Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ойлаудың психологиялық теорияларына тоқталыңыз

Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа түсудің психологиялық қиындықтары. Эссе.
  2. Ата-аналарға психологиялық кеңес
  3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
  4. Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
  5. Лттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары
  6. Оқыту тұтас психологиялық үдерістің бөлшегі ретінде
  7. Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.
  8. Психологиялық диагностика
  9. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) ӛзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді. Ұғымдар дара және жалпы болып бӛлінеді. Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден кӛрінеді. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Дедукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Ойлаудың үш түрі болады: Практикалық ойлау, нақтылы-бейнелі ойлау, теориялық ойлау. Практикалық ойлау - нақты заттармаен тікелей байланыса ой қызметін орындау түрі. Нақтылы-бейнелі ойлау - елестер мен психика ӛрнектерін арқау еткен ойлау түрлері. Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды. Теориялық ойлау - абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі. Егер мәселе теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдалану талап етіледі. Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау келесі түрлерге бӛлінеді: Вербалды (сӛздік) және визуалды (кӛру), нақты және дерексіз (абстракт) ойлау. Бағыт-бағдарына қарай ойлау бірнеше түрге ажыратылады: Логикалық (қисынды) ойлау - логикалық амалдар(салыстыру, жүйелеу, қорыту т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі. Синкретикалық(біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес сырттай ұқсастық белгілері бойынша ӛзара байланыстырылады. Шешілетін мәселе мен орындалатын іс-әрекеттердің стандартты немесе стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыратылады: алгоритмдік, дискурсив, эвристикалық, және шығармашыл ойлау. Алгоритмдік ойлау – типтік мәселелерді шешуге қажет алдын-ала белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан ойлау түрі. Дискурсив ойлау - ӛзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген ой әрекет түрі. Шығармашыл ойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі. Эвристикалық ойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін табуға бағытталған ӛнімді ойлау процесі. Танымдық процестер ӛздерінің ӛту сипаттары бойынша шұғыл сезімдік (интуитивтік) және




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 96 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав