Читайте также: |
|
Науқастың жалпы жағдайы, буындық синдромға байланысты орташа ауырлық дәрежеде, есі анық, сұрақтарға жауап береді.
Төсектегі қалпы: белсенді.
Дене бітімі: қалыпты. Конституциясы: нормостеник. Салмағы 88 кг, бойы 161 см. Дене массасының индексі 34
Тері жабындысы: таза, кадімгі тустес, біршама ылғалды, тургоры төмендеген.
Шырышты қабаттары: ауыз қуысы, көзінің шырышты қабаты қалыпты.
Тері асты шел май қабаты: орташа дамыған, біркелкі жайылған.
Шеткері лимфа түйіндері: ұлғаймаған, ауырсынусыз, жан – жағындағы тіндермен жабыспаған.
Бұлшықет жүйесі: аяқ-қол бұлшықеттері қалыпты дамыған. Пальпациялағанда аурсынбайды. Білекте, сирақтарда, бөкседе бұлшықет күші, тонусы симметриялы аздап төмендеген. Діріл жоқ. Бұлшықет күші 4 б. Қозғалыс кезінде тізе буынында кряпит болады
Сүйектерде деформация мен қисаю жоқ, сипағанда және соққылағанда ауырсынбайды. Буындарда деформация мен дефигурация, буын үстінде терісінің өзгерістері жоқ. Буын қозғалысы сақталған, жұмысы шектелмеген.
Омыртқа жотасы қисаймаған.
Бас формасы: қалыпты; ауыз, мұрын, құлақта ақаулары жоқ. Көзінің алыстан көру қабілеті төмендеген.
Тыныс алу жүйесі
Қарағанда кеуде қуысының пішіні нормостениялы. Тыныс алу түрі аралас. Тыныс алуы еркін, мұрын арқылы. Мұрын қуысында ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Тыныс алуға кеуде қуысының екі жағы да бірдей қатысады. Тыныс алу жиілігі минутына 19 рет.
Пальпацияда:
Кеудесі серпімді, эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі симметриялы, өзгермеген, кеуде қуысының барлық аймағында бірдей күште сезіледі. Тыныс алу актісіне екі өкпе бірдей қатысады. Пальпация кезінде ауырсыну білінбейді.
Салыстырмалы перкуссияда:
Екі өкпенің симметриялы бөлімдерінде ашық өкпелік дыбыс естіледі. Перкуторлы дыбыстың ошақты өзгерулері кездеспейді.
Топографиялық перкуссияда:
1 Өкпенің жоғарғы ұшы
Оң жақ | Сол жақ | |
Алдыңғы жағы | Бұғанадан 3,5 см жоғары | Бұғанадан 3 см жоғары |
Артқы жағы | VII мойын омыртқасының қырлы өсіндісі | VII мойын омыртқасының қырлы өсіндісі |
Кренинг алаңы | 6 см | 6,5 см |
Топографиялық сызықтар | Оң жақ | Сол жақ |
l. parasternalis | CV | - |
l. mediaclavicularis | CVI | - |
l. axillaris anterior | CVII | CVII |
l. axillaris media | CVIII | CVIII |
l. axillaris posterior | CIX | CIX |
l. scapularis | CX | CX |
l. paravertebralis | ThXI көлденең өсіндісіне сәйкес | ThXI көлденең өсіндісіне сәйкес |
2 Өкпенің төменгі ұшы
Өкпенің төменгі шекарасының экскурсиясы:
Топографиялық сызықтар | Оң жақ | Сол жақ | ||||
Дем алу | Дем шығару | Жалпы | Дем алу | Дем шығару | Жалпы | |
l. mediaclavicularis | __ | __ | __ | |||
l. axillaris media | ||||||
l. scapularis |
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 123 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |