Читайте также:
|
|
Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам ара-лық қатынас құралы. Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде ауызша, жазба болып, ал ауызша - монологтық және диалогтық болып бөлінеді
Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу түрлерінің бәріне бірдей сипат - олардың сөздік дыбысталуында. Тіл қатысынсыз және заттасқан тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да, әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер (таңбалар) негізінде орындалады. Қазіргі кездегі көп тілдердің дыбыстары әріптермен өрнектеледі. Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз (сөйлеу) ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі.
Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді.
Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар (лекция) ж.т.б.).
Иялдың түрлерін сипаттап, нақты мысалдар келтіріңіз
Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялы.
Айта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен қүбылыстарды создік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.
Қиялдың бұл түрі әртүрлі іс-әрекетте кеңінен қолданылады, әсіресе, оқыту үрдісінде атқаратын қызметі ерекше. Заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасау адамдардың сөзі арқылы, сонымен қатар жазба және заттай құжаттар арқылы іске асады. Қайта жасау қиялына нақты мысал ретінде біздің кинолардан көру, кітаптардан оқу арқылы Ұлы Отан соғысында батырларымыздың ерліктерін елестете аламыз.
Сол сияқты тарихтағы ұлы тұлғалар Абылайдың, Бөгенбай, Қабанбай, Исатай мен Махамбеттің, Сырымның жеңімпаз әскери жорықтары туралы, тарихи оқиғалар туралы елестетулерді қалыптастыруға болады.
Шығармашылық қиялы дегеніміз дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау. Қиялдың бұл түрі адамдардың шығармашылық қызметінің барлық түрлерінде ерекше рөл атқарады.
Шығармашылық қиялда адам өзі қандай да бір жаңаны жасайды. Мысалы, жазушының қиялы осындай, ол озінің шығармалары үшін кейіпкерлердің типтік тұлғасын жасайды. Жаңалық ашушының да қиялы осындай, ол жаңа жасайтын машинаның, жаңа аспаптың жобасын жасайды.
Сол сияқты зерттеушінің қиялы да осындай, ол болашақ зерттеу жұмысының немесе эксперименттің жорамалын немесе жоспарын жасайды.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 884 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |