Читайте также:
|
|
Жалпы қан анализінде: гипохромдық анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылау, ревматоидтық фактордың болуы, синовиялық сұйықтық: РФ болуы, комплементтер титрінің жоғарлауы, сұйықтық ұйындысының тығыз еместігі. Рентгенде: буын сүйегінің остеопорозы, буын жігінің тарылуы, узуралар, сүйектік анкилоздар.
Ревматидтік артритке тән зертханалық аспаптық зерттеу көрсеткіштері: жалпы қан анализінде: гипохромдық анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылау, ревматоидтық фактордың болуы, синовиялық сұйықтықтық: РФ болуы, комплементтер титрінің жоғарлауы, сұйықтық ұйындысының тығыз еместігі. Рентгенде: буын сүйегінің остеопорозы, буын жігінің тарылуы, узуралар, сүйектік анкилоздар; менің науқасымда анықталған көрсеткіштерге сәйкес болғандықтан, ажыратпалы диагноздың I және II этаптарының мәліметтеріне сүйене отырып, келесі клиникалық диагнозды қоямын.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Рематоидты артрит -3-тен жоғары симметриялық буындардың зақымдалуы(тізе,табандық табан-бақайшақтық), буындардың ісінуі, таңертеңгілік құрысу 1 сағатқа жуық,ауырсынудың күшеюі әсіресе түнгі мезгілде. Анализінде ЭТЖ жоғарылауы және анамнезі мен объективті белгілеріне қарап негізделген.
Серопозитивті- «+» -РФ 236,2 IU/ml
АЦЦП позитивті -«+» АЦЦП 127,8 IU/ml
Баяу өрістейтін ағымды -ұзақ мерзімді буындық синдромның болуы,БҚШ ақырын дамып 10 жылға созылған.
Активтілігі 2 -буындарда ауырсыну тек тыныштықта ғана емес,қозғалыстада байқалады, құрысу жартыы күнге дейін созылады,буын қозғалысының ауырсынуы, таңертеңгілік құрысу 30 минуттан аса.СОЭ 30мм.с.б
Ревматоидты фактор -236,2 АЦЦП-127,8
R1 -дәрежесі рентген көрінісіне сәйкес буын маңы остеопорозы
БФБ 1 - буындардың қозғалысы шамалы шектелген, ертеңгілікке біраз уақыт
сіреседі. Науқас қиындықпен болсада өз мамандығымен айналысады
Емі
Емдеу жоспары.
1. Режим
2. Диетотерапия
3. Патогенездік ем:
А) Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектер
Б) Базистік дәрмектер
4. Дәрмектерді буын ішіне енгізу
5. Физиотерапия
6. Санаторлық-курорттық ем
7. Хирургиялық ем
8. Диспансерлеу
Режим – науқастың жадайына байланысты төсектік тәртіп сақталуы тиіс.
Диетотерапия- тағамда витаминдер, әсіресе С, В топ витаминдері және қанықпаған май қышқылдары мол болуы тиіс.
Патогене здік ем
Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектер:
СҚҚД – ревматоидтық артриттің еміндегі бірінші қатардағы ем шарасы. Бұлардың қабынуға қарсы әсері – қабыну простагландиндерінің синтезін тежеу. Бірақ, сонымен бірге асқазан кілегей қабығының қорғаныс қасиетін қамтамасыз ететін простагландиндердің де синтезін тежейді (кілегейдің, бикарбонаттардың бөлінуін көбейтетін және тұз қышқылының секрециясын азайтатын)
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 198 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |