Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік табиғи қорықтарды қорғаурежимінің ерекшеліктері

Читайте также:
  1. I. Тақырыбы: Мойын, кеуде, бел омыртқалардың құрылысының ерекшеліктері.
  2. АҚШАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
  3. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  4. Абылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаныз?
  5. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  6. Азақ-ң әлеу. экол.проблемалары табиғи орта-ң бұзылу процесі.
  7. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  8. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  9. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  10. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі

Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғи процестердiң, тұрпатты және бiрегей экологиялық, жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгi мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың бүкiл аумағында табиғи ресурстарды шаруашылық жүргiзу үшiн пайдалануды болғызбайтын қорғаудың қорықтық режимi белгiленедi. Мемлекеттiк табиғи қорықтарды қорғау режимiнiң

Ерекшелiктерi:үйлер мен ғимараттар, көпшiлiк пайдаланатын жолдар, труба құбырларын, электр беру желiлерi мен басқа да коммуникациялар салуға;

мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және түрлi iздестiру жұмыстарына;

ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң, гидроэнергетиканың, су көлiгiнiң суға деген қажеттерiн өтеу үшiн және өзге де шаруашылық мұқтаждар үшiн жер үстi және жер асты суларын пайдалануға;

орман қорғау шараларын жүргiзу және қорықтардың қызмет етуi үшiн қажеттi санитариялық және өзге де кесулердi қоспағанда, ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға, орманды жанама пайдалануға және орманды сауықтыру мақсаттарына және орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалануға;

шөп шабу мен мал жаюды қоса алғанда, өсiмдiктер дүниесiн шаруашылық мақсаттарға пайдалануға; Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, құрамына айрықша құнды экологиялық жүйелер мен объектiлер кiрмейтiн арнайы бөлiнген учаскелерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен:

экскурсиялық экологиялық маршруттар ұйымдастыруға және туристiк соқпақтар мен тұрақтар салуға, ашық аспан астында мұражайлар мен экспозициялар орналастыруға;

спорттық және әуесқойлық балық аулауға;

қорық қызметкерлерiнiң және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтарға өз қажеттерi үшiн саңырауқұлақ, жаңғақ, жидек, дәрiлiк өсiмдiктер жинауға, шөп шабуға;

қорық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын өзге де азаматтардың жеке малын жаюға жол берiледi.

аң аулауға, кәсiпшiлiк балық аулауға және аңшылық пен балық аулау объектiсiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарына пайдалануға;

флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге;

қоршаған ортаға кез келген химиялық, биологиялық және физикалық ықпал жасауды қолдануға;

арнаулы рұқсат болмайынша табиғи ортадан жануарлар мен өсiмдiктердi алып қою арқылы коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргiзуге;

азаматтардың арнайы рұқсатсыз және келуге бөлiнген орындардан тыс жерлерде болуына тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк табиғи қорықтар қызметкерлерiнiң жеке қосалқы шаруашылығы үшiн жер учаскелерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары қорықтардан тыс жерлерден немесе өздерiнiң қорғауындағы, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң шегiнен бөледi.

1. Мемлекеттiк табиғи қорық-сепортер - қорық режимiмен қорғалатын, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ол табиғи қайта түлеуге бейiмi жоқ, адам әрекетiнен бұзылған бiрегей табиғи кешендердi қалпына келтiруге және зерделеуге арналған.

2. Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлердi қорғау режимi олардың ғылыми қызметiн және оларды мәдени-ағарту, оқу және туристiк мақсаттарға пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттiк табиғи қорықтар үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 37 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав