Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Электрондық почта

Читайте также:
  1. A) вакуумдық электрондық шамдарға
  2. Microsoft Excel электрондық кестесі
  3. Вопрос 19. Электронная почта
  4. Задание 6. Фёдор – почтальон.
  5. Назначение и основные услуги компьютерных телекоммуникационных сетей (электронная почта, телеконференции).
  6. О.М. Почтар
  7. Тақырыбы: Электрондық «Портфолио» жасау. Электронды оқыту Moodle программасымен танысу.
  8. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
  9. Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері

Электрондық почта д\з компьютер желісі бойынша хабарларды жөнелту, оқу мен сақтауға арналған қызметтік программалар жүйесі. Электрондық почта – компьютер арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметті сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті электрондық почтаның кәдімгі почтадан артықшылығы сөзсіз.

Электрондық почта – жер шарының кез–келген нүктесіне салынған хатты бірнеше минут ішінде жеткізетін өте қолайлы, әрі жедел байланыс құралы. Электрондық почта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы почтаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Электрондық почтаны планетаның бүкіл аймағында бар почталық қызметтің баламасы (альтернативті) деп қарастыруға болмайды. Ол хабарларды (файлдарды, ақпараттарды) кез–келген машинадан басқа бір машинаға жіберуге мүмкіндік береді.

Электрондық почта жүйесі үш бөліктен тұрады:

1.Қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді. Тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны қолданушы агенті деп аталады.

2.Тасымалдау агенті мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді. Тасымалдау агенті – почтаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.

3.Жеткізу агенті мәліметтерді оны алушының почта жәшігіне салып кетеді. Жеткізу агенті – почтаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларғы

жеткізетін программалар тобы.

Электрондық почтаның қарапайым почта қызметінен айырмашылығы:

1.Электрондық почта арқылы тасымалданатын мәліметтердің жылдамдығы минут пен сағат бойынша өлшенеді;

2.Кез–келген құжаттың хабарын немесе мәтінін біруақытта бірнеше адресатқа жіберуге болады;

3.Келген мәліметтерді қолданушы оқығанға дейін сақтауға болады;

4.Мәліметтерді жөнелту тәулік бойы немесе алдын–ала белгіленген уақыт бойынша іске асады;

5.Электрондық почта бойынша қабылданған мәліметтерді дискте сақтауға, оны өңдеуге және қажет мөлшерде принтерден басып шығаруға болады.

Электрондық почта өте қарапайым құрылған. Сіз тақырыпта алушының электрондық адресін көрсететін провайдеріңіздің почталық серверіне хатыңызды жібересіз. Бұл SMPT (хабарларды жіберудің қолайлы протоколы) протоколында жұмыс істейтін сервер. Ол тораптан сіздің адресатыңыздың жазылған доменін тауып, оған хат жібереді.

Сізге хат келген жағдайда провайдеріңіздің басқа сервері – POP (почталық протокол) протоколында жұмыс істейтін сервері хабарды қабылдап, оны өзінің қатты дискісінде сіз оқығанша сақтайды. Электрондық почта географиялық адрестеуді қолданбайды.

Домен д\з @ таңбасының оң жағында орналасқан және абоненттің орналасқан тұрағын анықтайтын сөз.Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған танымал программалар: Eudora, Internet Mail немесе Outlook Express.

Дайджест - бірнеше хабарламаларды біріктіріп тұратын пошта тізімі хабарламасы. Электрондық поштаның абоненттік станциясы хост-машинадан тұрады.

Хатпен бірге файлдарды тіркеп жіберу қажеттілігі жиі туады. Ол үшін хатты жазып болған соң, скрепка-кнопканы (вставить файл) басып, дисктен қажетті суретті, программаны немесе файлды тауып, оны екі рет басу керек.

Электрондық почтаның бір түрі телеконференция болып табылады. Телеконференция – бұл желіні қолданушылардың арасындағы ұйымдастырылғантақырыптық ақпараттың алмасуы. Телеконференция конференцияларға қатысушылардың тізімін көруге, жазылған жауапты көруге, жаңа мағлұмат жазуға мүмкіндік береді. Хабарландыру тақталарының әрқайсысының ‘қараушысы‘– модераторы (реттеуші) болады. Модератордың міндеттері: телеконференцияларды ұйымдастыру, ең жиі кездесетін сұрақтарға жауаптар (FAQ – frequency asked question, орысша частные вопросы) беру, конференциялардың тақырыптарына сай келмейтін мақалаларды жібермеу, жарнамашылардың жүйеге кіріп кетуінен сақтау және т.б.

Провайдердің news–серверінде орасан көп телеконференциялардың тізімі бар. Олардағы ақпараттарды провайдер өзінің клиенттеріне таратып жібереді. Әр клиент өзінің жазылған тақырыптары бойынша хабарлар алады. Жер шарында ондаған не жүздеген адамды қызықтыратын кез–келген тақырып пікірлесу обьектісі бола алады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі.

 

22.2. REPEAT... UNTILциклдікоператоры(Дейін)

Бұл оператор да WHILE операторы сияқты қайталану саны алдын - ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. REPEAT циклінің WHILE циклінен айырмашылығы циклді орындау шарты
цикл денесінен кейін тексеріледі. Цикл денесі жай немесе құрама оператор болуы мүмкін. Ондағы операторлар REPEAT және UNTIL қызметші сөздерінің арасында орналасатындықтан, цикл денесі операторлық жақшаларға алынбай жазылады. Циклден шығу шарты орындалу үшін, цикл денесінде шартқа әсер ететін ең кемі бір оператор болуы тиіс, әйтпесе цикл денесінің орындалуы тоқтамай шексіз қайталана береді (бағдарлама "мәңгі циклденіп" қалады). Жалпы жазылу түрі төмендегідей:

REPEAT

Циклденесі;

UNTIL шарт;

UNTIL операторында жазылған шарт орындалғанға дейін цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер ондағы шарт орындалса, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Шарттағы есептеуіш параметр мәні циклге дейін беріліп, оның жаңа мәнінің өсімі цикл денесінде беріледі.

REPEAT циклінің блок – схемасы

Барлық циклдік операторлармен бағдарламалар құрғанда, Do, While, Repeat операторларынан кейін нүктелі үтір қойылмайтынын ескеру қажет. Егер цикл денелерінде басқаруды циклдің сыртындағы таңбаға көшіретін оператор кездессе, онда циклдің қайталануы бірден тоқтайды. Егер циклдің орындалу шарты басынан орындалмаса, онда цикл жүрмейді. REPEAT циклінде бағдарлама орындалуы цикл соңындағы шартқа бармай тұрып, цикл денесі міндетті түрде бір рет орындалады. Цикл денесінде басқаруды цикл сыртына жіберетін шартсыз көшу операторы тұрса, онда басқару Goto операторындағы белгісі бар цикл сыртындағы операторға беріліп, цикл ерте аяқталуы мүмкін.

 

 

№23.1




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 80 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав