Читайте также:
|
|
Тақырып: Мемлекеттік басқарудың шет елдік тәжірибесі
Мақсаты:
Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің, соның ішінде Франция, Жапония, ГФРдағы мемлекеттік басқару тәжірибелерін салыстыра отырып зерттеу. Олардың спецификасын салыстырып, өзіміздің еліміз үшін қайсы тәжірибе тиімді екенін анықтау, оларды енгізуді қарастыру.
Жоспар:
1.ГФР дағы мемлекеттік басқару тәжірибелері
2. Франциядағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
3. Мемлекеттік басқарудың Жапон тәжірибесі
4 - Тақырып.Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары
4.1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.
4.2. Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі
4.3. Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі мен олардың дамуын реттеу әдістері
1. Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.
Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отырғызбай және қайта тиемей тасымалдау.
Транзит операциялары- жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты,материалдарды,отынды және басқа материялдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар.
Транзиттік тауар айналымы- көтерме сауда айналымның бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.
2.Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі
IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс 1937 жылы ұсынған. А. Хансенің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды. Содан кейін ол Хикс- Хансен үлгісі деп аталып кетті.
IS-LM үлгісі (инвестиция- қор жинағы үнамды өтімділік- ақша)- жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті экономикалық факторы айқындайтын тауар- ақша тепе- теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе- теңдік қалыптасу үшін қажетті табыс көлемі У пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.
Сондықтан да IS-LM үлгісі АD- AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде IS-LM үлгісінің негізгі теңдеулері:
1.Y=C+I+G+Xn негізігі макроэкономикалық тепе- теңдік
2.C=a+b (У-Т)
3. I=e-d *R
4. Xn =g-m*Y-n:R
5.M= k*Y-h*R
P
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Y (табыс), С(тұтыну), І (инвестиция), Xn (таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме)
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік шығындар), М (ақша ұсынысы), Т(салық мөлшерлемесі)
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b,e,d,g,m,n,k,h) мәндер және салыстырмалы
3. Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі мен олардың дамуын реттеу әдістері
Қазіргі заманда теория «нарықтық», «нарықтық экономика» немесе әлеуметтік реттелінетін нарықтық экономика түсініктеріне қандай экономикалық мазмұн береді.
Нарық, қазіргі кезде басты элементтері «сұраным», «баға» және «ұсыным» болып табылатын дербес қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі «нарық» түсінігімен аталады. Нарықтық экономика түсінігі «нарық» түсінігіне тағы да екі саланы «өндірісті» және «тұтынуды қосу» есебінен кеңейіп отыр.
Әлеуметтік- реттелінетін нарықтық «экономика» түсінігі де ерекше кең; нарықтық экономика (яғни сұранымға, бағаға, ұсынымға, өніріс пен тұтынуға) ол нарықтық экономиканың реттеу (тікелей және жанама) механизімін құрайтын факторларын –мемлекетті, нарықтық мекемелерді дүние жүзілік экономика ықпалын үстемелейді.
Өзге нарықтар үшін «мемлекеттік нарықтың» маңызы ерекше, өйткені оған тән белгіленген бағлар және кепілді өткізу барлық нарықтың қозғалысына реттегіш ықпалын тигізеді. «Монопольдік нарық» та әдетте өзіне тән тұрақты бағаларымен түрақтанушы міндет атқарды.
Нарықтық дамыған инфрақұрылымы- қоғамның экономикалық байлығы болып табылады.Оның қалыптасуы –нарықтық экономикаға қатысушылардың тұтас ұрпағы еңбегінің нәтижесі.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 133 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |