Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  4. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  5. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  6. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница
  7. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 4 страница
  8. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  9. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

13.1 Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері.

13.2 Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы

13.3 Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі

 

1– сұрақ. Рыноктық қатынастарға көшу үкіметті аймақтың дамуына жауапкершіліктен босатпайды, бірақ бұрынғы орталықтандырылған жүйемен салыстырғанда, саясаттағы акценттер өзгереді, аймақтық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруда жергілікті билік құқығы кеңейеді.

Республиканың үлкен аумағында саралау тек табиғатты
құрастырушыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуда
да орын алады. Қазақстанның әр аймағы әсіресе, табиғат ресурстарын игеруде, тұрғындардың әр түрлі жиілікпен орналасуы, қала мен ауыл тұрғындары үлесіндегі әртүрлі қатынастар өзінің айқындалған өндірістік мамандануына ие. І

Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамды бөлігі ретінде стратегиялық мақсатқа елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына жету үшін өмірлік қызмет пеншаруашылықтың аймақтық факторларын тиімді пайдалануға бағытталады. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаттары - тұрғындардың өмірлік қызметтері мен әр аймақтың ресурстық-өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану және аумактық өзін-өзі басқаруының даму қағидаларын қалыптастыру.

Аймақтар арасында көптеген көрсеткіштер бойынша – су ресурстары; өнеркәсіптік немесе ауыл шаруашылығы әлеуетіне; табиғи және адам ресурстарын бөлуде өзін-өзі қамтамасыз етуінде үлкен саралау бар.

Еңбекақыны төлеуде айырмашылық сақталуда: 2007 жылы республика аймақтары арасында ең жоғары еңбекақы Атырау облысында тіркелген - бір жұмысшыға 80646 теңге (республикалық орта көрсеткіштен 1,8 есе жоғары) және Маңғыстау облысында 69022 теңге (1,5 есе жоғары). Алматы қаласындағы еңбекақы 68138 теңге (1,5 есе жоғары), Астана қаласында - 63821 теңге
(1,4 есе жоғары). Республика бойынша он екі облыста ортадан
төмен еңбекақы сақгалған. Солтүстік Қазақстан облысында оның
көлемі 30488 теңгені қү-райды, Қостанай облысында - 31697 теңге, Ақмола облысында - 31798 теңге, бұл елдегі орта деңгейден 30-33 пайызға төмен.

Алдын ала келісілген объективті айырмашылықгардан шығара отырып, Қазақстан аймақтары төрт топқа бөлінеді:

Бірінші топ: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бір бөлігі. Бұл аймақтар минералды ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы (негізінен көмір сутекті) және әлемдік шаруашылыққа жылдам қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті қарқынды дамудағы ғылыми-өндірістік әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз құрылымы бар.

Бұл топтардың басымдылығы - стратегиялық бай жер қойнауын (көмірсутегі), сондай-ақ шикізаттың басқа түрлерін (хромиттер, калий тұзы, бораттар, никель, кобальт және т.б.) қарқынды игеруде; кен шығарудың базасында және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу кешенінде жаңа технологияларды енгізу; жоғары дамыған өндірісті, әлеуметтік және рыноктық инфрақұрылымды құру.

Екінші топ - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр индустрияның айқын көрінетін мамандандырылған салалары бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты өндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетімен сипатталады.

Топтардың басымдылық санатында — ғылымды қажетсінетін жаңа өнімдерді, электр құралдарын, ақпараттықты, автокөлік құрылысын (Павлодар және Қарағанды облысы); жаңа композитті, тазалығы жоғары, жоғары өткізгіш материалдарды (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары); лазерлік технологияны дамыту, автоматты басқару жүйесі мен приборларды (құралдарды) Солтүстік Қазақстан облысы) шығаруды ұйымдастыру.

Үшінші топтар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде танылған.

Үшінші топтағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттары - әр түрлі бағыттағы меншік нысанын реформалау бағытының жалғасы; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тиімді мамандандыру.

Төртінші топтар - Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, ягни элеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдаймен, экстремальды топырақты-климаттық тоқыраулы аймақтардың экономикалық оңтайлылығының қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын деңгейге жетті.

Төртінші топ үшін басымдықтар - экологиялық кризистің тереңдеу үдерісін болдырмау; жергілікті ресурстарды, тәжірибені және осы аймақта тұратын тұрғындардың дәстүрін пайдалануды есепке ала отырып, шаруашылық кешендерін түбірлі қайта құру.

Сөйтіп, бірінші топтың аймағы үшін, аймақтық инфрақұрылым (әсіресе көліктік), рынок инфрақұрылымын құруда мемлекеттік қолдау жүйесі, сондай-ақ шетел инвесторын тарту маңызды.

Екінші топтардағы аймақтарда мемлекеттік реттеудің әдістері орасан жекешелендіру арқылы экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпал етуге бағытталады.

Үшінші топтағы аймақтарда экономикалық тұгқалар мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы өндірісін реформалау бойынша бағытты жалғастыруға шоғырландырылады.

Тоқыраулы (төртінші) топтар үшін мемлекеттік реттеу әдістері - оның ішінде: олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізілетін белгілі бір жобаларға қаржылық көмек көрсету басым жағдайда қалады.

Мұндай тәсіл аймақты басқару проблемасын шешуде жемісті болуы мүмкін, өйткені ол жергілікті шаруашылықты қарқынды дамытуға, аймақтық экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

2-сұрақ. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару аумақтың нақты өзін-өзі басқаруы, өңірлік ұтымды басқарудың саналы орталықтандырылып жүргізілмеуімен байланыстырылады.

Аймақтық саясатты қалыптастыру негізінде оңтайландыру мен елдің өндіргіш күшін орналастырудың объективті қажеттілігі жатыр. Оның мәні мемлекет пен аймақтың мүдделерінің ұтымды ұштасуында, экономикалық өсудің аймақтық факторын тиімді пайдалану үшін жағдай жасауда, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде және экологиялық қауіпсіздікті сауықтандырумен қорытындыланады.

Ол үшін мемлекет келесі құралдардың арсеналын пайдаланады: экономика аясындағы аймақтық заң шығаруды бақылау, аймақты дамыту бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру, салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының біркелкі еместігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ол әлемнің көптеген елдеріне тән (Италияның өнеркәсіпті солтүстік және ауыл шаруашылықты оңтүстігі; Американың оңтүстік және солтүстік штаттары). Әлемдік тәжірибе проблемалы, тоқыраулы аймақтардың болуы мемлекет қызметінің ішкі және сыртқы аспектілеріне кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді.

Мемлекеттің аймақты басқару мәні ресми құжаттарда көрсетілген. Оның ішінде, бюджеттік, салықтық саясат пен олардың мамандануын қалыптастыру жайғасымындағы аймақтың тұрпаттануын құрайтын негізде 1996 жылғы 9 қыркүйектегі Үкімет Қаулысымен «ҚР-ның өңірлік саясатының тұжырымдамасында» мақұлдаған.

Осы Тұжырымдаманың бастапқы алғышартында былай деп пайымдалады: «әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі бойынша өңірлерді саралау... тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша тереңдейді», тоқыраудағы шағын және орта қалалардың, алыстағы аудандық ауылдардың және т.б. проблемалары қайшылық тудырады.

Мемлекеттік қолдауды талап ететін, дағдарысты қалалардың тізімінде, 1997 жылдан тоқыраулы қалаларға - Жаңатас, Текелі, Приозерск, Алға, Кентау қалаларын енгізген. 50 мыңға дейін тұрғындары бар шағын қалаларда (елде олардың саны 60) көші-қон икемділігі жоғары, еңбек рыногының инфрақұрылымы дамымаған. Тоқыраулы қалаларда қалыпты өндірісті қамтамасыз ету әлі де мүмкін емес, ауру адамдардың өлім-жітімнің деңгейі жоғары, жұмыссыздықтың көлемі ортадан асады, ал азық-түлік өнімдерін негізгі тұтынудың ең аз деңгейіне есептелген өмір сүру минимумының көлемі өте төмен.

Өңірлік саясаттың тұжырымдамасы оны үш кезеңде қарастыруды көздейді.

І кезең- 1998-2000 жж.

1. Өңірлік біршама тәуелсіздігін қамтамасыз етуге тиісті, саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу.

2. Экономиканың тоқыраулық жағдайын және артта қалған
өңірлердің әлеуметтік аясын дамытуды жеңуге бағытталған,
мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайына сәйкес аумақтық басымдылықты негіздеу.

3. Елдің барлық аумағындағы экономиканы мемлекеттік ынталандырумен кейбір өңірлерді іріктемелі мемлекеттік қолдаудың ұштастырылуы.

 

II кезең -2001-2010 жж.

Шешілетін міндеттердің әрі қарай тереңдетілуі:

1. Еңбек және капиталдың, институциональдық және рыноктық инфрақұрылымның өңірлік және жалпы мемлекеттік дамуы
мен нығаюы.

2. Шағын және орта қалалардағы шаруашылықты қолдау және
қайта құрылымдау, олардың экономикасын дағдарыстан шығару
проблемаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуын бірінші
дәрежеде шешу.

3. Артта қалған ауылдар мен селолардың өркендеуі үшін материалдық негіздерін құру.

III кезең - 2011-2030 жж.

1. Экономиканың өңірлік кеңістікті құрылымын қалыптастыру. Оның аумақтық ұжымдарын жетілдіру, аймақтық шаруашылықтың салааралық және ішкі салалық үйлесімсіздігін бірте-бірте жұмсарту, өңіраралық инфрақұрылымдар құру.

2. Өндірістік кешеннің ресурстық-шикізаттық теңдестігін
қамтамасыз ету, экологиялық және экономикалық теңдестікті
сақтау (орнына келтіру), әлеуметтік-техникалық және аумақтың
табиғи ресурстарын одан гөрі тиімдірек пайдалану.

3. Өңірлер бойынша өмір сүру деңгейі мен сапасының
ақталмаған айырмашылықтарын теңестіру, экономиканың тоқырау
жағдайын жену және элсіз дамыған аймақтардағы әлеуметтік аяны
игеру.

Мемлекеттің дамуында өңірлер мен олардың билік органының рөлін көтеру оқшауланған емес мәнді жағдаймен қатар шартталған әлемдік беталысы болып табылады:

- шешуші рөл әлеуметтік аспектілеріне, адами факторына бекітіледі;

- аумақтық азара байланыс елеулі өседі;

- еңбек ресурстарының жинақылығы артады;

- өндірістік инфрақұрылым мен аймақтың инфрақұрылымы өзгереді;

- аумақтық еңбекті бөлу тереңдейді, барған сайын оның халықаралық аспектісі маңызды мәнге ие болады.

3-сурақ. Өңірлер экономикасының ерекшеліктеріне байланысты (демографиялық, әлеуметтік-экономикалық және индустриалдық) орталық пен облыстардың арасындағы бюджеттік трансферттердің тетіктері, сондай-ақ облыстар ішінде үлкен маңызға ие болады. Ол субъективті шешімдерден алыстап, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарын кұруға мүмкіндік береді. Дамыған индустриясы бар солтүстік шығыстың және орталық бөліктің аймақтары, ірі өнеркәсіптік қалалары, елдің оңтүстік және батысының аграрлық облыстарының басым бөлігі үшін қаржылық дәстүрлі «қан құюшысы» болып табылады. Ережедегідей, демеу қаржы алатын, реципиент-өңірлерде тұрғындардың жиілігі мен саны, бала туудың жоғарылығы және балалардың үлесті салмағы, ауыл тұрғындарының басымдылығы, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын ауруханалар мен мектептердің, әлеуметтік инфрақұрылымның үлкен желісін қарастырады.

Тұтастай алғанда, орталық пен аймақтардың қазіргі заманғы барлық жүйесі тиімді болып табылмайды және мүдделерде бірқатар қарама-қайшылықтар бар. Өңірдің экономикалық қызметінің нәтижелеріне қарамастан, бір тұрғынға келетін бюджет шығындарының жобамен бірдей сомаларымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке ресми трансферттер, алып тастау және жәрдем қаржылардың өмірде бар тетіктері бағытталған. Бұл алдыңғы қатардағы (лидер) өңірлердің өз табыстарын көтеруге қызығушылығын азайтады және артта қалған аймақтардың біреудің асырауында болу көңіл күйін нығайтады.

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі қазіргі уақытта толық әлеуметтік бағыты бар - 80 пайызға дейінгі шығыс бөлігі білімге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмекке және т.б. тұтынуға жұмсалады.

Капиталдық шығындар жалпы баптар бойынша бюджетке жазылады. Қаржылық ресурстардың шектелуі капиталдық жабдықтар мен құрылысты шағын қаржыландыруды анықтайды, яғни аймақтардың ұзақ мерзімді даму негіздері қаланбайды.

Істің жағдайын өзгерту бюджеттің барлық деңгейін орта мерзімді үш жылдық кезеңге әзірлеуге көшуге және жергілікті бюджеттің шығындарын ағымдағы және инвестициялыққа бөлуге мүмкіндік береді.

Орталық пен өңірлер арасындағы өзара қатынастар орта мерзімді келешекте тұрақты болуы тиіс және ол тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, салық салынатын базаны кеңейтеді, оның нәтижесі облыстың табыстарының артуына алып келеді.

Бюджетаралық қатынастарды құру трансферттерді бірдей теңестіретін есеп айырысудың арнаулы әдістерін әзірлеуді талап етеді.

Өңірлердің және орталықтың, облыстың және ауданның тұрақты және әділ өзара қатынастары елдің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық басымдылықты қамтамасыз етуге ықпалы болуы тиіс.

Қайталау сұрақтары:

1. аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің мәні және қажеттілігі.

2. Аймақтық дамуды реттеудің макроэкономикалық және микроэкономикалық аспектілері

3. ҚР-ның аймақтық дамуы: жағдайы, болашағы.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 84 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі | Білім алушының білімін тексеруге арналған сұрақтар | Экономикалық дамудың турпаттары | Білім алушының білімін тексеруге арналған сұрақтар | Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу | Леуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика жағдайында оның дамуын мемлекеттік реттеу | Алыптасқан экономика құрылымын реформалау. | Ел экономикасын бюджеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері | Сыртқы экономикалық іс – әрекетті мемлекеттік реттеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав