Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдерідегі тірі заттардың концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролін анықтау.

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  3. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  4. D) ертикальды және горизонтальды
  5. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  6. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  7. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  8. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  9. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.

Тірі зат – Жерде мекендейтін барлық тірі ағзалардың жиынтығы.

В.И. Вернадский тірі заттың, яғни биотаның Жер қабаттарының физикалық және химиялық қасиеттерін түзуде және сақтап тұруда маңызды ролін алғаш айтқан болатын. Барлық тірі заттар жиынтығы өзінің аз массалық үлесіне қарамастан су қабатында және Жер бетінде өтетін барлық физикалық, химиялық процестерде және геологиялық эволюцияларда өте үлкен орын алады.

Тірі зат барлық биосфераны қамтып, оның түзілуінде және өзгеруінде маңызды роль атқарады.

Қазіргі таңдағы есептеулер бойынша жалпы тірі заттардың салмағы 2420 млрд т. құрайды.

Тірі заттың орташа элементарлы құрамы жер қыртысының құрамынан көміртегінің көп мөлшерімен ерекшеленеді. Тірі ағзалар өздерінің дене құрылысына ғана жұмсалатын элементтерді сіңіреді. Тіршілік барысында ағзалар оңай сіңірілетін атомдарды пайдаланып, олардан күрделі жоғары молекулалық қосылыс түзеді.

Қазіргі есептеулер бойынша биосфера осыдан 3,5-4,5 млрд жыл бұрын пайда болған. Оның эволюциясы маңызды екі фактордың арқасында жүріп отырды:

1. планетадағы геологиялық және климаттық өзгерулер;

2. биологиялық эволюция барысында қалыптасқан тірі ағзалардың саны мен алуан түрлілігі.

Адам қоғамының дамуы өз кезегінде биосфераның қалыптасуында маңызды роль атқарды.

Жер биосферасының эволюциясын ғалымдар 3 кезеңге бөледі:

1.Бірінші кезең – тотықсыздану – космостық жағдайларда басталып, Жерде гетеротрофты биосфераның пайда болуымен сипатталады;

2. Екінші кезең - әлсіз тотығу - фотосинтез пайда болды. Аэробты фотосинтез цианобактериялардың тегінен басталып, кейін көк –жасыл балдырлармен жалғасты. Биосинтездің пайда болуы атмосфераның сипатын күрт өзгертті. Оттегінің көп мөлшерде синтезделуі өз кезегінде анаэробты ағзалардың көп түрінің жойылуына және аэробты ағзалардың жаңа түрлерінің пайда болуына себепкер болды.

3. Үшінші кезең – тотығу – фито-автотрофты биосфераның дамуымен сипатталды. Құрлықтарда өсімдік жамылғысының артуына байланысты фотосинтез қарқынды түрде жүріп, оттегінің мөлшері күрт ұлғайды.

Оттегімен тыныс алатын жануарлар пайда бола бастады. Прокариоттар басымдығы эукариоттардың басымдығымен алмасты. Тірліктің құрлыққа ауысуы нәтжесінде салмақтық үлесі де ұлғайды.

Антропогендік фактор қуатты геологиялық және геохимиялық күш ретінде. Оның концепциясы.

Адамның экологиялық жүйедегі алар орны. Биосферадағы заттар айналымы.

Аламдық биогеохимиялық циклдер. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.

Азіргі биосфера. Өндіріс пен салмақтың қоршаған ортаға тигізер әсерінің артуы.

Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуздер мен Форестердің («Өсім шегі, 1972») жұмыстары.

“Тұрақты даму” термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында Канадада 1960-шы жылдары пайдаланылды (sustained yield). Бұл терминді су қоймаларында 10-ған жылдар бойы өнім бере алатын балық қорын максималды деңгейде аулуада пайдаланды.

1970-ші жылдардың ортасына қарай бұл терминді sustainable yield термині алмастырып, мағынасына өзгеше сипат енгізді. Табиғат қорын (балық ресурсын) оның таусылу шегін және орнын қайта толықтыра алу қабілетін ескере отырып пайдаланыу, қолданысқа енгізу. Табиғатқа деген оптималды көзқарастың қалыптасуымен ұласты.

1981 жылдан бастап Л.Браун sustainable development терминін экологиямен байланыстыра отырып, оның аясынан шығып адамның өзге іс-әрекеттерінде пайдалануды алғаш ұсынды (қалалар даумы, ауыл шаруашылығы, өндіріс, экономика және т.б.).

Рим клубы – адамзат болашағы мәселесі мазалаған қоғам қайраткерлері мен әр түрлі саладағы ғалымдарды біріктірген үкіметтік емес ұйым болып табылады. Бұл ұйым 1968 жылы Италияның қоғам қайраткері Аурелио Печчейдің бастауымен құрылған.

Клубтың алғашқы президенті – А.Печчеи;

Қазіргі президенті - А.Кинг.

1972 жылдың соңында Д.Н.Медоуз, Д.Л.Медоуз, Л.Кондер және В.Беренс “Өсім шегі” атты кітап жазып, Рим клубына тапсырады. Бұл кітап Дүние жүзі шаруашылығын ұйымдастырудың екінші үлгісі болып табылады.

Дүние жүзін он аймаққа бөліп, 5 өркениет, 5 артта қалған елдер аймағы болды. 70-ші жылдардың жаңа көрсеткіштерін салып,өркениет елдер мен артта қалған елдер арасындағы алшақтықты азайтып, азық-түлік және энергетика тапшылығын шешу жолдарын ұсынды.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 253 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав