Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сезімнің адам өміріндегі маңызы туралы жазыңыз.

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. Linux негізін қалаушысы туралы
  3. Lt;variant> ғылымға табыну және адамзат прогресі туралы идея
  4. Lt;variant>Болмыс туралы ілім және танымды ұғыну теориясы ретінде
  5. Lt;variant>Ци туралы ілім.
  6. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  7. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  8. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
  9. Айқындалмаған функцияның бар болуы туралы теорема.
  10. Айқындалмаған функцияның дифференциалдануы туралы теорема.

Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.

Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады. Эмоциялар адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, жағдаятты көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.

Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім" дейміз, ол дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім" деп айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді.

Эмоциялар мен сезімдер адамның сырт пішінінен жақсы байқалады: олар адамның мінез-құлқына және жағдайына, сондай-ақ ішкі органдарының жұмысына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректің қатты соққанын, қан тамыры соғуының жылдамдауын басымыздан өткіземіз, біздің демалуымыз қиындайды, қол-аяғымыз дірілдей бастайды, кейде адамның ыстығы көтеріліп кетеді; керісінше де болуы мүмкін: маңдайдан суық тер шығады. қалшылдай бастайды, көзден жас сорғалайды. Сезім кісінің бет-әлпетінен де мимикасынан да көрінеді. Халықтың қанатты сөздерінде "Адам жүзі - жанның айнасы", деп босқа айтылмаған. Біздің бетіміздің бұлшық еттері өте қозғалмалы, ол адамның ішкі көңіл-күйіне тәуелді болғандықтан неше түрлі құбылады.

Адамды танып, білу үшін оның қалай ойлайтынынан, соған сәйкес қалай іс-әрекет ететінінен хабардар болу жеткіліксіз. Ең бастысы, адамның не нәрсені де тебірене се-зінетінін білуіміз қажет. Бұл орайда психолог мамандар адамның сезімін 4 топқа бөліп сараптап, бағалайды. Олар: сезімнің бағыттылығы; сезімнің тереңдігі; сезімнің тұрақты-лығы; сезімнің әсерлігі.

Егерде адамның сезімі не болса, соған әсерле-ніп, бетімен лақса, онда ол ақыл-парасат иесінің шығармашылығына, тіршілік үшін күресіне, ал-дына қойған мақсат-мүддесіне мықты тірек бола алмай, адамды тура жолынан адастыруы да, қате қадамдарға бастыруы да, негізгі парызы мен міндетін адал атқаруы-нан аластатуы да мүмкін. Адам сезімі оның мақсат-мүддесімен қаншалықты қабысып жатыр, оның беріктілігі қандай, бар бақыт, абырой соған бай-ланысты.

 

57. «Менің армандарым» тақырыбына талдау беріп, сыни талдау жасаңыз. Бос арманға нені жатқызамыз? Мәселен бір пенделер бар, не ішемін не киемін деп бас қатырмайды, қалағаны алдында тұрады, бірақ көңілі соны қанағат тұтпай, тағыда бола берсе екен, тағыда деп аспандағы айды арман етеді. Күнделікті өмірде, әлеуметтік желілерде оқып, көріп жүрміз, ұстап жүрген IPhon 5 телефонын місе тұтпай, «Маған IPhon 6 алып беріңдер, ол болмаса өмір сүрмеймін» — деп қиғылық салып жүрген қыздар бар. Немесе жасы не бәрі 13-14 те бола тұра «Махаббаты армандаймын» деген статус қоятын қыздар мен жігіттер бар. Бұлардың арманын бос, мәні мен мағнасы жоқ армандар деп айтар едім. Өз басым ешқашан керексіз дүниені арман етпеген екенмін. Ел құсап қымбат телефон ұстамадым, қызықпадым. Елдер шамасы келсін-келмесін керемет телефондар алып жатқанда сол баяғы нокианы арқалап келе жатырмын. Артықшылықтары өте көп. Жоғалып қалса ішің ашып, күйзеліске түспейсің, ішіне үңіліп бос уақыт өткермейсің, телефон үшін кредит алып, оны төлеу керек еді деп ай сайын уайым жеп бас қатырмайсың.

Ал шынайы арман дегеніміз не? Бұл өмірде орындалатын арман, иесіне жігер беріп, қанат қақтыратын арман. Кімнің бай бақуатты немесе танымал болғысы келмейді? Жұрттың басым бөлігі соны арман етеді. Бірақ, азғантай ғана бөлігі сол арманға жетуге ұмтылады ал өзгесі қиялдап қана қоя салады. Шынайы арман дегеніміз-аштан өлгелі жатқан жанның нанды армандауы, оқушының білім алуды аңсауы, жұмысшының нәтижеге жетуге талпынуы. Өзіме келер болсақ, бала күнімнен әдебиетке құмар болдым. Қолым қалт еткен сәттерде қалам алып, шимай-шатпақ жазатын едім. Бірақ, үлкендер тарапынан қолдау емес керсінше кемсіту көріп, көңілім суыды. Өсе келе туған өлкемнің тұнып тұрған тарихын көріп, осыларды зерттеп, сыры беймәлім өлкенің жұмбағын шешетін тарихшы болсам дедім.

 

58. Сіздің қазіргі кездегі білім беру жүйесіне деген көзқарасыңызды білдіріңіз. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

59. Жарнама психологиясының басты міндетін көрсете отырып, мысал келтіріңіз. Жарнама психологиясы - психология ғылымының қолданбалы салаларының бірі. Жарнама көрермендердің, алушылардың, жөне қатынасушылардың зейіндері мен қызығушылықтарын заттарға, шараларға, дәстүрлерге, шығармаларға, т.с.с. аударып, кең өрісті әйгілі ету мақсатымен қолданылатын хабарлау жолы. Жарнама психологиясы эргономиканың, физиологияның, эстетиканың және этникалық нормалардың мүмкіндіктерін ескереді. Жарнама хабарлайды, түсіндіреді, сендіреді. Олай ету үшін жалпыға ақпарат үрдісінің функциясы, нұсқасы және адамдардың білім деңгейлері мен кімдерге арналғанын жан-жақты қарастырады. Жарнама психологиясы жарнаманың әртүрлі әлеуметтік функцияларының механизмдері мен заңдылықтарын зерттейді. Жарнаманың дамытушылықты коммуникациялық жүйе ретінде қарастырсақ оның негізгі бөліктерін бөліп қарауға болады: жарнаманың өзі (ЖӨ), жарнаманы, пропаганданы және де маркетингтік жарнама технологиясы.

Жарнаманы жоспарлау процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

- мақсатты аудиторияны таңдау;

- жарнама мақсатын анықгау;

- хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

- жарнама қүралдарын таңдау;

- жарнама тиімдідігін бағалау.

Жарнаманы жоспарлау товарды өткізу жоспарымен бірге жасалады да, мұнда рынокты зерттеу нәтижесі және бәсекелестер қабылдаған шаралар ескеріледі. Өнімді өткізуде жарнаманың тиімділігін дәл анықтау ешқашанда мүмкін болмайтындықтан, кәсіпорын жарнама құралдарын пайдаланған кезде қалауынша еркін әрекет ете алады.

Дегенмен, жарнама бюджетін анықтауда мынандай тәсілдер анықталады:

1.айналым процессін анықтау;

2. бәсекелестер жұмсаған қаржыны анықтау;

3. өзінде жұмсалған жарнама қаржыларын бағалау.

 

60. Жеке адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының айрмашылығын айқындаңыз. Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалында қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған байланысты, мақсатқа жету үшін түрткілер де өзгеріп отырады. Жеке адамды қандай болмасын белгілі бір әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш-қажеттіліктер. Қажеттіліктерде тоқталып өттік.

Қажеттілік тетік белгісіне қарай: табиғи және рухани-мәдениет болып бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарай: материалдық, рухани қажеттіліктер болып бөлінеді.

Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады.

Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.

Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері (компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар, бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.

Қызығулар-адамның шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі-«Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін. Қызығулар мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық. т.б. болып келеді.

Ал адамда қызығулардың болмауы немесе оның көмескі болуы оның өмірін мазмұнсыз етеді. Қызығудың мазмұнды, әрі ауқымының кең болуы-оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз аданың рухани өмір дамымайды. Қызығу пәрменді белсенді болу үшін баланың тікелей әрекеттерімен айналысу қажет.

Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адам дүние танымы мен сенімі.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 545 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав