Читайте также:
|
|
Арнайы мектеп оқушыларына ғылым салаларынан хабар беру және табиғат құбылыстары, еліміздегі бұрын болған және қазіргі қоғамдық саяси оқиғалар туралы бар мағлұматтарын толықтыру мақсатымен оқулықтарды ғылыми мақалалар берілген. Мұндай мақалалардың ерекшеліктері бар. Олар:
1. Тақырыптың не нәрсеге арналатыны анық және оның мазмұны, мақсаты болады. Мысалы, тақырыбы еңбек процесіне, коллективтің немесе жеке адамдардың әлеуметтік тұрмысына т.с.с. арналады. Ал мақаланың мақсаты– осы туралы дәл мағлұматтар беру.
2. Ғылыми мақалалар бір құбылыстың ерекше белгілерін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар оның басқа құбылыстармен, фактілермен байланысын көрсетеді, оны пайдалануға үйретеді. Сондықтан ғылыми мақалалардың мазмұнын айтқанда логикалық тәсілдер пайдаланылады.
3. Ғылыми мақалалардың тіл ерекшелігі де болады: арнаулы терминология, сөзді дәл қолдану, сөйлемдердің синтаксистік құрылысының қатаң тәртіпте болуы. Алайда мұндай ерекшеліктерге қарап ғылыми мақалаларда балалар үшін бейнелі тіркестер мүлде кездеспейді екен деген ұғым тумасқа тиіс. Мысалы, «Аққулы көлде» (С.Сейфуллин), «Гүлдер көбелектер» (Ө. Тұрманжанов) т.с.с. мақалаларда лирикалық элементтер мен бейнелі тіркестер молынан ұшырасады. Сонда да болса, ғылми мақалаларға тән ерекше белгілер бар.
Ғылыми мақалалар мен очерктер тақырыптық жағынан ұқсас. Очерк– бір нәрсеге қысқаша мәнерлі сипаттама беретін әдеби шығарма. Ғылыми мақалалардан ерекшелігі– очерк көркемдік сипатта жазылып, сюжетке құрылады. («Қаһарлы күндерде», «Мерген қыз», «Азаттық сақшысы» т.б.).
Мақаларда әдетте мүлде жаңа фактілер беріледі, сондықтан оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық жұмысы керек. Мұнда білде біз балаларды мақалалардан жаңа ұғым алуға дайындаймыз, яғни оқуға деген қызығушылық сезімі туып, мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады. Екіншіде балаларды мақаланы қабылдауға аған дайындап қоймаймыз, дайындық кезінің өзінде білім береміз. Мысалы, дайындық жұмысынан кейін текст оқылады. Егер текст қысқы болса, тұтас оқылады, мазмұнын айтуға дайындалады. Оқушылар тексті оқығаннан кейін берілген сұрауларға жауап қайтарып, тапсырмаларды орындайды. Мұнда қандай сұрауларға жауап беретіндері дайындық кезінде ескертіледі.
Мақала оқылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердің мағынасы, кейбір фактілер анықталып, бөлімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің арасындағы байланыстарды табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жаекі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердің мағынасы, кейбір фактілер анықталып, бөлімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің арасындағы байланыстарды табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.
Ғылыми мақалаларды оқытуда терминдер мен қорытындыларға ерекше көңіл аударылады. Терминдер, түсінуге ауыр сөздер қайта оқытылады. Дайындық жұмысы кезінде оларға берілген анықтамалар қайталанады, қорытындылар талқыланады, егер қысқа болса, тақтаға жазылады.
Оқу сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар. Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан мол: айнала қоршаған дүниені экскурсияға шыққанда бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке және коллекция түріндегі гербарийлер, модельдер, макеттер, кинофильмдер, диафильмдер, түрлі картиналар, портреттер, оқулықтағы суреттер.
1. Оқу сабақтарының барлығында да қолданылатын көрнекіліктің басты түрі көркем суреттер деуге болады. Бұл дайындық кезде де, оқу барсында да, шығараманы талдау кезінде де, жоспар жасау кезінде де, қорытынды әңгіме жасағанда да көмекші құрал есебінде қызмет атқарады. Алайда мұнда есте болатын жағдай-көрнекі құралды тым көп қолданып, текстің ролін төмендетіп алудан сақ болған жөн. Оқушыларда оқу барысында туатын эмоция мен бейнелер балалардың өмір тәжірибесіне қарай, жас өскен сайын күшейе береді.
2. Мәнерлеп оқу, сөзбен суреттеу, сондай-ақ басқа да творчестволық жұмыстар балаларды оқығандарын көрнекіліксіз-ақ саналы түсінуге баулиды.
Сөйтіп, оқу сабақтарында балаларды жан-жақты тәрбиелеу, оларға білім беру т.с.с. міндеттерді іске асыру үшін көрнекі құралдың орасан зор маңызы бар.
9 дәріс. Арнайы мектептерде грамматика және емлені оқытудың
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 348 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |