Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалау

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. C)& зиянды, қауіпті, аса қауіпті
  4. D) ертикальды және горизонтальды
  5. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  6. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  7. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  8. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  9. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.

атмосфералық ауаны, қорғау - атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға және оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуiн болғызбауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi.

Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайларда:

— атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;

— атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;

— атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;

— атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;

— шығаратын заттарында лас заттардың құрамын белгіленген нормативтерден, мәселен, автомобильдер, ұшақтар, кемелер және басқа қозғалыс құралдары мен қондырғыларын артық өндіріп, оларды пайдаланғаны үшін;

— өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшаңдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені;

— мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдардың атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық және басқадай жауапқа тартылады.

Лауазымды адамдардың және басқа қызметкерлердің кінәсынан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар зиянды өтеуге байланысты шығынға ұшыраса, ол адамдар белгіленген тәртіп бойынша материалдық жауапқа тартылады. Жоғарыда аталған факторларды қорыта келіп, биологиялық, техникалық, экономикалық, санитарлык, гигиеналық және әлеуметтік шаралармен қатар атмосфералық ауаның тазалығын сақтау үшін, мынадай ұсыныстар жасағым келіп отыр:

— өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдық заттарды өңдейтін шетелдік жаңа технологияларды алдырып, қолданысқа ендірсе; Мысалы: Қытай Халық республикасында қаладан шығарылған қалдық заттардың өзінен 42 түрлі зат өндіріліп алынады екен.

— өнеркәсіп орындарының, жол қатынастары көліктерінің және басқа атмосфералық ауаға әсер ететін машиналар мен механизмдердің, сондай-ақ басқалардың қолданылуын нормаласа;

— ормандар мен жасыл алаңдарды, ағаштарды, бұталарды сақтау, қорғау және олардың саны мен көлемі ұлғайтылса, ол үшін Қазақстан Республикасының барлық азаматтары ат салысса;

— жерді топырақ пен су эрозиясынан сақтауға және басқа да атмосфералық ауаны қорғауға байланысты мемлекеттік шараларды жүзеге асыру қажет деп ойлаймын.

Ең бастысы заңдар қабылданып, қолданысқа ендіріліп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны
қорғау саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Атмосфералық ауаны қорғау мынадай негiзгi принциптердi:
1) адамның, қазiргi және болашақ ұрпақтардың өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы;
2) атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшiн орны толмас зардаптарына жол бермеу;
3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және оған зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттiк реттеу;
4) атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және анықтығы;
5) атмосфералық ауаны қорғауға және жалпы қоршаған ортаны қорғауға көзқарастың ғылыми негiздiлiгi, жүйелiлiгi және кешендiлiгi принциптерiн сақтау негiзінде жүзеге асырылады.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 85 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав