Читайте также:
|
|
Балаларда ес олардың өмірінің алғашқы күндерінен бастап дамиды. Естің дамуы тәрбие үрдісінде дамып келе жатқан жүйке жүйесінің негізінде, іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде (ойын, оқу, еңбек) іске асады.
Ес оқытудың негізгі шарты болып табылады, сонымен қатар естің өзі негізінен оқыту және тәрбие үрдісінде дамиды.
Бала өмірінің алғашқы айларында есте қалдыру механикалық түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс — ассоциациялық ес байқалады. Ол туралы баланың қозғалысы бойынша түйіндеуге болады. Мысалы, баланы бір біржарым айлық кезінде емізу үшін қолға алғанда, әлі де анасының омырауына аузы тиместен сәби сору қозғалыстарын жасай бастайды.
Шетел психологиясында балалар тек сәбилік кезенде ғана емес, жалпы 7-8 жасқа дейін есте қалдыруы тек қана механикалық, ал логикалық есті үлкендер меңгереді деген көзқарас кең тараған.
Бұл көзқарас әр уақытта біз бақылап отырған шындықпен, деректермен толық қарама-кайшылықта екендігін атап өткен жөн. Деректер көрсеткендей, балаларда ойлауы мен тілі бірге дамуымен мағыналық есте сақтау қалыптаса бастайды.
Демек, балалардың мектепке дейінгі кезеңнің алдында және мектепке дейінгі кезеңде тәжірибесі әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты олардың ойлауы да жеткіліксіз дамыған. Сондықтан балаларға көптеген нәрселерді механикалық түрде есте қалдыруға тура келеді. Бірақ балаға жақын, материалды есте қалдыру бұл кезеңде мазмұнды сипатта болады. Мысалы, балалар ертегіні бірнеше рет тыңдай отырып, жеңіл, әрі берік меңгереді, неліктен белгілі кейіпкерлер олай емес, былай әрекет етті деген сұрақтарды жиі қояды. Балалар сөздерді механикалық есте қалдырып ғана қоймайды, олар ертегілердің мағыналық мазмұнын түсіне біледі. Ертегілерді тыңдай және есте қалдыра отырып, әр түрлі сезімдерді бастан кешіреді. Мұнда балалар ертегілерді оның мазмұнын түсіне отырып, есте қалдырады.
Мектеп жасында оқытуға байланысты логикалық есте сақтаудың шеңбері кеңейеді, есте қалдыратын материал көлемі жағынан әр түрлі, тереңдей және күрделене түседі.
Төменгі сыныптың шәкірттері кейде мағыналы материалды түсінбей, механикалық түрде есте қалдырады.
Жоғары сыныптың шәкірттері мағыналық есте қалдыруды артық санап, өздері саналы түсінеді. Бірақ олар да кей жағдайда механикалық есте қалдыруды пайдаланады. Мысалы, кейде математикалық аксиомалар мен ережелер, физиканың, химия заңдарының дәл атаулары және т.б.
Есте қалдыру алғашқы кезде еріксіз іске асады. Балаларды олар не қызықтырады, не зейінін аударады, сондай заттар мен құбылыстар есте қалды.
Балалар көп жағдайда үлкендерден ертегілерді бірнеше рет қайталауды талап етеді. Бірнеше қайталанған ертегіні бала есінде берік сақтайды.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 339 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |