Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бір с ж\нен басқа с ж\не келтіру ережелері

Читайте также:
  1. A) мақсаттық басқару
  2. D) Басқа заттардан айыруға болатын белгілері
  3. III. Упражнение на воспитание воли в обыденной жизни
  4. IV. Выполнение тренировочных упражнений.
  5. IV. Упражнения пауэрлифтинга и правила их выполнения.
  6. Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі
  7. XVIII. Этиология и патогенез основного заболевания и его осложнений.
  8. А) нравственное упражнение б) организация успеха в учении
  9. Аллергические осложнения.
  10. Аналогично выполняются упражнения для жевательных мышц, языка и глаз.

1-ереже. Ондық санақ жүйесінде берілген бүтін санды екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды санақ жүйесінің негізіне, яғни 2-ге (8-ге немесе 16-ға) бөледі. Бөлуді негізден кіші сан шыққанға дейін жалғастырады. Алынған нәтижені соңынан бастап жазады.

2-ереже. Екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесінде берілген бүтін санды ондық санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санның цифрларын санақ жүйесі негізінің, яғни 2-нің (8-дің немесе 16-ның) дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосады.

3-ереже. Ондық санақ жүйесінде берілген бөлшек санды екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды санақ жүйесінің негізіне, яғни 2-ге (8-ге немесе 16-ға) көбейтеді. Көбейту нәтижесінде алынған бүтін сан үтірден кейінгі санды береді. Көбейту бөлшек бөлік нөлге айналғанға дейін жалғасады.

4-ереже. Екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесінде берілген бөлшек санды ондық санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санның цифрларын санақ жүйесі негізінің, яғни 2-нің (8-дің немесе 16-ның) теріс дәрежелеріне көбейтіп қосады.

 

6.2 Массивтер. Массив ұғымы. Массивті сипаттау.

Массив- бұл бір типтегі элементтердің жиынтығын құрайтын берілгендер құрылымы.

Берілгендер массивтері бір типті қарапайым айнымалылар тізбегін береді.Басқаша айтқанда, массив бір атауға біріктірілген айнымалылардың реттелген жиыны. Массив бір ғана атпен белгіленеді. Әрбір жеке алынған айнымалы массив элементі д.а. Массивтің әрбір элементіне бір сандық н/е символдық мән меншіктелуі мүмкін.Массивтер бір

өлшемді және екі өлшемді болып бөлінеді.

Бір өлшемді массив элементтері Паскаль тілінде келесі түрде бейнеленеді:

А={ a[1], a[2], a[3],..,a[n]}. Индекс саны массивтің өлшемін

білдіреді, ал элементтер саны оның көлемін көрсетеді. Массив элементитерінің барлығы бір типке жататын шамалар. Математикада бір өлшемді массивті вектор деп, ал оның элементтерін компоненттері деп атайды. Сондықтан кейде вектор деп аталынса, онда бірөлшемді массив туралы сөз болғаны. Егер программада массивтер қолданылатын болса, онда айнымалыларды сипаттау бөлімінде олар туралы информация болуы тиіс. Сипаттауда массивтің неше индексі болатындығы, ол индекстердің ең кіші және ең үлкен мәндері, элементтердің мәндерінің қандай типке жататындығы көрсетіледі.Бір өлшемді массивтің элементтерін компьютер жадына енгізу қажет болса, онда циклдық операторларды, оның ішінде For циклдық операторын пайдалануға болады.

Массив элементтерін енгізу және шығару цикл арқылы жүзеге асырылады. Егер элементтерді ендіру үшін Read операторы қолданылса, онда элементтер бір қатарға жазылып енгізіледі. Ал Readln операторы қолданылса, онда әр элементті жаңа қатардан енгізу керек.

..................................................

Readln(N);

For K:=1 To N do Read(A[K]);

.................................................

Readln(N);K:=1;

Repeat Read(A[K]; K:=K+1

Until K>N;

..................................................

Radln(N); K:=1;

While K=<N Do Begin

Readln(A[K]); K:=K+1 End;

...............................................

Бағдарламаның орындалу нәтижесінде N элементтен тұратын массив элементтерін пернетақтадан енгізуді ұйымдастырады, бағдарламада циклді оқығанда Read операторын N рет оқып тоқтап, массив элементтері мәндерін қашан пернетақтадан енгізгенше күтіп тұрады, бұл жерде К айнымалысы цикл параметрі қызметімен қоса массив индексі ретінде де қолданылып тұр.

Кейде бағдарламаның әр орындалуында массив элементтерінің мәндерін қайта-қайта пернетақтадан енгізу керек болады, бұл әсіресе енгізілетін элементтер саны өте көп болған кездерде бағдарлама орындаушы кісіні жалықтырып жібереді, сондықтан бұндай жағдайларда оларды бірден тұрақтылар бөлімінде енгізіп қойса да болады:

CONST N=5;

A:ARRAY[1..N]OF REAL=(40.5, 48, 47.1, 52.3, 11.2);

B:ARRAY[1..9]OF REAL={31,25,40, 1.5,48,54.7, 12.3,54.5,21);

 

Массив элементтерін шығару процесі де енгізуге ұқсайды. Егер цикл денесінде элементтерді шығару үшін Write операторы қолданылса, онда массив элементтері экранға бір қатарға бір-біріне жабысып жазылып шығады. Бұл жағдайда нәтиженің көрнекілігін арттыру үшін Write операторында массивтен кейін бос орын жазылады. Ал Writeln операторы қолданылса, онда массивтің әрбір элементі жаңа қатарға жазылып шығады.

.....................................................................

For K:=1 To N Do Write(‘A[‘,K,’]=’, A[K], ’ ‘);

……………………………………

К: =1;

Repeat Writeln(A[K]); K:=K+1

Until K>N;

................................................................

K: =1;

While K=<N do

Begin Write(A[K], ' '); K:=K+1 End;

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 103 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав