Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зейін, түрлері мен қасиеттері

Читайте также:
  1. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  2. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  3. Адамның қасиеттері ң шығармасында адамзаттың маңызды мәселелерін зерттегенА) ПеччейALMAT
  4. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
  5. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  6. Анықталмаған интегралдың қасиеттері
  7. Аударманың түрлері
  8. Бақылаудың түрлері
  9. Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
  10. Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері

Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сӛйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады. Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын кӛрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процес. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша кӛрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып ӛтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сӛзі соқпай ете алмайды, егер де ол соқпай ӛтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды». Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бӛлінеді. Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды ӛзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген кӛбелек, қарсы бӛлмедегі күлкі, кіріп келген адам - мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын ӛктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады. Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан кӛрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру кӛзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады; 1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет. 2)Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жӛн. 3)Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс. 4)Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, кӛңілді алаң қылатын бӛгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. 5) Зейінді болуды ӛзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сӛзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады. Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: кӛлемі, бӛлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Зейіннің кӛлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Зейіннің бӛлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан кӛрінеді. Бір мезгілде ӛлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 266 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав