Читайте также:
|
|
Алғаш рет “қышқыл жауындар” терминін 1872 жылы ағылшын зерттеушісі Ангус Смитт енгізген болатын. Ол өзінің зерттеулерін Манчестердегі смогтан бастаған болатын.
Қалыпты жауын суы ортасының орташа рН көрсеткіші – 5,6 –ға тең. Осыған байланысты метеорологиялық шашындардың барлық түрлері – қар, бұршақ, жауын, қар аралас жауындардың орташа рН көрсеткіші 5,6-дан төмен болса “қышқыл жауындар” категориясына енеді. Әдетте таза жауын әлсіз қышқыл ортаға ие, себебі, ауадағы СО2 жауын суымен реакцияға түсіп, әлсіз көмір қышқылын түзеді.
Қышқыл жауындарды түзілуінің себебі - табиғи және антропогендік сипаттарға ие.
Атмосфераның құрамында әр алуан заттардың болуына байланысты жауын ешқашан абсолютті “таза” болмайды, яғни оның рН ортасы 4,9-дан 6,5-ке дейін өзгеріп отырады. Орташа көрсеткіші (5,0) қоңыржай белдеулеріне тән.
Атмосфераға СО2 – ден басқа табиғи жолмен күкірт және азоттың әр алуан қоспалары түседі (жанартау атқылаулары). Бұл заттар да жауын суымен реакцияласып, оның ортасын қышқылдандырады.
Атмосфераға СО2 – ден басқа табиғи жолмен күкірт және азоттың әр алуан қоспалары түседі (жанартау атқылаулары). Бұл заттар да жауын суымен реакцияласып, оның ортасын қышқылдандырады.
Табиғи жолмен қатар атмосфераға қышқылды рекция туындадатын әр алуан оксидтердің түсуінің антропогендік көздері де жетіп артылады. Антропогендік заттардың эмиссиясы табиғи заттардың қуаттылығынан бірнеше есе артық болып келеді. Техногенді жолмен түскен азот және күкірт тотықтарының жоғары концентрациясы жауын суының қышқылдығын 4,0-ге дейін төмендетіп, оның тіршілік үшін уыттылығын бірнеше есе артып жібереді.
Қышқыл жауындарды туындататын негізгі химиялық қоспалар – SO2 мен NO2.
Жер атмосферасының құрамындағы күкірт қосылыстарының кейбір түрлері:
Күкірттің қос оксиді – SO2;
Көміртегінің оксисульфиді - COS;
Күкіртті көміртегі – CS2;
Күкіртсутек – H2S;
Диметилсульфид – (CH3)2S;
Сульфат –ион – SO42-.
Атмосфераға күкірттің табиғи эмиссиясы:
1. Биологиялық бөліну –30-40 млн т/жыл;
2. Жанартау қызметі – 2 млн т/жыл;
3. Мұхит беттері 50-ден 200 млн т/жыл.
Атмосфераға күкірттің антропогендік эмиссиясы:
1. Көмір отынын жағу (70%);
2. Мұнай өнімдерін жағу (25-40 %);
Адамның іс -әрекеті нәтижесінде атмосфераға жыл сайын 60-70 млн т күкірт қоспалары түсіп отырады, бұл көрсеткіш табиғидан 2 есе артық.
Жер атмосферасының құрамындағы азот қосылыстарының кейбір түрлері:
Азоттың қос тотығы – NO2;
Азот тотығы - NO;
Азотты ангидрид – N2O3;
Азот оксиді - N2O5.
Қышқылды жауындардың үнемі түсуіне байланысты топырақ және су орталарының қышқылдануы байқалады. Бұл өзгеріс өз кезегінде ауыр металдар мен токсиканттардың қарқынды еруін туындатып, топырақ пен су ортасының уыттылығын арттырады. Қоректік тізбек бойымен еріген токсиканттар жануарлар мен адам ағзаларына түседі.
Қышқыл әсерінен топырақтың биохимиялық құрылымы өзгеріп, ондағы биотаның тіршілігіне қауіп төнеді.
ҚЖ әсерінен өсімдік бойынан барлық бейорганикалық заттардың (негізгі микро- және макроэлементтер) шайылуы жүреді. Мысалы, көп мөлшерде өсімдік денесінен калий, кальций, магний және марганец элементтері шайылады.
Адам денсаулығына аса қауіпті қышқыл сипаттағы аэрозольді бөлшектер болып табылады. Олардың қауіптілік деңгейі көлеміне байланысты болып келеді. Ірі аэрозольді бөлшектер жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдаса, 1мкм-ден кіші бөлшектер өкпенің ең алыс бөліктеріне еніп, айтарлықтай зардап тигізуі мүмкін. Нормадан асып кетсе аса уытты болып келетін аллюминий қоспалары трофтық тізбек бойымен адам ағзасына түсіп, оның улануының себепкері болады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 143 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |