Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Егер мен психолог болсам....... атты тақырыпта эссе .

Читайте также:
  1. A. Использование клинического, психолого-педагогического и логопедического исследования.
  2. A. Раздел специальной психологии, изучающей психическое развитие у умственно отсталых людей и возможности его коррекции.
  3. I.II Психологические особенности леворуких детей
  4. II. Программа по юридической психологии
  5. II. Психологические требования к уроку
  6. II. Психолого-лингвистические основы развития речи учащихся
  7. III. Психологическое сопровождение учебно-воспитательного процесса (участие в формировании «умения учиться») Определение мотивации учебной деятельности
  8. III. ПСИХОЛОГИЯ ЛИЧНОСТИ
  9. IV. ПСИХОЛОГИЧЕСКИЙ ЭКСПЕРИМЕНТ.
  10. Quot;Естественные" психологические защиты

Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. ПСИХОЛОГ – ДӘРІГЕР ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘЛІМЕТ БЕРМЕЙДІ ӘРІ ОЛ ЕМДЕМЕЙДІ. Оқудағы қиындықтар. Кейбір оқушылар сабақты тиісінше онша жақсы оқымайды. Оған сылтаулар өте көп. Мысалы, есте сақтау қабілеті төмен болуы немесе оқуға деген ынталылықтың жетіспеуі, мүмкін оқытушымен өзара келіспеушілік, бірақ бұның бәрі не үшін керек. Кеңес берген кезде біз басты себеп неде екендігін, оны қалай шешу керектігін анықтаймыз, яғни басқаша айтқанда сабақты жақсы оқуды дамытатын жағдайларды қарастырамыз. Топтағы қарым-қатынас. Кейбір адамдар бөтен адамдармен, тіпті басқа бейтаныс топтармен байланысқа түсіп, емін-еркін араласып кетеді. Керісінше кеибіреулер басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде қиындықтарға тап болып жатады, ал достарды тапқаннан кейін ғана өзін топта немесе сыныпта емін-еркін сезінеді. Психологтың көмегімен кез келген жағдайда үйлесімді қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін меңгеріп, оның жолдарын табуға болады. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас. Кейбір уақытта біз өзімізге ең жақын адамдармен – ата-аналармен ортақ тіл табуды, жылы қарым-қатынасты жоғалтып алып жатамыз. Жанжалдар, түсіністіктің болмауы – балаларға да, ата-аналарға да әдетте ауыр тиеді. Кейбіреулері оның шешімін тауып жатса, басқаларына мұны жасау қиындыққа соғады. Психолог сізге ата-аналармен жаңадан қарым-қатынас құруға, оларды түсінуге тырысып, ата-аналар да сіздерді түсініп, қабылдауға шешім табатын жолдарды айтады. Өмірлік жолды таңдау. Көбі өзінің болашақ мамандығы мен өздерінің өмір бойы қалай өмір сүретіндіктері туралы ойланады. Егер де сіз қандай жолмен жүруге сенімсіздік пайда болса, онда сіз әрқашан психологқа жүгінуіңізге болады. Ол сізге өз арманыңызды, мақсатыңызды сезінуге, өз қасиеттеріңізді бағалауға және өмірдің қандай да болмасын саласында осы армандарыңызды іске асыруға, оны түсінуге көмектеседі. Өзін-өзі басқару және дамыту. Біздің өміріміз әрқилы әрі қызықты болғандықтан үнемі біз алдымызға бірнеше тапсырмалар қоямыз. Оның көбісі жеке қасиеттер мен дағдыларды, іскерліктерді дамытуға күш пен жігерді талап етеді. Өз өміріңе қожайын болуға үйренуге болады, ол үшін алдыңа дұрыс мақсат қойып оған жете білу қажет. Психолог дегеніміз – даму технологиясы мен сапаға, дағдылар мен іскерлікке ие және оны басқалармен бөлісетін адам

Сіз қандайда бір кикілжіңге тап болдыңыз делік, психология курс меңгергендіктен кикілжіңнен шығу жолдарын ұсынып көріңі Есімді қалған бір жайт....тақырыбына эссе. Психологиялық талдау жасаңыз

Әңгіменің әлқисасын бастамай тұрып, бала кезімде болған бір оқиғаны еске ала кеткенді жөн көріп отырмын. Төмендегі жайтқа мұның да қатысы болуы мүмкін. Өткен күндер ешқайда да жоғалмайды, ол тек өзінің уақыт кеңістігіндегі орнын тастап, біздің санамызға көшеді де, сол жерді мәңгілік мекенге айналдырады. Ал онымен қауышу үшін сағыныш атты сезімге жүгінсек жетіп жатыр. Бір қызығы, кейде бір кездерде жауабын іздеп таппай қойған жұмбақ жайлар да араға жылдар салып, есіңе қайта оралады. Қанша іздесең де, таба алмаған соң, санаңнан қуасың. Бірақ көше қоймайды, өше де салмайды.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 486 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав