Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама

Читайте также:
  1. Абай философиясына сипаттама
  2. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  3. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  4. йымның жалпы сипаттамасына жатпайды:сыртқы ортадан тәуелсіздік
  5. Мазмұнының сипаттамасы
  6. Оқу пәнінің сипаттамасы
  7. Оқу пәнінің сипаттамасы
  8. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы
  9. Психикалық қасиеттерге сипаттама
  10. Тақырып: Тұлғаның аутистикалық сипаттамасы

Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен кӛңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу ӛжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның кӛңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда ӛте ерте кездің ӛзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грек ғалымдар Гален, Гиппократтың еңбектерінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, адамның тәнінде тӛрт түрлі сұйықтық болады. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары ӛт және оған дымқылдық беретін қара ӛт (талақ). Темперамент туралы теориялар 19-шы ғасырдың аяқ кезінде де кең ӛріс алады. Кӛрнекті орыс педагоғы П.Ф.Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттардың жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. XX ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымның бірі Э. Кречмер (1888-1964). Ол «Тән құрылысы және мінез» атты еңбегінде темперамент турлері адамның дене құрылысымен конституциясымен байланысты болады деді. Кречмер адамдарды дене құрылысымен конституциясына қарай тӛрт типке бәледі. Олар: пикник, атлетик, лептосоматик, диспластик. Э. Кречмердің сипаттауынша пикниктердің денесі тӛртпақ, қол аяғы мен мойны қысқа, бұлшық еттері нашар, Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырын мен бӛксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрылысы пропорциялы болып келеді. Диспластик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр түрлі мүшелік зақым сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзыр, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер. Лептосоматик бойшаң, нәзік денелі, кӛкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол аяғы ұзын, сидыйған. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Ол темпераменттердің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын кӛрсетті. И. П. Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғары нерв қызметінің және нерв процестерінің негізгі қасиеттері - козу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Нерв процестерінің негізгі қасиеттері: 1) күші, 2) тепе-теңдігі, 3) қозғалғыштығы. Холерик темпераменті. Бұл типтің ӛкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен кӛзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің ӛкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 302 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав