Читайте также: |
|
1872 жылы француз ғалымы Фурье алғаш парниктік эффект туралы теориялық негіздеме ұсынған болатын. Ол: атмосфера қысқа толқынды күн сәулесін өткізіп, жер беті шағылыстырған ұзын толқынды жылу энергиясын ұстап қалады - деді.
ХІХ ғасырдың соңында Швед ғалымы Аррениус көмірді көп мөлшерде жаққаннан атмосферада СО2 концентрациясы артып, жалпы климаттың жылынуын шақырады деді.
1957 жылы Халықаралық геофизика жылы деп аталып, атмосфераның химиялық құрамын бақылауда кешенді жұмыстар өткізілді. Сол ғылыми жұмыстардың есептемесі бойынша атмосферада СО2 –нің концентрациясы айтарлықтай артқаны айтылды.
Ресей ғалымы Михаил Будыко климаттың өзгеруіндегі алғаш ғылыми дәлеледенген нақты есептеулер жүргізіп, оның жалпы табиғатының өзгергендігі туралы толық ашық мәліметтер ұсынған болатын.
Парник эффектісі көп ретте ауада су буының, көмірқышқыл газының, метанның, азот тотығының және т.б. газдар концентрациясының артуымен пайда болады.
Жерде атмосфера қабаты пайда болысымен, парник эффектісі түзіледі. Жер бетінің орташа температурасы +14 0С-қа тең, егер аз мөлшерлі парник эффектісі болмаса, оның орташа температурасы – 19 0С-қа тең болар еді. Яғни, 33 0С-қа төмен болар еді.
Қазіргі таңда парниктік эффектісін қалыптастыруда антропогендік фактор алдыңғы орын алуда. Бұл ретте ең көп тараған парник газы – су буының концентрациясы өзгеріссіз қалуда. Жылу ағымының қарқынды өсуіне Жер бетінің антропогендік өзгеруі, қар жамылғысының еруі және орманды алқаптарды кесуі нәтижесінде альбедо күшінің артуы да маңызды рольге ие.
Жер бетінің төменгі атмосфералық қабатының ғаламдық жылынуы соңғы 200 жыл ішінде байқалуда. 1950 жылдардың ортасынан бастап, ауаның төмеңгі орташа жылдық температурасының 13,8 0С-тан 14,6 0С-қа өсуі байқалған. Климаттың өзгеруінің басты себептері - табиғи және антропогендік факторлар болып табылады. Табиғи себептерінің ішінде – мұхит ағымдарының тұрақсыздығы, олардың айналымының бұзылуы, гидросфераның беткі жылу сыйымдылығының ұлғаюы, күн белсенділігінің тербелістері.
Ресей ғалымдарының есептемелері бойынша парник эффектісін қалыптастыруда бөлек газдардың қатысты үлесі алуан түрлі: көмір қышқыл газы – 63%, метан - 21%, азот оксидтері - 5%, хлорфторкөміртектер үлесі - 11%.
ХХ ғасырдан бастап, адамзаттың индустриалды қызметнінің қарқынды дамуына байланысты атмосфералық ауада көміртегі, азот, күкірт оксидтерінің концентрациясы күрт артып кетті.
Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуіндегі негізгі көздері – жаңғыш қазба отындарды жағу (көмір, мұнай, газ), цементті өндіру, жолай газды жағу, ормандарды жою, Жердің өсімдік жамылғысының тозуы.
Антропогенді азот және күкірт оксидтерінің көздері – жылу электр станцияларының, химия және металлургия кәсіпорындарының шығарындылары, көмір және сульфидті рудниктердің орындары, автокөлік шығарындылары және т.б.
Парник газдарының ғаламдық ағыстарында антропогендік көздердің алар үлесі 3,7 %-дан (көмірқышқыл газы) 40 %-ға (күкірт газы) дейін жетеді
Метан газының атмосфераға түсу жылдамдығы көмірқышқыл газына қарағанда 7 есе жоғары болып келеді. Оның жылуды сіңіру қабілеті 20 есе жоғары болып келеді. Метанның табиғи көздері - литосферадан лайлы вулкандардың қоспалары, мұнай, газогидратты заттар миграциясының қоспалары, көміртегінің сутектік мұзды қоспалары.
Парниктік газдар концентрациясын шектеу мақсатында халықаралық құжат Киото хаттамасы (1997 жыл, желтоқсан, Жапония) қабылданды. Оның ұстанған мақсаты – 90-шы жылдармен салыстырғанда КҚ газының мөлшерін 2015 жылға қарай 5 %-ға төмендету болып табылады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 216 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |