Читайте также: |
|
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жӛнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға кӛшу қажет.Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде ӛте жақсы кӛрінеді.Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді ӛңдейді Адамның ойы әрқашанда сӛз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде ӛзін естісін деп дауыстап сӛйлейді. Ой толық сӛз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойдың белсенділігі мына тӛмендегі жағдайлармен байланысты:1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша ӛздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мәселені шешу; 2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру. 3) Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын (гипотезасын) белгілеу; 4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап кӛру.Адам ойдың дұрыс немесе бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен шешіп, тәжірибесімен салыстырып, тексеріп отыруы тиіс. Егер адамның ойы айналасындағы дүниемен, адамның тәжірибесімен байланыссыз болса, олармен үйлеспесе ондай ой керексіз, құрғақ ой болып табылады. Адам ойлаған уақытта оны жеті рет ӛлшеп, бір рет кескені абзал. Егер, адам мәселе шешуде объективтік жағдаймен санаспаса, онысы ақиқатқа қайшы келсе, онда ол алдына қойған мақсаттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын кӛбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам ӛз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен қүдіреттілігін, ӛмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық.Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері. Ойлау ми қыртысында жүзеге
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 257 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |