Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ажеттілік түсінігі. А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы

Читайте также:
  1. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары
  2. Орман пайдалану құқығының түсінігі. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
  3. Халықаралық тасымалдардың түсінігі.

Қажеттілік дегеніміз - ӛмір мен дамудың белгілі жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар ӛмір сүру үшін қоғамдық ӛндірісті дамытады. Қажеттілік те ӛндірістің ӛсуімен бірге дамып отырады. Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініш-сүйінішіне, ойлауына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне карай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады. Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бӛле отырып, материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп кӛрсетуге болады. Материалдық қажеттіліктер адамның ӛмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т.б.заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты. Рухани және әлеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптастырған адамдар материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырады. Рухани қажеттіліктер – адамның білімге, ӛнерге т.б. қажеттіліктері. Оларға танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер жатады. Танымдағы қажеттіліктер жалпы (тұтас әлем жайлы) және жеке (болмыстың белгілі бір құбылыстарын тануға деген құштарлық) болып келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми шығармашылыққа деген дербес қажеттілік пайда болады. Мұндай жағдайда таным мақсат емес, шығармашылық қажеттілікті қанағаттандырудың құралына айналады. Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам ӛмірінде айрыкша орын алады. Соның арқасында адам ӛз тұрмысын, демалысын, ӛзінің ӛмірін мәнді етуге құлшынады. Ал, қоғамдық қажеттіліктер: еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа, қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттілік. Еңбекке деген қажеттілік адамның негізгі қажеттілігінің бірі. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның әлеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге ӛзін де танып біледі, әлеуметтік ӛмірдің тәжірибесін жинақтайды. Қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол америкалық психолог А. Маслоудың теориясының қарапайым сипаттамасы. Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Мотіватіон анд Персоналітy) атты кітапта берілген. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді:Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:Физиологиялық (ең төменгі)ҚауіпсіздікМахаббат/бір нәрсеге тиеселілік Құрмет Білім алу Эстетикалық Өзінің маңызын түсіну.Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 217 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав