Читайте также:
|
|
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастарға мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады. Азматтық құқықтың қайнар көздері: Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі». Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: жалпы бөлім және ерекше бөлім. «Азаматтық кодексі» жалпы бөлім (27.12.1994ж.) Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі (01.07.1999ж) қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасының президентінің заң күші бар жарлықтарынан, парламенттің қаулыларынан, парламенттің сенаты мен мәжілісінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық құқық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді: меншік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, мәміле, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық. Кез келген құқық қатынас оның субъективтік құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушылардың құқықтық байланысы болып табылады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективтік құқықтық мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін береді. Екіншіден, басқа адамдардың бәрінен сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кедергі жасамауын талап етеді.Үшіндіден, меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейінгі құқық қорғау тәртібін пайдалану мімкіндігін қамтиды. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимыл нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлығына ғана ықпал етеді. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісін оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктері мен материалдық емес игіліктері жатады. Мысалы, азаматтық кодекстің 115-бабында атап көрсетілгендей азаматтық құқық объектілеріне: заттар, ақша оның ішінде шетелдік валюта, қоғамдық қағаздар, жұмыс, көрсетілген қызмет, шығармашылық, жеке қызметтің объектілендірілген нәтижелері және фирма атаулары, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары мен мүліктік және мүліктік емес құқықтар жатады.
Азаматтық құқықтың субъектілері: жеке тұлғалар заңды тұлғалар, мемлекет әкімшілік-аумақтық бірлілестіктер. Олардың құқықтық қатнастары тең құқықты, бір-бірінен тәуелсіз, заңда көсетілген немесе көрсетілмеген негіздерде туындауы мүмкін, көбінесе өзара келісім негізінде жүзеге асады; Мүліктік жеке игіліктерге жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-ождан, атақ, абырой, жеке және отбасылық құпиясы мен авторлық құқықтар жатады. Мүліктік емес жеке құқықтар адамның жеке басымен тығыз байланысты. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқық қабілетілігі мен әрекет қабілетілігі арқылы сипатталады. Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан оған шек қоюға болмайды. Шек тек азамат қылмыс істеген және сол үшін жаза алған жағдайда ғана қойылуы мүмкін. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың өз әрікеттері мен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру. Өзі үшін міндеттер туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Сондай-ақ заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады.Әрекет қабілеттілігі екі түрлі жағдайда шектеледі: біріншіден, табиғи түрде шектеу, екіншіден, сот органдарының шешімі негізінде шектеу. Сондай-ақ 6- жастан 14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жартылай әрекет қабілеттілігі болады. Ал 14-жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі болады.Азаматтық құқықтық қатнастардың пайда болу негіздері-заңды фактілердің туындауы: 1)Келісімдер мен мәмлелердің жасалуы; 2)Әкімшілік актілердің шығуы; 3)Сот шешімі бойынша; 4)Мүліктік құқықтардың пайда болуы мен өзгеруі 5)Әдеби және ғылыми шығармалар, өндірістік үлгілер т.б. шығару; 6)Басқа да жеке және заңды тұлғаларға мүліктік шығын келтіру; 7)Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартылу; Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы өзіндік оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы және оның атауы жазылған мөрі болады.Заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз – онда құқық субъектісінің қасиеті болуы, яғни құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болуы. Азаматтық құқық қатынастарын реттеу төмендегідей тәсілдерге сүйенеді: 1) азаматтық құқықтық қатынаста қатысушылардың заңдық теңдігі;2) жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы; 3) азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі;
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 204 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |