Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лемдік азық-түлік мәселесі , шешу жолдары.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
  2. АЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘЛЕМДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
  3. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі
  4. Гравитациялық күштер. Бүкілəлемдік тартылыс заңы
  5. Дәріс 13.Философиядағы адам мәселесі.
  6. Еңбек ақыны реттеу жолдары.
  7. Еліміздегі өндірістік қуаттар азық-түліктің шығарылуын өсіруге мүмкіндік береді.
  8. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
  9. Кедейшілікке әкелетін өсімнің мәселесі:C) Я. Бхагватидың зерттеулері.E) Бразилияның экономикалық тарихынан белгілі.

Аштық құбылыс ретінде бұл әлемге таңсық жаңалық емес. Мысалы, ХІХ ғасырда Қытай елінде аштықтан 100 млн адам көз жұмса, Үндістанда соңғы 50 жыл ішінде 20 млн-ға жуық адам көз жұмған.

Қазіргі таңда аштық тек жергілікті көлемде ғана өтпей, барлық континентті жайлап, астрономиялық масштабтарға ие. Аштықтың әр түрлі формаларынан зардап шегетін зона әлемдік картада Экватордың екі жағын да қамтып шектерін кемітпесе, ұлғайтуда. Африка құрлығын “аштық полюсі” десе артық болмас.

Жалпы аштыққа ұшыраған адамдардың нақты санын беру күрделі де кешенді жұмыс болып табылады. Біріншіден, құрғақшылық жылдар тез арада мол жауын-шашын жылдарымен алмасып, ашыққандар саны құбылмалы түрде өзгеріп отырады. Екіншіден, ашыққандарға статистика жүргізетін ұйымдардың есептемелері әрқашан әр қилы болып келеді.

БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселелерімен айналысатын құрылымының (ФАО) есептемесі бойынша ашыққан адамдар саны - 800 млн-ге жетті десе, Қайта құру және даму халықаралық банкі эксперттерінің есепеуі бойынша – 1 млрд-қа жетті дейді.

Дамушы мемлекеттер әлем халқының 70 %-ын құрап, қолдарында әлемдік азық түлік айналымның тек 30 % - ын ғана шоғырландырған.

Яғни, бұл статистикаға жүгінетін болсақ, дамушы елдің бір азаматына орташа есеппен алғанда дамыған елдің азаматынан 3 есе кем тағам өнімі келеді деген сөз.

Әрбір минут сайын бір адам аштықтан көз жұмып отырады.

1 тәулік сайын 35 мың адам.

Жыл сайын 30-40 млн адам.

Ашыққан региондардың дәстүрлі ауыл шаруашылығы біртектілігімен және консервативтілігімен (ескіні жақтау) айрықшаланады. Қалыптасқан тенденция бойынша “Үшінші әлем” мемлекеттер еңбегінің өнімділігі антикалық Греция мен Римнің өнімділігінен әлдеқайда төмен болып келеді. Тәжірибелер мен тәуекелге барғысы келмейтін шаруалар техникалық және агрономиялық жаңалықтарды елеп-ескергісі келмейді.

Әлемдік азық-түлік мәселесінің өткірлігі тек оның жетіспеушілігінде ғана емес, сонымен қатар, оның төмен сапасында. Ашыққан мемлекеттерге сапасы нашар өнімдерді арзан бағаға өткізу кең етек алған проблемалардың бірі. Ауыр металдармен, пестицидтермен, канцерогендермен ластанған тағам өнімдері демікпе, туберкулез, асқорыту органдарының ауруына, мидың дисфункциясына алып келеді.

Қалыптасқан әлемдік азық-түлік мәселесін шешудің бір жолы – “жасыл революцияны” қалыптастыру. Бұл идея алғаш ХХ ғасырдың 60-шы жылдары пайда болған. Оның мәні - тропик және субтропик жағдайларында дәстүрлі бидай өнімдеріне қарағанда, мол өнім бере алатын жаңа “ергежей” бидай сорттарын іс –жүзінде сапалы түрде енгізіп, кең масштабта пайдалану.

Ресурсты дағдарыс, салдары, шығу себебі, шешу жолдары.

Генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессиясының өсуі, тірі ағзаларға жаңа әсерлердің пайда болуы.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 195 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав