдағанда (айналым шамамен 300 млрд доллар-ды құрайды) олардың тек бір ғана пайызы ЕураАзЭҚ елдерінің аумағы арқылы тасымалданады.
Сонымен, нарықтық қайта құрулардың түрлі қарқындары, жекелеген мемлекеттердің менталитеті интеграциялық одақтардың мемлекеттері шешуге тиіс мемлекетаралық проблемалардың ба-рын айғақтайды.
4-сұрақ. Қазақстан БСҰ-на кіруге белсенді дайындалу үстінде екені белгілі. Келіссөз процесінде тауарлық нарықтарды қорғау деңгейі жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізу, қызмет көрсету саласында міндеттемелер қабылдау және жүйелі мэселелерді шешу қажет. Бұл ретте ауыл шаруашылығы басымды қорғалатын сала болып қала береді.
Жүйелі талаптар саласында анықталған шегінулерге жол беруге тура келеді: дизель отынын экспорттауға жыл сайын тыйым салудан бас тарту; экспорттық-импорттық және теміржол көлігімен ішкі тасымалдар тарифтерін кезегінен теңестіру және т.б.
Қазақстанның БСҰ-на қосылуы - тұтас алғанда еліміздің әлемдік экономикаға бұдан да терең тартылуына, біздің тауарларымыз бен қызметтеріміз үшін шетел рыноктарының ашылуына және қазақстандық тауарлардың ұлттық бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал ететін құбылыс. Алайда БСҰ-на тең құқықтық катысушы мәртебесін алудан күтілетін пайдаға қисынсыз тоқмейілсу жөнсіз. Отандық сыртқы сауданы реттейтін құралдарды жетілдіру қажет. Шетелдік бәсекенің күшеюі, сұраныстың импорттық тауарларға қайта бағдарлануы, бюджетке салық түсімдерінің қысқаруы, жұмыссыздықтың өсуі және инвестициялық мүмкіндіктердің тарылуы нәтижесінде отандық кәсіпорындардың шаруашылық белсенділігінің нашарлауы, олардьщ әбден жұтау қаупі сақталуда. Мысалы, БСҰ кірер алдында ҚҚС бойынша импортты кемсітуге тыйым салынатын болады. Бүкіл тоқыма өніміне, дайын киімге мөлшерлемені 5%-ға төмендету бюджеттің шығынын өсіреді. Бұл жерде импорттық баждың мелшерлемесін көтеру өтемақылық шара болуы мүмкін.
Кеден баждары ел көлемінде импортталатын тауарлардың бағаларын кетереді, мұның өзі мемлекетке ішкі нарықты қорғауға, әкелінетін тауарлардың бәсекелестігін шектеуге, импорттың мөлшерін және оның құрылымын реттеуге мүмкіндік береді. Ке-ден баждарын көтеру елімізде бағалардың өсуіне, тұтынудың және сыртқы сауда айналымының қысқаруына әкеп соқтырады.
Осыған байланысты Қазақстанның БСҰ-на кіретін өтпелі кезеңдегі сыртқы сауда саясаты өндірістік қуаттарды қайта жаңғыртуға және әлемдік нарық талаптарының деңгейіне шығу үшін, әсіресе өндеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпорындар салаларында отандық ендірушілерді барынша қорғауға бағытталуы тиіс.
Қайталау сұрақтары:
1. Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу үшін қандай экономикалық реттеу құралдары пайдаланылады.
2. Кеден тарифтері деген не.
3. Кеден баждары туралы әңгімелеп беріңіздер. Мемлекет баждары ел экономикасына қалай ықпал етеді.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 190 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |