Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ерікті әрекеттерін талдап, мысал келтіріңіз

Читайте также:
  1. Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтемелерді қолдану. Əрбір сілтемелерге мысалдар келтіріңіз
  2. Адамның еріктік қасиеттері мен даму жолдарын көрсетіп дәлелдеңіз?
  3. Азақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
  4. Айқындалмаған функциялар. Мысалдар.
  5. Айталанған шек. Мысалдар.
  6. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп
  7. Ауа алмасуды есептеудің мысалдары
  8. Банктер мен ұлттық экономика мүдделерінің ара қатынасын талдап, экономикалық тұрғыдан баға беріңіз.
  9. Дегі жиындар және нүктелердің түрлері. Мысалдар.
  10. Дербес туынды. Мысалдар.

Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға өзінің сезімдерін, қылығын, танымдық процестерін бас­қа­руға мүмкіндік береді. Ерік си­пат­тарының жалпы бірігімін (интегрирование) танытатын құбылыс - ерік күші. Ерік күші еріктік әрекеттің барша ке­зеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрінісі кедер­гілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді.

Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта (целеустремленность) көрінеді. Мүдделі мақсат - бұл жеке тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі бір нәтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның басқа да ерік сапа­ла­рының мазмұны мен даму денгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген, стра­тегиялық, не жақын, бөлектенген әрекеттерді орын­дауға бағытталған нақты қызметтік, оперативтік болып бө­лінеді. Ерік әрекетінің бастапқы, іске қосылу кезеңі көбіне ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты.

Ынталылық (инициативность) - мол да жарқын идеяларға, байыпты жоспар мен ұшқыр қиялға негізделеді. Көп адамдар үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет тәсілін өзгерту. Мұндайлар өз бетінше ешбір іске кірісе алмай, тысқы ықпал, нұсқауларды күтумен болады. Осыдан ынталылық дербестікпен тікелей байланысты. Дербестік - еріктік әрекет барысында адамның әрқандай себептер жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына сындарлы баға берумен, өз наным, сенімдері негізінде іс-әрекетке келу қасиеті.

Ынталылық пен дербестік жеке адамның еріктік сапасы ретінде, бір жағынан, сенгіштік, иібостық, енжар-лық сияқты қасиеттерге қарсы; екінші тараптан, басқаның ой-пікірін, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан (позитивизм) аулақ қасиет.

Іс-әрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылық қасиеті процеске қосылады. Ұстамдылық әрекеті - сезім, ой-пікір, қалыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежейді. Ұстамды адам орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз белсенділігінің денгейін барластырады.

Іс-әрекеттің сан алуан сеп-түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көрсетеді. Батылдық - бұл әрқандай іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіре алу қасиеті.

Батыл қимылды адамдар іс шешімін қабылдаудан істің өзін орындауға жылдам ауыса алады. Мұндайда батылдыққа тірек - ержүректік (смелость) қорқыныштың бәрін басып, адамды тәуекелге келтіруші қасиет. Іс-әрекеттегі батылдық көзсіздікке (безрассудство) тікелей қарсы. Егер іс-жағдайлары болымсыздық танытса, батыл адам әрекетін кідіртіп, кейін қалдыра алады.

Іс-әрекеттің орындалу кезеңінде шалттық (энергичность) пен табандылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерінің барша кұшін көзделген мақсатқа тез шо-ғырландыра алады. Шалттық табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттің ең жоғары көрсеткішіне айналады. Табандылық - бұл адамның ұдайы, шалт әрекеттерін бірде төмен­детпей, көрінген қиыншылықтарға төзе білуі.

Табандылық та батылдық сияқты әртүрлі деңгейде көрініс береді, бірақ бұл екеуінің шектен тыс дамуы кері сипатқа соқтыруы мүмкін. Кейде ақылды, тіпті дарынды адамдар өз шешімін қорғай алмай, алғашқы кедергіден-ақ сескеніп, оны жеңудің амалына көзін жеткізе алмай, жалғастырайын десе, ерік күші жетпей, істен бас тартады немесе адам бастаған ісінің тізгінін қолдан жаздырып алып, әрекет нәтижесінің болымсыздығына көзі жетіп тұрса да, "болғаны болар" деумен, илеуге келмейтін, ақыл қонымдылығы жоқ ерік сапасы - өжеттік пен қиқарлықты қару етеді.

Қабылданған шешімнің орындалуы үшін өзіндік бақылау мен өзіндік баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз іс-әрекетіне орынды бақылау жүргізе алса ғана, көзделген мақсат іске асады. Олай болмаса, алға қойылған міндет пен оған қажетті қылық-әрекет арасында сәйкессіздік туады.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 214 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав