Читайте также:
|
|
Экономиканы мемлекеттік реттеу» пӘнінен лекциялық конспектілері
Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
1. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және қызметтері.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі, Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейеді, өндіріс пен капиталдың бірігуі әр түрлі елдің бір бірімен өзара тәуелділігі өсті. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін нарық пен іс –әрекеттің қарама – қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етті.
Мемлекет – саяси биліктің институты. Ең алғаш рет stato терминін Н.Маккиавелли мемлекетті саяси биліктің институты ретінде бейнелеу үшін енгізді. Мұндай институт еңбектің қоғамдық бөлінуінің, жеке меншік пен кластардың пайда болуының заңды нәтижесі болып табылды.
Алдымен, жеке тұлғалар, одан соң бірнеше топтар белгісіз органға өз функцияларын берді. Мұндай орган бірте-бірте белгілі бір аймақта өмір сүретін халықты заңды түрде мәжбүрлеу құралдарын иеленген институтар жүйесіне айналды. Заңдық, атқарушы және сот билігі арқылы нормалық, реттеу және бақылау функияларын атқаратын мемлекет осылай пайда болды.
Мемлекет – бұл тек саяси басқару органы ғана емес, бұл саяси билік органы, бұл экономикалық жағынан үстемдік етіп отырған кластың қолындағы саяси қару.
Мемлекет «түнгі қарауыл» ретінде. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін мемлекеттің ролі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, олардың мүлкін сақтаумен (меншік құқығын қорғау), шаруашылық субъектілердің өзара қарым-қатынасы үшін қажетті құқықтық база жасаумен, келісім-шарттардың орындалуын бақылаумен байланысты функцияларды орындаумен шектелді. Бұл кезеңде мемлекеттің неғұрлым толық анықтамасын ешкім де, ешнәрсе де қалыптасқан тәртіпті бұзбауын бақылауы қажет «түнгі қарауылмен» теңестіру арқылы түсіндіруге болады.
Мемлекеттік саясат XX ғасырдың 50-жылдарының ортасы мен 70-жылдарының ортасына дейін келесідей алғы шарттар негізінде қалыптасты:
1. Экономика тек қана жеке капиталистік емес, аралас болуы қажет. Экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігі нарықтық экономиканың ресурстарды тиімді бөле алмайтын кемістігінен туындады. Мұндай кемшіліктерге қоғамдық игілік, табиғи монополия және сыртқы әсерлердің болуы мен ақпараттың толық еместігі жатады.
2. Нарық өз-өзінен тұрақты макроэкономикалық нәтижелерге әкеле алмайтындықтан реттелінген макроэкономикалық саясат қажет.
3. Нарық өз-өзінен табысты бірдей бөлістіре алмайды. Сондықтан мемлекет бір жағынан, табысты бөлістіруді реттеуі қажет, ал екінші жағынан – қандай да бір себептермен табыс көзінен айырылып қалғандарды қорғауы қажет. Солармен бір мезгілде мемлекет білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуы қажет.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарында, сондай-ақ Батыс Европаның үш мемлекетінің конституциясында (ГФР Негізгі Заңы 1949 ж., Франция Конституциясы 1958 ж., Испания Конституциясы 1978 ж.) «әлеуметтік мемлекет» термині пайда болды. Қазақстан Республикасы да өзін ҚР Конституциясында «әлеуметтік мемлекет» деп жариялады (1995 ж.)
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсіндіретін факторлар бірнеше, олар келесі кестеде топтап көрсетілген.
Кесте 1.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсіндіретін факторлар
Факторлар тобы | Факторлар мазмұны |
1. Нарықтық механизмнің жағымсыз эффектілерінің әсерін төмендететін факторлар | 1. Қоғамдық тауарлар өндірісін, қоғамдық қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету 2. Әлемдік нарықта бәсекелестіктің күшеюі |
2. Ұлғаймалы ұдайы өндірісті, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін факторлар | 1. Экономиканың циклға қарсы дамуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тиімді құрылымын жасау. Ақша айналымын реттеу. Ғылым, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал жасау. Аз рентабельді салаларда мемлекеттік инвестицияға қажеттілік |
3. Әлеуметтік проблемаларды шешумен байланысты факторлар | 1. Әлеуметтік тұрақтылықтың экономикалық негіздерін қамтамасыз ету, әлеуметтік кернеуді қысқарту. 2. Халықтың толық жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. |
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі, басты мақсаты қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Кез келген мемлекетте мемлекеттік реттеудің бұл басты мақсатының тікелей салдары экономикалық өсудің бастапқы жағдайы мен потенциалының қалыптасуы, ал осының негізінде – халықтың әл-ауқатының жоғарылауы болып табылады.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары
ЭМР – дің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР –дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
ЭМР – дің объектілері – бұл автоматты түрде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы –әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты даму үшін қажетті.
ЭМР – дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қаайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
ЭМР – міндеті «экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың, күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
ЭМР аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рһл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды объектісі – капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
ЭМР –дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеще құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына –қазыналық және қаржылық саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР –дің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекетт билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша несие қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 240 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |