Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психикалық қасиеттерге сипаттама

Читайте также:
  1. Абай философиясына сипаттама
  2. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  3. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  4. йымның жалпы сипаттамасына жатпайды:сыртқы ортадан тәуелсіздік
  5. Мазмұнының сипаттамасы
  6. Оқу пәнінің сипаттамасы
  7. Оқу пәнінің сипаттамасы
  8. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы
  9. Тақырып: Тұлғаның аутистикалық сипаттамасы

Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз. Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше ӛтелуі адамда, кӛптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады. 1) Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол кӛңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. 2)Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. 3)Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның ӛз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады. 4)Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден кӛрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның ӛз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп түрткілер болу қажет. Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп, түрткілер болу керек. Адам алдына мақсат қояды. Сол мақсатты жүзеге асыры үшін әр түрлі әрекеттер жасайды. Мақсатты жүзеге асыруда адамда пайда болатын бір кӛмескілеу түрткілер пайда болады. Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен кӛңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Холерик темпераменті. Бұл типтің ӛкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен кӛзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің ӛкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және тӛзімді, еңбекқор адам. Меланхолик темпераменті - бұл типтің ӛкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Адамның ісі мен қылығынан кӛрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты және тұрлаулы жеке ӛзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп ӛмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамдақабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 165 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав