Читайте также:
|
|
Бір инерциялық жүйеден екіншіге өткенде материалдық нүктенің координаттарын сипаттайтын Галилейдің классикалық түрлендірулерінің жарамсыздығын, оны жоғарыдағы постулатты қанағаттандыратындай етіп ауыстыру керектігін Эйнштейн болжады. Бұл түрлендірудің мәні: барлық санақ жүйелерінде жарық жылдамдығы бірдей болмайды.
Эйнштейн постулаттарын қанағаттандыратын түрлендіруді нидерландия физигі Хендрик Антон Лоренц (1853-1928) жасады:
S® ® S
(9.47.1)
мұнда u- және S инерциялық санақ жүйелерінің бір-біріне қатысты жылдамдығы, С-жарықтың вакуумдағы жылдамдығы,
Лоренц түрлендірулерінен мынадай қорытынды туады:
1.Соңғы формуладан уақыттың да басқа координаттар сияқты түрленетіндігін көреміз. Ал, ол уақыттың салыстырмалы екендігін, уақыттың санақ жүйесінде ғана емес, сонымен бірге координатқа тәуелділігін дәлелдейді.
2.Бұл формуладан уақыт төртінші координаттың ролін атқаруда, олай болса жаңа теория бойынша кеңістік пен уақыттың бір-бірінсіз қарастырылмайтындығын көреміз. Ньютон механикасында кеңістік пен уақыт бір-біріне тәуелсіз деп қарастырылды. Егер << 1 болса (яғни жүйелер жарық жылдамдығынан кем жылдамдықпен қозғалса), онда Лоренц түрлендірулерінен Галилей түрлендіруі шығады. Бұл сәйкестік принципінің негізі. Бұдан Галилей түрлендірулері де Ньютон механикасы сияқты аз жылдамдықпен ғана қозғалатын денелер мен санақ жүйелері үшін орындалады деген қорытынды туады. Ал Лоренц түрлендірулері кез-келген жылдамдықпен қозғалған (өте аз, өте үлкен жылдамдық) денелер және санақ жүйелері үшін қолданыла береді, әрі уақыт пен кеңістік бұл түрлендіру бойынша абсолют емес, кеңістік төрт өлшемді (төртіншісі уақыт). Галилей, Ньютонша кеңістік үш өлшемді еді.
Особенности современного биологического знания и его эволюция
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 130 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |